Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Тәртіп пен парыз

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәртіп пен парыз

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: жауапгершілік,тәртіптілік,сыйластық

Сабақ мақсаты: Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдары туралы дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға тәртіп пен парыз сөздерінің мәнін ашу;

  • Оқушылардың жауапкершілік қасиетін дамыту;

  • Оқушыларды адалдыққа, құрметтеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптерлер, үнтаспа,т.б.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады? Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіа көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді іздейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға , тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!


5 «Т» ережесін айтып өту.

Тәртіп,

Талап,

Тыныштық,

Тазалық,

Татулық.

3. Дәйексөз

«Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде,

Үлгісімен қуантады түбінде».

Жұсіп Баласағұни

Алдымен екі рет оқып шығып, сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынамын. Ұлдар 2-рет, қыздар 2- рет қайталайды.

1. Тәртіпті бала қандай бала, қалай ойлайсыздар?

2 Тәртіпті бала кімдерді қалай қуанта алады?

Плакат

4. Әңгімелеу

«Шымшық оқиғасы» әңгімесі тыңдалады. (видеоролик).

Сұрақтар:

  1. Балалар неліктен бұл «Шымшық оқиғасы» деп аталады?

  2. Әкесі не үшін 3 рет сұрағын қайталады?

  3. Қалай ойлайсыздар ұлы әкесіне дұрыс жауап берді ме?

  4. Баласы өз қателігін қалай түсінді?

  5. Өздерің ата-аналарыңды қалай сыйлап, құрметтейсіңдер?

Видеоролик

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1. Оқушыларға тәртіпті оқушы дегенге ауызша әңгіме құрастыру .

Сыныпты 2 топқа топтастырып, тапсырма беремін.

1-топ: Оқушыларға тәртіпті оқушы дегенге ауызша әңгіме құрастыру .

2-топ: «Әдепсіз оқушы» деген қысқа әңгіме оқып беріп, сахналау.


6. Топпен ән айту

«Балдырған» әні.

Сөзі: Рауза Архабаеванікі

Әні Айжігіт Асановтікі.


Біз кішкентай балдырған,

Қылығымен таң қылған.

Біздңғ орта көңілді,

Отты үрлеп жандырған.


Қайырмасы:

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балдырғанға құлақ ас.

Секір, жүгір, тоқтама,

Ой болмасын жасырмас.


Балдай тәтті балдырған,

Құмарымды қандырған.

Өнер тамған саусақтан,

Жоқ нәрсені бар қылған.


Қайырмасы:

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балдырғанға құлақ ас.

Секір, жүгір, тоқтама,

Ой болмасын жасырмас.


Біз бақытты балдырған,

Ыршып аяқ талдырған.

Сөздің сырын түсінбей,

Не бір сұрақ жаудырған.


Қайырмасы:

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балдырғанға құлақ ас.

Секір, жүгір, тоқтама,

Ой болмасын жасырмас.

Үнтаспа

8. Соңғы тыныштық сәті.

Әрбір адамға, қоршаған ортамызда тәртіп пен парыз болса, бізге де басқа өзге адамдар қамқорлық жасайды. Олай болса, өзімізге де, өзгелерге тәртіп көрсете білейік. Сабаққа қатысқандырыңызға рахмет!

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Үнтаспа












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2019
458
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12