Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тату доспыз бәріміз (өлең) (Фариза Оңғарсынова)

Материал туралы қысқаша түсінік
Достық, татулық туралы тереңірек біледі. Сурет бойынша достық туралы әңгімелейді. Сурет бойынша достық, татулық туралы сұрақтарға жауап бере алады. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тату доспыз бәріміз (өлең)

(Фариза Оңғарсынова)

Мектеп: «

Күні: 17.11

Педагогтың аты-жөні:

Мектепалды сыныбы:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың оқытылу мақсаты:

0.1.1.1. Шағын мәтін, тақпақ және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу

0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.)

0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру

Күтілетін нәтиже















Тілдік мақсат

Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:

Достық, татулық туралы тереңірек біледі.

Сурет бойынша достық туралы әңгімелейді.

Сурет бойынша достық, татулық туралы сұрақтарға жауап бере алады.

Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.

Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:

Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізеді.

Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды.

Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:

Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.

Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қандай? неге? не үшін? қалай? деген

сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.

Әдеби жанрларды ажыратады.

Көптілділік: достық – дружба – friendship

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: әркез, біргеміз.

Пікір алмасу сұрақтары:

Дос болу, тату болу адам бойындағы қандай қасиет?

Дос дегенді қалай түсінесіңдер?

Сенің досың бар ма?

Досыңмен татусың ба?

Досыңмен қандай ойындар ойнайсыңдар?

Достық, татулық туралы өз ойларын айтады.

Өткен сабақтардан алған білім

Анасының бала өміріндегі орны туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I.Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату

0-2 минут








II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам

3-5 минут

(Ұ) Балалар, достық туралы өлеңімізді есімізге түсірейік.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр сәніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Әнімен айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Сен қандай әдемісің? Өйткені...

Сен менің досымсың! Өйткені...

(Ұ) Педагог мақалмен таныстырады.

«Достық, татулық бәрінен де қымбат»

Мәтіннің достық, татулық туралы болатынын болжамдайды.

«Дос» деп қиналғанда қол ұшын беретін, алыста жүрсе сағынатын,

қолындағысымен бөлісетін, үнемі бірге жүріп, қуаныштарын

бөлісіп, қиналғанда бір-бірінің жанынан табылатын адамдарды

айтамыз.

Көптілділік: достық – дружба – friendship


Сабақтың ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6-27 минут


(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс:

Суретте не болып жатыр?

Суретке тақырып ойлап тап.

Суретте ұлдар мен қыздар не істеп жүр?

Олар бір-бірімен қалай ойнап жатыр?

Балалардың қолдарында қандай ойыншықтар бар?

Олардың көңіл күйлері қандай?

Сендер достарыңмен қалай ойнайсыңдар?

(Ұ) Педагог Фариза Оңғарсынованың «Тату доспыз бәріміз» өлеңін ұсынады.

Педагог өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді.

Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар.

Өлең қалай аталады?

Өлеңде не туралы айтылған? Сендерге ұнады ма?

Сендер достарыңның қандай болғанын қалайсыңдар?

Сендер «тату достар» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Татулық – достар арасындағы ең керемет қасиет.

Тату балалар бір-бірін тыңдайды.

Ойыншықтарымен, кітаптарымен т.б. бөліседі.

Ренжіспейді, тату-тәтті ойнайды.

Өлеңді бірге жаттайық.

Сергіту сәті:

Достар тату-тәттіміз,

Болса қолда тәттіміз

Біз бөлісіп жатамыз,

Бәріміз дәм татамыз.

Педагог өлеңді екінші қайтара оқиды.

Балалармен қайталап, өлеңді бірге жаттайды.

3-4 балаға өлеңді жатқа айтуды ұсынады.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:

Досыңа не сыйлайсың? Суретін салу.

Балалар педагогпен бірге «Достық ережесін» құрастырады.

Жолдастарыңа көмектес.

Егер қолыңнан бір нәрсе келсе, оларға да үйрет.

Жолдастарыңмен ойын кезінде өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс. Егер жолдасың жаман қылық жасаса, тоқтатып, дұрыс еместігін түсіндір.

Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол.

Тату ойна, мақтанып кетпе.

Жолдасыңның жетістігіне қуан.

(Т) Ойын: «Менің досым»

«Сенің досың қандай?» Мен бір балаға гүл беремін, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын, ол гүлді алып, толық сөйлеммен өз досының қандай екенін айтып, келесі балаға гүлді ұсынады.

Мысалы: Менің досым батыр, өйткені...

Менің досым әдемі, өйткені...

Менің досым адал, өйткені..

Әліппе дәптермен жұмыс

IV. Сабақтың қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды.

Біз бүгін не туралы әңгімеледік? Сабақ сендерге ұнады ма?

(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.

Тәрбиеленушілер ҰОҚ-дегі өзінің жұмысына баға береді.

Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
3080
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12