Тарихы терең , табиғаты көркем-Ақтөбем!
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі оқиғалар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңісі, қызыл-жасылды түзілген ағаштар жемісі бәрі адам баласының таңдайын қағып, таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, сондықтан да адам баласының табиғатты жырлауға шеберлігі, табиғатпен сырласатын көрегендігі осының айғағы. Қанша десек те, табиғаттың күйін, әсем формасын, қазынаға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ, айтсақ та тіл жеткісіз.
Табиғаттың тамаша жазы қандай,
Айналама көк кілем жазылғандай.
Сымбатыңнан айналдым,туған өлкем,
Сылдырлаған бұлағы, суы балдай, - деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін, өзіңнің кіндік қаның тамған жерге тең келер ешбір мекен жоқ. Өзім туып-өскен аймақтың табиғатының әлі де біз зерттеп бітпеген қыры мен сыры көп-ақ. Үлкен аймаққа орналасқан Ақтөбе өңірінің табиғаты далаға тән көркемдігімен ерекшеленеді. Солтүстігі орманды-нулы, өзен-көлді болып келсе, оңтүстігі шөлді, құмдақ жерде орналасқан. Кіндік қаным тамған жер Шалқарымның шет-шегі көрінбейтін кең дала дерсің. Осындай жерде туылып, Шалқар көлінің сұлулығын көріп өскен мен үшін туған өлкемнің қай қиыры да ыстық.
Ірі көлдер мен өзендер орналасқан осы аймақта 29 түрлі аң, 30 түрі Қызыл кітапқа енген 170 құс түрлері бар. Шалқар өңірінде киік пен жабайы шошқа, Байғанин, Ойыл жерлерінде қарақұйрық сияқты аңдар кездеседі. Осындай аң-құстарымызды қорғайтын қорықтарымызда жетерлік. Мәселен, Ырғыз- Торғай қорығы, Орқаш қорығы, Мәртөк табиғи қорығы, Эбита қорығы және т.б.
Облысымыздың ең көрікті әрі экологиялық таза аймақтарының бірі -Қарғалы ауданы. Бұл өңір тек пайдалы қазбаларға ғана емес, флора мен фаунаға да аса бай. Мұнда жыл сайын 500 мың адам демалатын Қасқыр сарқырамасы бар. Сарқырама Ақтөбеден 120 шақырым жерде орналасқан.
Қарғалы ауданында жер бетіне шығып жатқан табиғи минералды су – бұлақ ағып жатыр. Бұл бұлақ суы сараптамадан өткізіліп оның минералды құрамы адам үшін мінсіз екенін, улы элементтері мен патогендік бактериялары жоқ екенін анықтап, физиологиялық тұрғыдан толыққанды екенін анықтаған болатын. Яғни, бұл бұлақ суы қайнатылмаған және сүзгіден өтпеген табиғи күйінде бұлақ өте құнды деген сөз. Бұл жерден өткен әр жан бұлақтың суынан дәм татып, шыныға құйып алып кететіні де содан. Бұлақ суын емдік мақсатта да пайдаланады.Бұл ауданда сонымен бірге балық пен жабайы өсімдіктер-қарақат, қара бүлдірген, таңқурай көп. Қызыл кітапқа енген қандыағаш бар. Қандыағаш таза су болған жерде ғана өседі екен.
Табиғи ескерткіштер - қырыққұлақтар және илеулер, қараольшаник алқабы, қырыққұлақ өсетін Мәртөк ауданының орман бауы мен тоғайлары табиғи ескерткіштер болып табылады. Бұнда зіл сүйектері мен тістері де табылған. 1996 жылы бұл орындарға "Тірі табиғат ескерткіштері" деген статус берілді. Мәртөк өлкесі құстардың түрлілігімен ерекшеленеді, 200 құс түрінен 160-қа жуық түрі ұя салады, маусымдық көші-қон кезінде қызылжемсаулы қарашақаз, кіші аққу, жыланшы бүркіт, бүркіт, лашынды кездестіруге болады. Жыл сайын туристер саны осы құстар мен өзендер әлеміне ұмтылуда. Сонымен қатар, ауданда 2010 жылдан бастап, бұғы қожалығы ашылып, оны қорғау жұмысы жүргізіліп келеді.
Кіршіксіз аппақ тауларымен көз тартатын табиғаттың ерекше сыйы- Ақтолағай үстірті де осы өлкеде орналасқан. Ақтолағай үстірті- Ақтөбе облысының ең танымал табиғи орындарының бірі. Бұл жерлерде міндетті түрде 1-2 күнге қалып, аппақ қардай таулар мен үңгірлерді кезіп, аңызға айналған «Шахмат тастарын» тамашалап, тастардан көне жануарлардың қалдықтарын іздеуге болады. Осындай бай да байтақ Ақтөбе өңірі- күн санап көркейіп, өте күшті қарқынмен дамып келеді.
Қысқа қайырсақ, Ақтөбе мақтан тұтуға тұрарлық өңір, осындағы жаны сергек, жүзі жылы, күш-жігері мол жұртшылықтың атамекені.
Елдің өрлеп, шарықтағаны қаншалықты маңызды болса, табиғатымыздың әсемдігін сақтап қалу да соншалықты маңызды.
Ақтөбе қаласы,
«Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК
Қосымша білім беру педагогі
Мұсағалиева Перизат Жеткергенқызы

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тарихы терең, табиғаты көркем- Ақтөбе

шағым қалдыра аласыз