400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

«Татулық – достық кілті» (тәрбие сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат











Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Татулық – достық кілті» 





















Орындаған: Нуралина С.С



2018-2019 оқу жылы



Тақырыбы: Татулық – достық кілті

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, сандық

Тәрбие сағатының түрі: дамытпалы саяхат сабақ.
Мұғалім сөзі: — Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймын. Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз төрт топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік. Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір - бірімізбен достықта татулықта болғанға не жетсін.


Енді жинақталып отырып «Тату балалар» атты саусақтар туралы ертігіні тыңдайық.
Әңгімелеу «Тату балалар» ертегісін әңгімелеп беру.

Ерте заманда шағын бір үйде ағайынды бес саусақ өмір сүріпті.Үлкенін - Басбармақ, екінші ағасын - Балаң үйрек, сұқ саусақ, үшіншісін - Ортан терек,
төртінші інілерін - Шылдыр шүмек, ең кенже қарындастарын - Кішкене бөбек деп атапты.Олар бірігіп жұмыс жасады, бақша екті, тамақ әзірледі.
Ортаншы ағалары Ортан терек үйде отырып, үй шаруасына, кішкентайларына қарады.Шылдыр шүмек өте сабырлы, ақылды болыпты.Ол кіші қарындасына ертегі оқып беруді жақсы көрген екен. Ал, кішкентай бөбек болса үлкен ағаларына ұқсап ержеткісі келеді екен. Осылайша, бес ағайынды балалар тату - тәтті, өзара жарастықта, сыйластықта өмір сүріп жатты.
Бір күндері орманнан үлкен бір аю шығып, ағайындылардың тыныштығын бұзып, бақшаның бәрін таптап, үйлерін құлатып бұзуға айналғанда, бес ағайынды бірігіп бір жұдырыққа тастүйін болып жұмылып аюға қарсы тұрады.Сөйтіп олар қиын шақта бірігулерінің арқасында үлкен күшке
айналды.Аю болса мұндай көп күштен қорыққанынан орманға қарай, кері қаша жөнеліпті. Ал, ағайынды балалар болса, татулығы мен бірлігінің арқасында жауды жеңіп шыққан екен. Өйткені олар қысылтаяң шақта бәрі бірігіп күш қосып, мықтылық, бірлік, достықтарын көрсете білді.
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Ертегі қалай аталады?
- Неліктен тату балалар деп аталады?
- Ағайынды балаларды аюдан не құтқарды деп ойлайсыңдар?
/Олардың достығы, татулығы, бірлігі/

Міне, бұл айтылған сөздердің астарынан «Татулық - табылмас бақыт» деген бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі шығады.
Дәйексөз Татулық бар жерде бірлік те, қуаныш та болады. «Татулық - табылмас бақыт» деген нақыл сөзді осы негізге сүйеніп айтса керек.


Ғажайып сөздер
Қане, енді балалар бүгінгі сабақта айтып, үйренген өнегелі ғажайып сөздерімізді қайталап айтып көрейік.
- Дүниедегі ең қымбат – татулық.
- Біз тату доспыз.
Қорытындылау
- Балалар, біз бүгін татулық бар жерде достық туындайтынын ұғындық.
Татулық бар жерде достықтың, бірліктің, сыйластықтың болатынын білдік.
Жүректен жүрекке
«Жүрек жылуы» тренинг
Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы, мына сиқырлы түрлі - түсті баулар арқылы мен сендерге жүрегімнің жылуын беріп тұрмын.Қане, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.
- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?
- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?

Тәрбиеші: - Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.
Айдос: - Менің жүрегім қамқоршы
Диас: - Менің жүрегім жылы.
Алия: - Менің жүрегім қуанышты.
Жандаулет: - Менің жүрегім адал.
Айқожа: - Менің жүрегім нәзік.
Дияр: - Менің жүрегім сыпайы.
Аяулым: - Менің жүрегім батыл.
Алиби: - Менің жүрегім ыстық.
Асемай: - Менің жүрегім жұмсақ.
Алихан: - Менің жүрегім жақсылыққа толы
Әдемі: - Менің жүрегім бақытты.
Мадияр: - Менің жүрегім қайырымды.
Имран: - Менің жүрегім сезімтал.
Тәрбиеші: - Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізден
шыққан жылуды айналамызға таратайық.
/ алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу /
Жылы жүрек - жақсы тілек
/ қолдарындағы жанған шырақты бір - бірлеріне жалғай отырып тілектер айту /
Досжан: - Бәріміз дос болайық!
Жандаулет: - Достарымыз көп болсын!
Нұрлан: - Достарымызға қайырымды болайық!
Айдос: - Достық көңілдер мөлдір бұлақтай таза болсын !
Нұрбол: - Аспанымыз ашық болсын!
Айқожа: - Достармен тату болайық!
Диас: - Деніміз сау болсын!
Аружан: - Достығымыз берік болсын!
Нұрсая: - Достар мейірімді бола білейік!
Әсем: - Бейбітшілік болсын!
Аида: - Әрқашан күн сөнбесін!
Мирас: - Күніміз жарық болсын!
Нұрсая: - Отбасымыз аман болсын!
Достық - бұл үлкен ұғым.Сендердің тату достықты қалаған кішкентай жүректеріңдегі қуаныш, үміт шоғы өмір бойы сөнбесін, осы шырақтай сәуле шашып жана берсін. Мейірімді жанарларыңнан тараған шапағат нұры
шырақтан тараған жылудай жер дүниені жылытсын деп тілеймін.
Қорытындылау
— Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір — біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілеп жүрейік.Осы ізгі тілек, игі ниеттерің орындалсын деген үмітте, тамаша бір әнмен бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
27 қазан
7434
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі