400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарихымыздың ХХ ғасырдағы қозғалыстар жайындағы қазақ зиялыларының көзқарастары

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге, оқушылар, мұғалімдер арналады. Оқуларыңыз сұралады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарихымыздың ХХ ғасырдағы қозғалыстар жайындағы қазақ зиялыларының көзқарастары

Ермекова Дана 11 сынып оқушысы

Жетекші тарих пәнінің мұғалімі Юсупова Меруерт Избакировна

ХХ ғасыр қазақ тарихына ұлы өзгерістер әкелді. Олардың ішінде ұлтты ұлықтағандары да, ұлттың қасіретіне айналдырғандары да бар. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы үмітінен күдігі басым өзгерістер мен қайшылықтарға толы болатын. Ұлтты ұйыстыратын мемлекеттіліктің орнын отарлау миссиясын көздеген әкімшілік басқару органдары басты, қазақ халқының иелігінен алынып, мемлекеттік меншік деп жарияланған жер әкімшілік-аумақтық бөліске түсті, дәстүрлі шаруашылық-мәдени типі капиталистік қатынастарға азды-көпті бейімделгенмен, империялық өктемдікке құрылған бәсекеге төтеп бере алмайтыны белгілі болды. Бұл барша әлемнің қайта бөліске кірісіп кеткен дәуірі еді. Əлділер әлсізді бөрідей талаған, қазақтың халық ретінде сақталып қалатын-қалмайтыны беймәлім ғасырлар тоғысында әлеуметтік ілгерілеу атаулыны қоғамдық-экономикалық формациямен, пролетариаттың тап күресімен, социалистік революциямен байланыстырушы ілім—тарихқа материалистік көзқарас шығыстық өмір заңдылықтары мен ақиқатынан алшақ жатқанын әшкерелеген құбылыс қазақ даласында дүниеге келді. Торлаған тұманнан жол таппай тұрған халқын өрге сүйреген күш Алаш қозғалысы еді. Саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, кәсіби даярлығы заманының сұранысына сай, адамгершілік-имандық қасиеттері ұлы даланың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен суғарылған Ə. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М.Тынышбайұлы, Ж. Ақпайұлы, Б. Қаратайұлы сынды дүлдүлдер бастапқыда осынау қозғалыстың тұлғалық-интеллектуалдық әлеуетін сомдаса, іле-шала Х. Досмұхамедұлы, М. Жұмабайұлы, С. Сейфуллин, Т. Рысқұл, С. Садуақасұлы, М. Əуезұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Шоқай тағы басқалар әрлендірді. Əңгіме олардың бәрі 3936 ұлтшыл, ұлтжанды, ұлты үшін білімі мен білігін, күш-қуатын жұмсағанында емес, тіпті туған халқы үшін құрбандыққа барғанында. Ұлт мүддесін ту етіп көтерген Алаш зиялылары қазақ қоғамын отарлық езгіден алып шығатын, дамып кеткен елдер қатарына қосатын жолдарды іздегенде пікір алуандығын жоққа шығармады. Ғасыр басындағы Алаш зиялыларын ұлы істерге жұмылдырған, қоғамдық-саяси, шығармашылық ізденістеріне негіз қалаған ұлттық идеяның бастау бұлағы, біріншіден, туған халқының жан төзгісіз ауыр халі, екіншіден, қайшылыққа белшесінен батқан Ресейде либерализмнің күшеюі, үшіншіден, әлемде ұлтазаттық қозғалысының жандануы болса, мәні мен міндеттері 1905-1907 жылдардағы орысжапон соғысы тұсында жүйеленді. Ішкі Ресейдегі партиялар мен ағымдар шарпысы, самодержавиенің іргесін шайқап, беделін түсірген ереуілдер мен көтерілістер ұлт зиялылары мен оқығандарына да, қалың бұқара да ой салды, іс-әрекетке шақырды, есею мектебіне айналды. Отарлық езгіге қарсы күрестің жаңа түрлері дүниеге келді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік империализмнің отарлау және орыстандыру саясаты терендете түсті. Осындай жағдайда қазақ елінің болашағы үшін қоғамдық күреске жаңа саясиәлеуметтік күш-үлттық интеллигенция араласа бастайды. Барлық көрінісі жағынан қазақ қоғамы үшін өтпелі кезең болған сол уақытта тарих сахнасына көтеріліп, бас-аяғы жиырма жылға созылған қысқа мерзім ішінде өшпес із қалдырған бұл ұлт зиялылары кімдер еді, олар еліміздің тарихында қандай орын алмақ. Бұл тақырыпты зерттеу қажеттілігі бүгінгі қоғамдық өмір сұранысынан соған сай таным құралы ретінде тарих ғылымының табиғи болмысынан туындайды. Біз Ресей империясына, оның қүрамдас бөлігі Қазақстанға 1917 жылы большевиктер ұсынған даму жолының сәтсіз аяқталғандығының куәсі болып отырмыз. Бүгінде біз осының дұрыс-бұрыстығын анықтауға міндеттіміз. Ірі ғалым лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог қазақ зиялыларының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) аса көрнекті қоғам қайраткері еді. А.Байтұрсынов «Қырық мысал», «Маса» секілді өлендер жинағын шығарған, халқының арман тілегін, өкініш-күйінішін әдемі сөз нақылына түсіре білген, өзіндік өмір бағыты бар қазақ зиялысы еді. Оның «Қазақ», «Айқап» басылымдарында жарық көрген «Қазақ жерін алу туралы», «Низам», «Қазақ һәм 4-ші дума», «Жауап хат» (Жанша Сейдалин мырзаға), «Шаруа жайынан», «Досмайыл қажыға ашық хат», «Губернатор өзгертілуі», «Земство», «Бас қосу турасында», «Бұл заманның соғысы» атты мақалалары ғасыр басындағы қазақ ақыл-ойының биік шыңы болды. Ахмет Байтүрсыновпен қанаттас, халықтың қамын жеп баспасөз бетінде жан айқай білдірген Əлихан Бөкейханов (1866-1937) еді. Ə.Бөкейханов туралы жазылған ғылыми еңбектерде, оның қоғамдық ой-пікірі нақтылы талданады [1]. Əсіресе, «Думадағы партиялар», «Үшінші Дума һәм қазақтар», «Петербург хаты» атты мақалаларында және кейін 1916 жылғы үлт-азаттық қозғалыс туралы жазбаларында Əлихан Бөкейханов қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресінің мақсаты дербес мемлекет қүру деп білді. Оның осы бағыттағы ойпікірлері «Қазақ» газеті бетінде «Петербург хаты» деген айдармен «Қыр баласы» деп қол қойылып үнемі жарияланып түрды. Ə.Бөкейханов өзінің «Алаш үлына» атты мақаласында тәуелсіздік үшін жүргізген халық қозғалыстарына ерекше мән береді [2]. Азаттық ойдың даму тарихында Міржақып Дулатовтың (1885-1935) алатын орны ерекше. Дулатовтың таланты езілген қазақ халқының тарихи аренаға шыққан революциялық азаттық күрестеріне дәлме-дәл келді. М.Дулатов «Біздің мақсатымыз» атты мақаласында елінің жағдайына, Ресей отарлаушы әкімшіліктерінің озбырлықтарын жаны жылап отырып жазады. «Ең алдымен қазақ халқы-Россияға тәуелді халық. Оның ешқандай правосы жоқтығы ызамен кек туғызады. Халық күйзелісін жан тәнімен сезінген сандаған адам есепсіз қаражат шашып Петербургке жол тартып, министрлердің табанын тоздырды. Бірақ оған қүлақ асқан министр болмады. Ал қазіргі жағдайымызға көз жіберсек, сол мәртебелі министрліктер тағайындаған түрлі чиновниктер, стражниктер, урядниктер солардың пиғылдарын жүзеге асыру үшін қазақ жерінің төріне аттанып жатыр» [3, 211]. М.Дулатовтың алғашқы ірі шығармасы 1909 жылы Уфа қаласынан шыққан «Оян, қазақ» атты кітабы еді. Осы кітапқа кірген өлең-жырлары теңдік, бостандық, еркіндік үшін күреске үндеді. 1914 жылы оның «Азамат» атты кітабы Қазаннан басылып шықты. 1915 жылы Орынбордан «Терме» атты жинағы да жарық көрді. 3937 Осы еңбектерінде М.Дулатов халқының бостандық үшін күресін әрқашан ту ретінде көтеріп, бітіспес күреске үндейді. «Қазақ халқы. Қазақ халқының жай-күйі. Кім жеріне жете тексереді, қан жылап жүрген қайғылы халін жүрекпен сезіп кім ескереді. Ақ патшаның отарлау әмірі бүл халықты қара табан етіп жерге қаратып, көрге қаратып жүтатып бітсе, сарайдағыларды алтынға малып, аруағын көтере түсті. Осылардың бәрін көріп, біліп, сезініп өскен мен өзімнің азғантай білімімді осынау қорланған халқыма бағыштап қол үшымды беруді перзенттік парызым деп санадым» [4, 106-107-б]. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бірі, көрнекті қаламгер Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) азаттық ой-пікірдің дамуында өзіндік із қалдырған түлға. Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер оның қоғам дамуындағы азаттық шығармаларын жоғары бағалады [5, 44]. Ж.Аймауытов белгілі тарихшы Покровскийдің «Төңкеріс тарихы», «Орыс тарихы» еңбектерін аударып қана қоймай, Абылайхан, Кенесары және қазан төңкерісіне дейінгі ұлт-азаттық қозғалыстар туралы мол деректер жинаған. Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті дамуының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев (1893-1938) ерекше үні бар азамат еді. М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер, оның қазан төңкерісіне дейінгі жазылған «Қойлыбайдың қобызы», «Оқ жетпестің қиясында», «Түркістан», «Орал», «Есімде тек таң атсын» шығармаларында азаттық ой-пікірлер бідіреді деп көрсетеді [6,264].Бұл шығармаларда Ресей отаршылдығы, қазақ хандарының ерен еңбегі, азаттық қозғалыстары, қазақ халқының бостандық идеясы ашып көрсетіледі. Жаңа XX ғасырдың басында халқымыздың тарихын жазуда, әсіресе азаттық күрес тарихын үлттық таным негізінде баяндауда Мүхамеджан Тынышпаевтың (1879-1937) қосқан еңбектері мол. Əсіресе, кеңес дәуірінде қазақстан тарихы туралы жазылған алғашқы еңбектің авторы Чулошниковтің кітабына тарихи ой-пікір білдіреді. Онда қазақ тарихын отаршылдық көзқараста жазылды дей отырып, тарихты жазғанда белгілі тарихи түлғаларға көп мән беруі керек дейді. « Қазаққырғыз халқы тарихына материалдар» атты зерттеуінде М.Тынышпаев қазақ руларының, жүздерінің тарихына мән береді. Беріш руы генеологиясында Исатай батырға ерекше тоқталады [7,62]. Қазақ қоғамының дамуында ұлттық сана-сезімнің толысып жетілуінде XX ғасыр басы ерекше есте қалады. Азаттықты ту етіп көтерген алаштың белгілі ұлдары өз күрес теорияларында халқымыздың өткен күрес жолдарының тарихи тәжірибелерін байытып жаңа кезеңге пайдалана білді. Жалпы, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы қазақ қоғамында азаттық ой-пікірлердің дамуында ерекше кезең болғаны анық. Қoлданылған әдебиеттер тізімі 1. Домбай Н. Арыстар // Егеменді Қазақстан. 1992. 1 қыркүйек; Қазақ әдебиеті. 1996. 25 маусым; Ана тілі. 1992. 23 сәуір. 2. Қойгелдиев М., Ə.Бөкейханов. Шығармалар. - А., 1994, 210 б. 3. Дулатов М. Шығармалары. - А., 1991, 211 бет. 4. Досжанов Д. Абақты // Жалын , 1991, № 4.- С. 16-64 б. 5. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. - А., 1990, 330 б. 6. Келдібаев З.А., Исаханова F.T. Азап пен мазақ // Егеменді Қазақстан. 1996. 26 қаңтар.-264-376 б. 7. Тынышпаев М. Истори

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі