жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Татулық -бірлік бастауы!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
№17 сабақ
Мектеп :
Мерзiмі:
Тақырып: Татулық – бірлік бастауы
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.
Сынып 9" Оқушылар саны:
|
Сабақ мақсаты: Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту. Міндеті: Білімділік Адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру; Дамытушылық Адами қарым-қатынастағы мәнін ашу; Тәрбиелік Адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; |
Ресурстар:үнтаспа, суреттер,нақыл сөздер |
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу. 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық 2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын" Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. 3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин. Мұғалім оқушылардың татулықты сақтауда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының маңызды екенін, өмірде бірлік, ұйымшылдық, төзімділік ұғымдарының қажеттілігін түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Құстар торға қалай түсті?» деген үнді аңызын оқуды ұсынады. Өзара түсіністіктің адам өмірінде зор маңызы барын түсіндіреді. Құстар торға қалай түсті? (Үнді аңызы)
|
Сабақ барысын талқылау: |
|
4.Дәйексөз Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» - деген халық мақалын оқушылардың өз ой-пікірлерін ортаға салу үшін мұғалім талдауға ұсынады. |
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.
Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз? Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде боласыз? Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңіз? Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді? Кез келген мәселені сабырмен шеше аласыз ба? «Татулық – достық кілті» дегенді қалай түсінесіз? |
|
|
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин. 7.Дәптермен жұмыс Дәптердегі 1,2,3-тапсырманы орындау. |
|
|
8.Топпен ән айту. 3 мин Бақытты болыңдар, адамдар! Сөзін жазған Ә.Ысқақ Әнін азған А.Махамбетова Туыстық Тым ыстық Барша жанға керегі Адамдық, Адалдық, Өсіреді өрені.
Қайырмасы
Көңіл гүл, Өмір бұл Ғажап екен, жарандар! Шабытты, Бақытты, Болсаңдаршы Адамдар! Күнім деп, Күлімдеп Құрметтесе бір - бірін Жайнайды, Сайрайды, Көңілдегі бұлбұлың
Иманың Сыйлауың Жеткізеді білікке Нәрі де, Сәні де, Сыйлас болу тірлікте! |
|
|
9.Үй тапсырмасы. 2 мин. Мәтінді оқу, дәптермен жұмыс
|
|
|
10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз? Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде боласыз? Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңіз? Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді? Кез келген мәселені сабырмен шеше аласыз ба? «Татулық – достық кілті» дегенді қалай түсінесіз? Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген