«Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы».

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы».

Материал туралы қысқаша түсінік
топ сағатты көріп қойыңыздар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топ сағаты.

Тобы: Тгн.11-241

Уақыты: 26.09.2024ж.

Топ жетекшісі: Абдикаримова Н.

Топ сағатының

тақырыбы:

«Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы».

Топ сағатының мақсаты:

Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Топ сағатының міндеті:

Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.

Бағалау критерийлері:

Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, колледж бен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.

Топ сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер,
баяндамалар, плакаттар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)





Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі













Соңы (бекіту)

Топқа бөліну: «Әке», «Ана», «Бала», сөздері арқылы топқа бөлу

Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?
Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

ІІ. Миға шабуыл (сұрақ - жауап)

Студенттерге:

1. Отбасы құрамына кімдер кіреді?

2. Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсініктеме беур?

3. Ұл мен қыздар жасына қарай қалай аталады?

4. Отбасының негізгі міндетін атқаратын кімдер?

5. «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесіңдер?

6. Отбасының ұйытқысы кім?

7. Отбасының басшысы кім?

ІІ. Ассоцация құру: ( Әке, Ана, Бала )

Оқушыларға сұрақ: 3 топқа кеспе қағаз беріледі.

1. Отбасы бақыты деген ол?

2. Білім алуға сендерге жауапты кім деп ойлайсыңдар?

3. Бақыт дегеніміз не?

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.

ҮІ. Бейне ролик көрсетіледі.

Оз ойларын айтады.

V. Постармен жұмыс:

 Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру.

Сүйіспеншілік сипаты. Отбасының бақыты үшін не керек? деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк алмаға жазып, ал отбасы жағдайын бұзатын ойларыңызды сары алмаға жазып ілулі тұрған алма ағашына апарып жапсырыңыз.

Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі.



Топ жетекші: Абдикаримова Н.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі