Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тарихым асыл қазынам» атты 8 сыныптар арасындағы БРЕЙН РИНГ САЙЫСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыстың мақсаты: Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу. Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет». Ш.Уәлиханов. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, биология, спорт. Өтетін орны: Мультимедия кабинеті. Сайыстың жүру барысы:
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлы даланың рухани мұрасын жаңғыртатын қазақ тарихы»

атты 05-15желтоқсан аралығында Қазақстан тарихы 10 күндігі аясында өткізілген«Тарихым асыл қазынам» атты 8сыныптар арасындағы

БРЕЙН РИНГ САЙЫСЫ


Сайыстың мақсаты: Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет». Ш.Уәлиханов.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, биология, спорт.

Өтетін орны: Мультимедия кабинеті.

Сайыстың жүру барысы:

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 8 «ә» және 8«д» сыныптары арасында өткізілетін«Брейн ринг» сайысына қош келдіңіздер!

Жарысқа қатысушы командалармен және әділқазылар алқасымен таныстыру.

Сайысқа катысушы топтармен таныстыру (команда капитандарын да

таныстыру):

  1. 8 «ә» сыныбы – «Болашақ» тобы

  2. 8 «д» сыныбы – «Атамекен» тобы

Сайыс жоспары:

  1. «Кім жылдам ойыны», яғни капитандар сайысы

  2. «Терминдер сөйлейді»

  3. «Жалпы сұрақтар»

  4. «Егер де мен болсам ....»


Сайысымыздың Бірінші туры «Кім жылдам» ойынын бастаймыз. Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Бұл турда сұрақтарға команда капитандары ғана жауап береді. Бірінші болып «.......................» командасының капитаны бастайды. Әр сұраққа 5 секунд ішінде жауап беру керек.

Команда капитандары келіпнұсқаларжасырылған жеребе қағазын алып, кезек бойынша жауап береді.

I тур «Кім жылдам»

Iнұсқа.

  1. Түркілердің жаңа жылы (наурыз)

  2. Тәукеханныңзандаржинағы (Жетіжарғы)

3.ҚожаАхметЙассауикүмбезінде"жерленгенбатыр(Бөгенбай)

  1. ҚРКонституциясы бойыншамемлекеттік биліктіңкайнаркөзі (халық)

  2. Қазақхандығыныңалғашқыханы(Керей)

  3. Қазақстан тәуелсіздік алған жыл (1991 ж.)

  4. Қазақстан Республикасының алғашқы астанасы (Алматы)

  5. Балатуғанда қазақтар қандайтой істейді (шілдехана)

  6. Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан)

  7. Қазақстан Республикасының қазіргі астанасы (Астана )

  1. Конституция неше баптан тұрады? (98)


II нұсқа.

  1. Қазақтыңтұңғыш академигі (Сәтбаев)

  2. Қамшыгердеген кім?(қамшыныңқожасы)

  3. Қазақстан уран, фосфорит шығарудан әлемде нешінші орында(2)

  4. Отырар қаласы ескі атауы қалай аталды (Фараб)

  5. Түрік қағанатының бірінші қағаны (Бумын)

  6. Қаздауысты... (Қазыбекби)

  7. Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл)

  8. Қойдыңбасын кімгетартады (сыйлы қонаққа)

9.Қыпшақ хандығы қай ғасырларда өмір сүрді (XI-XIIIғ)

  1. Шыңғысханның жорығы қай ғасырда басталды (XIIIғ)

II тур «Терминдер»

Ұпай саны азкомандадан бастаймыз, берілген терминнің анықтамасын айтып беру керек. Ақылдасуға 20 секунд уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

1.Би — дау - жанжалға бітім айтып, терелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы.

  1. Елтебер — Батыс Түрік қағанатындағы жоғарғы лауазымның бірі.

3.Жасақ «Яса» — моңғолдардың Заңы

4 Зороастризм— ежелгі халықтардың діні .

5.Інжу – монғолдың «хан әулетінің жері» деген мағынадағы сөзі.

6.Атабек—тақ мұрагерінің тәрбиешісі .

7. Вақф — дінбасылардың жері

8.Шад — Батыс Түрік қағанатындағы қаған әулеті мүшесі.

9.Дуал — балшықтан қаланып биік етіп салынған қоршау.

  1. Шежіре—қазақ рулары ататектерінің жиынтығы.

  2. Сюбашы — оғыз әскерінің бас қолбасшысыәбзелі.

  3. Медресе — Ислам дінің оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.


III. Жалпы сұрақтар. Бұл турда әртүрлі ғылым салаларын сұрақтар қойылып, командалар кезектесіп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі. Ойлануға 20 секунд. Егер сұрақ қойылған команда жауап бере алмаса, онда қарсылас командаға жауап айтуға рұқсат беріледі. Ойынды ұпай саны жоғары команда бастайды.


  1. Питекантроптың қаңқасын ең алғаш рет қай жылы және қай жерден тапты? (1891 жылы Ява аралынан)

  2. Крест жорығы қай жылдары және қай елдердің арасында болды (1096-1270жылдар аралығында,Еуропа феодалдарының Таяу Шығысқа, Балқан түбегіне, Кіші Азияға жасаған әскери жаулаушылық жорықтары).

  3. Қарахан, Қарақытай, Соғды, Қыпшақтар жайында тарихи құнды мәліметтер жазып қалдырған тұлғаларды атап беріңіз ? (В.В. Бартольд, В.А. Пархоменко, , Әл Марвази, Ибн Батута).

  4. Гоминидтер дегеніміз не? ( Алғашқы адамтектес ірі маймылдар)

  5. Қазіргі таңда өтіп жатқан тарих апталығының тақырыбы қалай аталады? (Егеменді елдігіміз, тәуелсіздік теңдігіміз)

  6. Қасқырдың баласы? — ( Бөлтірік).

  7. Ауыл шаруашылығына орасан зор зиянын тигізетін жәндік (Саранча).

  8. Ең қарапайым программалау тілі (Бейсик).

  9. Қазақстанда мемлекеттік қанша Қорық бар? (10).

  10. Спорттың бокс түрінен Қазақстанды әлемге танытып жүрген боксшы кім? (Г.Г. Головкин)

  11. «Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылым - әдебиетін , өнеркәсібін , мәдениетін , қоғамдық құрылысын , салт – санасының , мұрасының қай дәрежеде екендігін көрсететін сөзсіз дәлел мөлшері деп айтқан қазақ халқының атақты тұлғаларының бірі. (Бауыржан Момышұлы)

  12. Гений болу үшін - 1 % шабыт және 99 % еңбек ету керек деп айтқан өнертапқыш? (Томас Эдисон)

  13. Үндістанның қандай таулы үстірті университеттегі факультетті басқарады? (Декан)

  14. Қазақстандағы қыз баланың есімімен аталатын мұнай кен орны (Қаламқас).

  15. Францияның қай қаласы терезеде ілініп тұрады? (ТЮЛЬ).

  16. Дешті Қыпшақтар жайында : «Дала бұл жасыл гүлденген аймақ, онда ағаш та, тау да, төбе де,белесте жоқ.Бұл далада арбамен ғана жүреді, ал ол алты айлық жолға созылады» деген деректі кім жазды (Ибн Батута)

  17. Семей қаласының тұрғындары өздерін «семейліктер», Манчестер қаласының тұрғындары өздерін «манукуниандықтар» деп атаса, ал Монаколықтар өздерін қалай атайды? (Монегаски).

  18. Жер шарындағы ең ірі сүтқоректі – піл болса, ірілігі жағынан екінші орында қай жануар тұр? (Мүйізтұмсық).

  19. Қазақстанда қанша обылыс орталығы бар(14)

  20. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер (Әнұран, Елтанба, Ту)

Жүргізуші: Сонымен ойынымыз аяқталды. Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.01.2019
626
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12