жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Татулық-бірлік бастауы
Сабақ жоспары № ___
Тақырып: Татулық – бірлік бастауы
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: қанағатшылдық, адамгершілік, жақсы көре білу, түсінісе білу, кішіпейілділік, әдептілік.
Сынып: 9 «Ә,Б»
Мұғалім: Абубакирова Мадина
Күні: 11-14.01.2019 ж
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: • - татулық, бірліктің адами
қарым - қатынастағы мәнін ашу; |
Ресурстар: оқулық, дәптер, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні |
|
Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. |
Сабақ барысын талдау |
|
3. Үй тапсырмасын тексеру. «Адалдық-адамдықтың белгісі» тақырыбына шағын эссе жазу. |
|
|
4. Дәйексөз. «Алтау ала болса Ауыздағы кетеді Төртеу түгел болса Төбедегі келеді»- деген халық мақалын қалай түсінесіздер |
|
|
5.Әңгімелеу . «Достық» Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды: «Сен есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады», – дейді. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен-өзі тазаланып, осылай болады», – дейді. |
|
|
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Татулық-достық кілті» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар. |
|
|
7.Топпен ән айту. Дүние-ай «Жігіттер» тобы |
|
|
8.Үй тапсырмасы. 1.Оқулықта берілген А. Хамзаұлының «Бала жетектеген әйел» атты мәтінін үйден оқып келу. 2. Қазақстанда тұратын әр ұлттар туралы материал жинақтап келу |
|
|
9.Сабақ соңындағы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» |
|
Тақырып: Татулық – бірлік бастауы
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: қанағатшылдық, адамгершілік, жақсы көре білу, түсінісе білу, кішіпейілділік, әдептілік.
Сынып: 9 «Ә,Б»
Күні:
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: • - татулық, бірліктің адами
қарым - қатынастағы мәнін ашу; |
Ресурстар: оқулық, дәптер, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні |
|
Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин) 2. Тыныштық сәті. Жарық. (3-5 мин)
Нұрға бөлену |
Сабақ барысын талдау |
|
3. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин) Үйге оқып келуге берілген А.Хамзаұлының «Бала жетектеген әйел» атты мәтіні бойынша сұрақтар:
|
|
|
4. Дәйексөз. (5 мин)
Бірлік еткен озар, Халық мақалы |
|
|
5.Әңгімелеу . (9 мин) Отбасы татулығы (Аңыз әңгіме) Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен,олар бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенін растығын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң қалып. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «тыныштық», жүз рет «татулық» деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып: Осы-ақ па? Ия, - деді ақсақал.-Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды. Сұрақтар: 1. Отбасы татулық пен бірлікке қалай қол жеткізді? 2. Қария айтқан «сүйіспеншілік», «тыныштық», «татулық», «шыдамдылықтың» отбасында қандай маңызы бар? 3. Сіздің ойыңызша отбасында тыныштық болу үшін не істеу керек? -Пікірлеріңізбен бөліскендеріңізге рахмет.
Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы.Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады. |
|
|
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин) 1-топ: Өлең шығару.(берілген сөздерді жалғастырып өлең құрастыру) Бейбітшілік- Татулық- Достық- Бірлік- 2-топ: Тізбені жалғастыр. Отбасы татулығы- Ұжым татулығы- Ауылдың татулығы- Отанның татулығы- 3-топ: Тақырыпқа байланысты сурет салу немесе эмблема жасау. |
|
|
7.Топпен ән айту. (3 мин) Дүние-ай «Жігіттер» тобы |
|
|
8.Үй тапсырмасы. (1 мин) Оқулықта берілген Ж.Бейсенбаевтың әңгімесін оқып келу |
|
|
9.Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (2 мин) Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген