Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағаты |
Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел! |
|
Күні |
|
|
Класс жетекші: |
9 сынып |
|
Класс: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 8-САБАҚ 9- сыныптар: «Күмәнді жағдайларда азғыруды қалай жеңуге және дұрыс таңдау жасауға болады» |
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу |
|
Қауіпсіздік мақсаты |
оқушыларды қауіпті ұсыныстардан бас тартуға және өз шегараларын қорғауға үйрету. |
|
Қауіпсіздік міндеті |
1. Неліктен «Жоқ» деп айта білу маңызды екенін түсіндіріңіз. 2. Қауіпті ұсыныстардан бас тарту жолдарын көрсетіңіз. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу. |
|
Апта дәйек сөзі |
Отаным – алтын бесігім! |
|
Сабақтың барысы |
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
І. Ұйымдастыру бөлімі |
-Сәлеметсіздер ме,оқушылар? -Бүгін сабақта кім жоқ? |
|
слайд |
ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық |
Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер атамекен, Биік тау, орман, тоғай, көлімізді,- деген өлең жолдарын айта отырып, біздің бүгінгі «Қазақстан – менің Отаным» атты класс сағатымызды бастаймыз. |
Әнұран орындалады. |
|
III. Жаңа материалды түсіндіру |
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің, Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің. Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, Тәуелсіз Қазақстан – елім менің. Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне, Таңдарсың он жүректің сазын әлі. Шіркін- ай, жер жетпейді бір өзіңе, Қойнауың тұнған байлық, қазыналы. Сен неткен Отан – Анам, ғажап едің, Әспеттеп көркем тілмен жазар едім. Болашақ ұрпағының бақыты үшін, Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни Республикамыздың территориясына 7 мемлекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9 орында. Ал ТМД елдері бойынша 2 орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес: олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыстан және Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қала бар. Ел ордасы – Астана қаласы. Қазақстан туған елім, Алтын бесік- Ақ Ордам. Даңқың сенің арта берсін, Елім менің жаңарған.
Келесі кезекті оқушыларға берейік.
Қазақстан Республикасының мерекелеріне байланысты сұрақтарға жауап береміз:
|
Әдеби монтаж. 1 – оқушы: Бойымда жігер тұрғанда сенім, Жалындап өтем жолыңда сенің! Өзіңсің мәңгі бақытым, барым, Аяулы Отан, ардақты елім! Болашақ саған қол созған бүгін, Ерікіті еліміз еңсесі биік. Көк туың көркем, жібектей ғажап! Қазақстан Республикам менің. 2- оқушы: Көп ұлтты елім гүлденіп өскен , Тыныштық тілеп бірлігін сақтар! Түсініп терен өмірдің мәнін, Жалынды жастар, сендерсің сәнім! Шырқалсын шаттық әнұран әнім! Отаным – ордам, Отаным – Анам! Қазақстан Республикам менің! 3 – оқушы: Көтерді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан секрпіп бостандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін!
Оқушылар жауаптары :
3. 4. 1990 ж. 25 қазан 5. 21- желтоқсан 6. 4- маусым 7. 6- мамыр 8. 1995 ж. 30-тамыз 9. 1991 ж. 29 – тамыз 10. 1992 ж. 2- наурыз 11. 2003-2005 ж.ж. 12. 10- маусым 13. 2- қазан 14. 15. Оқушылар өлеңдерін оқиды. |
|
Қауіпсіздік 10 мин |
Балаларға алдауды жеңуге көмектесу. Қоғам мен ата-аналар балалар мен жасөспірімдерге өмірдің шынайы құндылықтарын табуға көмектесуі керек: әлеуметтік, отбасылық, діни. Құндылықтар туралы ашық айту керек. Балалардың өмірде дұрыс шешім қабылдауда адалдық, жауапкершілік, тәуелсіздік сияқты құндылықтардың неліктен маңызды екенін түсінуі маңызды. Егер бала өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға үйренсе, онда болашақта ол әрдайым қиын күнделікті жағдайларда жол таба алады. Ата-аналар сынға қарағанда жиі мақтаған кезде, балалар шешім қабылдағанда өздерін сенімді сезіне бастайды. Есірткіге қарсы оқытуды мектепке дейінгі жастан бастау керек, өйткені баланың балалық шағында қалыптасқан әдеттері болашақта шешім қабылдауға әсер етеді. Үш-төрт жасар бала әлі де кешенді оқуға, есірткі туралы күрделі фактілерді түсінуге дайын емес, бірақ оны шешім қабылдау, бірлескен ойын барысында мәселелерді шешу дағдыларына үйретуге болады. Бұл дағдылар оған есірткіден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде қажет болады. Ешқашан балаларды басқалардың көзінше жазаламаңыз, олардың жақсы мінезқұлқын нығайту үшін оларды жиі мақтаңыз. Баланы күшті тұлға етіп тәрбиелеу керек, сонда ол жеңіліс емес, өз жеңістерінің тәжірибесін жинақтайды. Тәрбиеде осындай қалыпты ұстану керек, сонда кішкентай кезінен бастап бала ата-анасының қамқорлығы мен қолдауын сезінетін және сонымен бірге оған үміт артып отырғанын, сенетінін біліп, тәуелсіз іс-әрекеттерге бара алатын болады. Мысалдарды талдау: - Жасөспірімдер алдауға ұшырағанда болатын бірнеше нақты немесе ойдан шығарылған жағдайларды ұсыну (мысалы, есірткі қолдану туралы ұсыныс, емтиханда көшіру, қорқытуға қатысу және т.б.). - Топтық немесе жұптық жұмыс: оқушылар әр мысалды талдайды және әр таңдаудың ықтимал салдарын талқылайды Талқылауға арналған сұрақтар: • Сіз нені бастан өткердіңіз? • Ең үлкен қиындықтарға не себеп болды? • Сіз неден қорқасыз? • Сіздің қазір істегеніңізді нақты өмірде қолдануға бола ма болса, қалай? • Сіз мұны қалай жасайсыз? • Ықтимал салдары қандай? • Егер олар теріс болса, сіз оларды қалай жеңесіз? |
«Құқықтар мен талаптар» ойыны Қатысушыларға тапсырма: «Сіздің таңдау және әрекет ету еркіндігіңіз бен 199 құқықтарыңыз шектелген, бұзылған жағдайды (өзекті, бірақ бұрын болған жағдайды келтіруге де болады) еске түсіріңіз. Бұл жағдайды, алдымен шын мәнінде, қалай болғанын топтың басқа мүшесімен бірге сомдаңыз. Сіз қандай сезімді бастан өткердіңіз? Сіз нені өзгерткіңіз келеді? Енді өз құқықтарыңызды қорғай отырып, тура сол жағдайды жаңаша сомдаңыз. Табанды болыңыз, арандатушылыққа бой алдырмаңыз (серіктес манипуляция мен үстемдікті қолданады, мысалы, кінә сезімін оятуға тырысады, мақтау айтады, бұйрық береді, қорқытады, жалбарынады). Қандай жағдай болмасын, өзіңізге керектіні сенімді түрде талап етіңіз. Серіктесіңізге өз қажеттіліктеріңіз туралы ашық айтып, сезімдеріңізді сипаттаңыз».
«Бас тарту» ойыны Қатысушыларға тапсырма: «айналаңыздағы біреумен қарым-қатынас жағдайын еске түсіріңіз, оны әдетте қабылдамау қиын. Бұл жағдайды топтың басқа мүшесімен ойнаңыз, алдымен ол шындықта болады. Сіз не бастан өткердіңіз? Сіз нені өзгерткіңіз келеді? Енді сол жағдайды серіктесіңізден бас тарту немесе онымен келіспейтіндігіңізді білдіру арқылы басқаша жолмен ойнаңыз». https://youtu.be/BCAA6q-DBnc?si=HAiV_l2MG2aIVUEP |
|
ІV. Қорытынды |
Туған жерді сүю – парыз, Сүю үшін білу – парыз, Қасиетін білу – парыз, Күзетінде тұру – парыз,- дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымыздан алған өз ойларын айту.
Елімізде әрқашан береке- бірлік болсын деген ниетпен «Қазақстан – кең байтақ Отаным!» атты тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер! Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар! |
Оқушылар өз ойларын айтады.
«Атамекен» әні айтылады.
Сау болыңыз! |
Іс – шара өз мақсатына жетті. |