Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ.»7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал физика пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған қысқа мерзімді жоспар.Физика пәні мұғалімдеріне жас мамандарға арналған. Барлық оқушылар: Масса,салмақ және ауырлық күшінің физикалық мағынасын біледі, айырмашылығын ажыратады. Көптеген оқушылар: Масса, салмақ және ауырлық күштерінің белгіленуін, өлшем бірліктерін біледі, формуласын қолданып есептер шығара алады. Кейбір оқушылар: Ауырлық күшін басқа планеталардағы ауырлық күшімен салыстыра біледі. Салмаққа мысал келтіру арқылы түсіндіріп, өмірмен байланыстыра алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.2 Денелердің өзара әрекеттесуі Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.2.10 Масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату.



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Масса,салмақ және ауырлық күшінің физикалық мағынасын біледі, айырмашылығын ажыратады.

Көптеген оқушылар: Масса, салмақ және ауырлық күштерінің белгіленуін, өлшем бірліктерін біледі, формуласын қолданып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар: Ауырлық күшін басқа планеталардағы ауырлық күшімен салыстыра біледі. Салмаққа мысал келтіру арқылы түсіндіріп, өмірмен байланыстыра алады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану


Бағалау критерийі

Масса, салмақ және ауырлық күші ұғымындарын біледі.

Есептер шығару барысында формуланы түрлендіріп дұрыс пайдалана біледі. Өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіре алады.

Масса, салмақ және ауырлық күштеріне мысалдар келтіре отырып, ауырлық күшін басқа планеталардағы ауырлық күшімен салыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Оқыту барысында тілдің айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым дағдыларын қалыптастыру.

Тілдік терминология.

Масса, салмақ және ауырлық күші туралы өз ойларын айта алады, жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.
Масса-.....

Салмақ-.....
Ауырлық күші-.....

Құндылықтарға баулу

Бірлесе жұмыс жасау арқылы білімге қол жеткізу, бір-бірін сыйлау, құрметтеу. Шағын топтарда диалогқа түсіп, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру. Физикалық құбылыстарды зерттеу, есептер шығару барысында инновацияға негізделген экономикалық өсу.

Пәнаралық байланыс

Математика, жаратылыстану, қазақ тілі.

Алдыңғы білім

Масса , салмақ, таразыға тартып өлшеу

Қосымша білім

Білу керек:Масса, салмақ және ауырлық күші туралы түсінік қалыптасады, масса, салмақ және ауырлық күштеріне байланысты есептердің шартын түсініп оқиды, формуланы дұрыс пайдаланады. Өмірде қолданыста болатынын түсінеді

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут










5 минут







Ұйымдастыру: Сәлеметсіздер ме, оқушылар? көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. (сынып оқушыларын түгелдеймін).

Психологиялық сәт

«Амандасу» тренингін ұйымдастырамын.

«Күн» бейнеленсе, жақсы ықыласпен тілек айтамыз.

«Жүрек» бейнеленсе, бір-бірімізбен құшақтасамыз.

«Қол» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз.


«Күлкі» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз.

«Мозаика» әдісі арқылы «Масса» және «Салмақ» деп топтарға біріктіру. (Осыдан екі топқа бөлінеді, алтын ережемен таныстырып өтемін).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1 тапсырма
1. Қандай күшті тең әрекетті күш деп атаймыз?
2. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші неге тең?
3.Күшті өлшейтін құрал қалай аталады?
4.Мысал келтір.
Дескриптор
1.Тең әрекетті күштерді біледі.
2. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күшін ажырата біледі.
3.Күшті өлшейтін құралды біледі.
4.Мысал келтіре алады.



Смайлик

















Интербел

сенді тақта, қима қағаздар.

Сабақтың ортасы

10 минут

Білу, түсіну

Оқылым, айтылым, тыңдалым
































































Жазылым


10 мин








































7 мин





















Сабақты қорытынды

лау.

2 минут


ІІІ. Жаңа сабақ: Ой қозғау.
Сонымен, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. Енді сабағымызды бастамас бұрын, ортаға екі топтан бір-бір оқушыдан шақырып біреуінің қолына метал шар, екіншісінің қолына алма береміз:

Қолдарыңдағы заттарды жерге тастайық, не байқаймыз?

Сендердің ойларыңша не себепті бұл заттар басқа жаққа кетіп қалмай, жер бетіне түседі? (Оқушылар өз ойларын айтады)

Мұғалімнің түсіндірмесі:Балалық шағымыздан әрқайсымызға денелердің Жерге тартылуы жақсы таныс, мысалы тебілген доп та, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі.

Демек, денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады.
Күнді айнала қозғалатын планаталар тартылыс өрісі әрекетінен Күнге тартылыды және өздері де бір біріне тартылады.
Барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан «Жеті қат көкке ұшсақ та», «Жеті қабат жер астына енсекте» құтыла алмаймыз.
Демек, денеге әрекет ететін ауырлық күшінің модулі дене массасына тура пропорционал: F
а=mg

Басқа планеталардағы ауырлық күші. Денелер тек Жерге ғана емес, басқа да аспан денелеріне –Күнге, Айға, планеталарға тартылады. Әр түрлі планеталарда массалары бірдей денелерге әрекет ететін ауырлық күші түрліше болады.

Планетаның массасы неғұрлым аз болса, оның денелерді өзіне тартатын күші соғұрлым аз болады. Мысалы, 1кг денені Жер—9,8Н, Ай—1,6Н, Марс—3,73Н күшпен тартады, яғни ауырлық күші Жердегіге қарағанда Айда 6 есе, Марста 2,6 есе аз. Әр түрлі аспан денелері үшін тұрақты ның мәні түрліше болады.

P=mg

2 тапсырма. Топтық жұмыс
Есептер банкасы:

1.Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10кН. Ол дененің массасын қандай? Жауабы: m=1000кг
2. Жүктің массасы 10кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?
Жердегі g= 9,8 Н. Жауабы: 98Н
3. Сендер бір планетада болып, ондағы бір дененің массасын және оған әрекет ететін ауырлық күшін есептедіңдер делік.

Нәтижелері: m=150г, F=0,57Н. Сендер қандай планетада тұрсыңдар?
Жауабы: g=3,8 Н/кг (Марс)
4. Массасы 40кг баланың Айдағы салмағын анықтаңдар.
Айдағы gАй=1,6 Н/кг.
Жауабы: Р=64Н

Дескриптор

-Есептің шартын түсінеді, берілгенін түзе біледі

- ХБЖ-не келтіре алады.

-Формуланы біледі.

-Планеталардағы тұрақты шаманы мәнін біледі.

- Формуланы қолданып, есептеулер жүргізеді.


3 тапсырма
Элективті тест: Жеке жұмыс

1.Қандай күш ауырлық күші деп аталады?

А. Жерге тартылу күшін. Б. Тірекке әрекет ететін.

С. Аспаға әрекет ететін.

2.Ауырлық күшінің өрнегі?

А.P=mg Б. m=F/g С. g=F/m Fа=mg

3.Масса қандай әріппен белгіленеді?

А. m Б. F С. g Д. P

Массаны қандай құралмен өлшейді?
А. динамометр. Б. метр С. таразы Д. сағат

4.Дененің салмағы дегеніміз не?

А.Тірекке немесе аспаға әрекет ететін күш

Б.Жерге тартылу күші.

С. Жерге әрекет ететін.

Д. Аспанға әрекет ететін

5.Массаның өлшем бірлігін көрсетіңіз?
А. м. Б. с С. кг Д. Н

6. Күн жүйесінің қай планетасында денеге әрекет ететін ауырлық күшінің шамасы көбірек?

А.Шолпан Б. Меркурий С. Юпитер Д. Уран

7.Неліктен денелердің Айға тартылуы Жердегіге қарағанда аз?
А. Массасы Жердікінен көп. Б. Массасы Жердікінен аз.

С.Массасы Жердікімен шамалас. Д. Массасы Жердікімен тең.



Дескриптор

Ауырлық күшінің бағытын біледі.

Ауырлық күшінің өрнегін біледі.

Массаны қандай әріппен белгілейтінін біледі.

Массаны қандай құралмен өлшейтінін біледі.

Дененің салмағын біледі.

Массаның өлшем бірлігін біледі.

Күн жүйесінің қай планетасында денеге әрекет ететін ауырлық күшінің шамасы көп екенін біледі.

Денелердің Айға тартылуы Жердегіге қарағанда аз екенін біледі

4 тапсырма
Венн диаграммасын толтыру.

Масса мен салмақтың айырмашылығы мен ұқсастығын жазады







Дескриптор

-Массаны біледі

-Салмақты біледі

-Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап көрсете алады.



Металл шар, доп,

Слайд.

Қимыл қозғалыс

















Интербелсен

ді тақта, слайд.
























































Интербелсенді тақта, слайд,оқулық, бор, тақта, формулалар,

Жұмыс дәптерлері.












































Венн диаграммасы

Сабақтың соңы

2 минут














Үйге тапсырма.

1минут

Кері байланыс:

«Қажетті сөздің астын сызыңыз» әдісі

1. Сабақ үстінде мен жұмыс жасадым

белсенді/ енжар

2. Сыныптағы өз жұмысыма

ризамын / риза емеспін

3. Маған сабақтың уақыты … көрінді

қысқа / ұзақ

4. Мен сабақта

шаршадым / шаршамадым

5. Менің көңіл күйім … болды

жақсы / нашар

6. Сабақта қолданылған тапсырмалар … болды

түсінікті / түсініксіз

маңызды / маңызды емес

қызықты / қызықсыз

7. Менің ойымша, үй тапсырмасы

оңай / қиын

қызықты / қызықсыз


Тақырыпты оқып келу.








Сызба кесте толтыру.










Күнделік

Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?




Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2017
3174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11