Тарихы терең оқу ордасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарихы терең оқу ордасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фарабидың есімі мәңгі өшпес ғылым жолында екені белгілі. Олай болса алдағы жылды қорытындылай отырып, қоғамның бар кезеңінде аты өшпес ұлы ғалым есімін алып жүрген ҚазҰУ-нің аты мәңгі өшпесін. Алдағы жылдарда биік белестерді бағындырып, Қазақстанның жетістігіне үлес қоса беруін тілейміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тарихы терең оқу ордасы

Биік белестерді бағындырушы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті сонау 1934 жылдан бері тарих қойнауынан орын алып келеді. Қазіргі кезде сан емес, сапа құндылығы жоғарғы бағаланатын заманда университеттің жеткен жетістері орасан зор. КазҰУ қай сала болмасын биік белес, тағылымды тарихтың болғанын дәлелдейді. ҚазҰУ-нің осыған дейінгі алған мәртебесі, атқарылған жұмысы, ғылыми жетістіктері жетерлік.

Тарихының, оқытушылар мен ғалымдардың кәсіби деңгейінің жоғарылығының арқасында университет жаһандық бәсекеге қабілеттілікке ие болып отыр. Посткеңестік мемлекеттер арасында әлемнің үздік 200 университетінің қатарына екі ғана университет кіреді, соның бірі осы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық униерситеті (175-орын). Университет «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингі бойынша үздік «Бес жұлдыз» алған Орталық Азия аймағындағы бірінші және жалғыз жоғары оқу орны болып табылады.

Джон Голсворси: "Психология — адамдарда білдіре алмайтын нәрсені сөзбен жеткізу", — деп жазды.

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасында әдетте оқу және ғылыми қызметпен айналысатын жоғары білікті оқытушылар жұмыс істейді. Кафедрада Қазақстан бойынша мықты оқытушы профессорлар, PhD докторлары мен кандидаттары, оқытушылар психология саласындағы ғылыми зерттеулермен белсенді айналысады. Сонымен қатар әр оқытушының өз зерттеу бағыттары да бар десек те болады, мысалы: когнитивті психология, тұлға психологиясы, даму психологиясы және әлеуметтік психология, коучинг психологиясы, өнер психологиясы т.б. әртүрлі салаларға маманданған.

Оқытушы профессорлар құрамы жыл сайын ғылыми журналдарда мақалалар жариялайды, конференцияларға қатысады және ғылыми кеңес береді. Әрі заман талабына сай көптеген оқытушылар білімдерін көтеріп практикалық психологиямен де айналысады, бұл оларға теориялық білімді практикада қолдануға мүмкіндік береді.

Осыған орай,мен дипломдық жұмысыма “Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің эмоциялық күйіп жануы” деген тақырыпқа алдым. Бұл тақырыпты таңдаудағы себебім,өрт сөндірушілердің қоғамдағы өзектілігі және елімізде осы жайлы зерттеулердің аз болуы. Болашақта осы тақырыпқа теориялардың толықтырылуы және осы мамандардық құндылықтарын толықтыруды қалар едім.

Біздің өмірімізде пайда болған әрбір адам мұғалім деп санаймын. Оқу процесінде мұғалімнің рөлі маңызды рөл атқарады. Университет табалдырыған алғаш аттағанда бізді білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға мың алғыс!

Әл-Фарабидың есімі мәңгі өшпес ғылым жолында екені белгілі. Олай болса алдағы жылды қорытындылай отырып, қоғамның бар кезеңінде аты өшпес ұлы ғалым есімін алып жүрген ҚазҰУ-нің аты мәңгі өшпесін. Алдағы жылдарда биік белестерді бағындырып, Қазақстанның жетістігіне үлес қоса беруін тілейміз.



«Психология» мамандығының 4 курс студенті- Рахатқызы Ш.

Оқытушы- Болтаева А.М

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2024
70
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі