Тақырыбы: «Татулық -
достықтың киелі бесігі».
Мерзімі: 30.04.2021ж.
Өткізілетін
орны: Акт
залы.
Ұйымдастырушы: Сембекулы
К.
1-мамыр Халықтар бірлігі
мерекесі.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан
Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі
екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін
баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың
рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге
тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар! Құрметті
Жасөспірімдер үйінің қызметкерлері мен
тәрбиеленушілері!
2-жүргізуші: 1мамыр – Халықтар бірлігі
мерекесіне арналған «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты
мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан
халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызынан бастап
дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың
феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде
болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблеяның құрылғанына
биыл 26 жыл толып отыр.
2-жүргізуші: Ассамблея өңірлік, облыстық,
қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея
мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда
шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа
салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениетімен әдебиетін дамытуға,
тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.
Бүгінгі мерекелік
іс-шарамыздың шымылдығын ашатын Жасөспірімдер үйінің тәрбиленушісі
Исмаилов Фархадты қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір Қазақстандық
үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық
борышпен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлтпен
ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық
тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш
етеді.
1-жүргізуші: Қоғамдық келісіммен саяси
тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау,
оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың
борышы.
1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы
күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір
жырын.
Татулығын жырға қосам
ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың
бірлігін.
2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек
бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек
гүл.
Қазақстан бар ұлысқа
шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп
тұр.
1-жүргізуші: «Қазақта бірлік болмай,
тірлік болмайды» - деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт
өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,
Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса
берейік.
Айару би тобының орындауында
«Испан биі» қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында
бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда
тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен
деймін.
1-жүргізуші: Бұл күні қырқаларға гүл
тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте
құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая
келген,
Армысың, бар халқымның
ынтымағы!
Бармысың, қазағымның
ынтымағы!
2-жүргізуші: Ұлыстарымыз тамыр болған
ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер
елден.
Достығымыз ғасырларға
жарасқан,
Туған елім, шарықтай бер
кемелден!
Ән:
____________________________________________________________
1-жүргізуші: Халқымыздың қанға сіңген осы
берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса
білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә!
_________________менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Бұл әлемде
адамзат баласына ең қажетті нәрсе не деп
ойлайсың?
2-жүргізуші: Дүниежүзінде бәріміз жақсы
көретін нәрсе тыныштық, бірлік деп
ойлаймын.
1-жүргізуші: Әрине, халқымыз ең әуелі
тыныштықты қалайды. Лайым осындай тыныштықта, бірлікте өмір сүріп,
бақытты болайық!
2-жүргізуші: 1-мамыр мерекесі
дүниежүзіндегі халықтардың достығымен бірлігін атау күні. Біздің
мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты
сақтаушы ел. Елімізде барша ұлттар тату-тәтті өмір сүруде. ”Бірлігі
жоқ - ел тозады, бірлігі күшті - ел озады” деген халық мақалы тура
біздің елге айтылғандай.
1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.
Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге –
қазақтарға керек» - деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз
сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан
халықтарының бірлігі.
Жасөспірімдеріміздің
орындауында өлең шумақтары. Қарсы
алыңыздар.
2-
жүргізуші: Қазақстан сияқты жас
мемлекеттің өркендеуінің бірден-бір кепілі еліміздегі
ынтымақтастықпен бейбіт өмір!
1-
жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік
жасасын!
2-
жүргізуші: Ынтымақтастық
жасасын!
1-
жүргізуші: Қазақстан
жасасын!
1-жүргізуші: 1мамыр – Халықтар бірлігі
мерекесімен құттықтау сөзін Жасөспірімдер үйінің директоры Бекбол
Сұраншыұлына береміз.
Ән:____________________________________________________________
2-жүргізуші: Баршаңызды 1мамыр - Халықтар
бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Барша халқымызға
береке-бірлік, бақытпен байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз
тыныш болсын!
2-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып,
мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттықпен бақытқа
кеңелсін! Олай болса, мереке құтты болсын- дей келе бүгінгі
мерекелік іс-шарамызды жабық деп
жариялаймыз.