ТӘУЕКЕЛ ТОП БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Сапиева Алия Жайлаубаевна
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр Насимуллина А.Б.
Кіріспе
Инклюзивті білім беру – дамуында сәл ерекшеліктері бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген оқушы дені сау балалар сыныбында, тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
"Тәуекел топтағы" балалар дәл осындай ерекше мұқтаждығы бар, дамуы жағынан сәл өзгеше топ болып табылады. Нақтырақ айтқанда, бойында психикалық дамуы баяулаған немесе керісінше тым белсенді, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатологиялық формалар кездесетін оқушыларды “тәуекел топқа” жатқызамыз. Бүгінгі таңда олардың психологиялық ерекшеліктеріне қарай бейімделген түзету әдістерін сабақ беру барысында қолдану қажеттілігі туындап отыр. Осы тұрғыда, "тәуекел топтағы" балалардың үш түрін және оларға арналған ағылшын тілін үйретудің әдістемесін қарастырамыз.
I. Зейін жетіспеушілігі синдромындағы балалар немесе гипербелсенді балалар.
Гипербелсенділіктің ерекше белгілерінің бірі – баланың шамадан тыс белсенділігі, шамадан тыс қозғалғыштығы, қобалжу, бір нәрсеге ұзақ уақыт назар аудара алмаушылық. Гипербелсенді балаларға ағылшын тілін үйретудің әдістеріне тоқталсақ:
-
Фонетиканы үйретуге арналған әдістер
-
“Дыбыстық серпіліс” әдісі.
Мұғалім қажетті дыбысы бар сөзді айтып, оқушыға допты лақтырады. Оқушы допты қағып алып, ұстаздың айтқанын қайталауы керек. Бірақ сөзді дұрыс және анық айтуы қажет. Бұл жағдайда фонетикалық жаттығулар физикалық белсенділікпен бірге жүреді, бұл гиперактивті балалардың шаршау деңгейін төмендетеді.
-
“Басқармалы қозғалыс” әдісі.
Сондай-ақ қарапайым белгілі бір дыбыс айтылғанда қол шапалақтау әдісін фонетикаға сәл бейімдеп, қолдануға болады. Мысалы, мұғалім бір дыбысты айтқанда оқушы қолын шапалақтап, енді бір дыбысты айтқанда бір орында қадамдар жасап, ал тағы басқа дыбысты айтқанда секіруі қажет. Бұл баланың белсенділігін арттырады және оның жүйке жүйесіне аз стресс әкеледі. Фонетиканы оқытуда маңызды эмоционалды аспект болады.
-
Лексиканы меңгеруге арналған әдістер.
Гиперактивті балалар өте импульсивті және эмоционалды, олар тез шаршайды. Мұғалім баланың шаршаған сәтін қадағалауы керек, содан кейін оны жаттығуларды орындауды жалғастыруға мәжбүрлемеу керек. Өнімділіктің төмендеуінің алғашқы белгілерінде музыкалық фонда ойындар ойнау керек. Мысалы, жаңа лексикалық бірліктерді үйрете отырып, оларды қайталау үшін ашық ойындарды өткізуге болады: жеуге жарамды-жарамсыз, допты басқаға беру, көзді жұмып затты табу және т.б. Сондай-ақ, гипербелсенді баланы «тынықтырудың» жақсы тәсілі – оны назардың орталығына айналдыру.
-
“Қолтырауын” әдісі.
Мұғалім оқушыға бір сөзді жасырын көрсетеді (үйренген жаңа материалдан), ол өз кезегінде бұл сөзді қалған оқушыларға көрсетуі керек, олар оны табады. Бұл әдіс арқылы: 1) Баланың орфоэпиялық нормаларды сақтауын бағалау; 2) Дене қозғалысының орынсыз белсенділігінің төмендеуі, баланың өзін басқару қабілетінің жетілуі; 3) Зейіннің жоғарылауы. Мұнда әртүрлі арт-педагогикалық әдістерді де қолдануға болады. Мысалы, үйренген сөздер немесе мәтін бойынша сурет салу.
-
Сөйлеуді дамытуға арналған әдістер.
Гиперактивті балалар үшін сөйлеуге үйрету кезінде сахналық ойындар, ситуациялық рөлдік ойындар, шығармашылық ойындар сияқты ойын түрлерін қолданған дұрыс, олардың гиперактивті балаға эмоционалды тартымды болуын қадағалау керек. Мысалы, жұппен немесе топпен жұмыс істегенде балаларға сахналық көрініс қою керек. Фопелдің айтуынша, біздің дауыстарымыз әңгімелесушіге сезімдеріміз туралы ақпаратты жеткізеді. Кейде біз басқалар туралы олардың сөйлеу мазмұнынан гөрі олардың дауысы арқылы көбірек біле аламыз. Дауыс көбінесе сөзбен жеткізіле бермейтін нәрселерді білдіреді. Сондықтан балалар әңгімелесушінің дауыс өзгерісі арқылы сезімнің барлық нюанстары мен реңктерін байқап, оның айтқанының бәрін естуді үйренсе, өте жақсы. Содан кейін олар басқаларға жақсырақ бейімделіп, эмпатияға ие болады.
-
“Қойылым эффекті” әдісі.
Балалар жұпта әр түрлі эмоциялық жағдайларды орындайды. Тапсырманы жеңілдету үшін балаларға тақырып пен лексикалық бірліктер беріледі, олардың диалогын құрастырады. Бұл тәсілдің артықшылығы диалогта жаңа лексика болады, осылайша ол ақпараттық тұрғыдан пайдалы болады.
II. Баяу балалар.
Баяу балалар – бұл мектеп мәселелері бойынша тек интеллектуалды ғана емес, жалпы барлық белсенділіктің баяу қарқынымен байланысты балалардың ерекше тобы. Бұл ауру немесе дамудың бұзылуы емес, бұл жүйке процестерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты адамның жеке ерекшелігі. Баяу балаларға арналған әдістер:
1. "Жылдам эмоциялар" методикасы. Бұл әдісті ағылшын тіліндегі эмоция мен сезімге қатысты сөздерді үйрету барысында қолдануға болады. Интерактивтік тақтада әртүрлі эмоцияны қоздыратын шағын қойылымдар немесе концерттік үзінді көрсетіледі. Бала видео аяқталғаннан кейін өз эмоциясын ағылшын тіліндегі бір сөз арқылы және қол шапалақтау арқылы көрсетеді. Мысалы, өзін бақытты сезінсе "happy" деп қолын жылдам соғады, ал егер көңілі түссе немесе зеріккен болса "sad", "boring" сөздерін қолданып, қолдарын баяу шапалақтайды.
2. "Қасқыр олжасы" әдісі. Бұл әдіс оқушының жануарларға байланысты сөздік қорын тексеруге және ақпаратты қабылдау жылдамдығын арттыруға арналған. Бала өзін қасқыр етіп елестетеді. Мұғалім балаға суреттер көрсетеді, бұл суреттерде қасқырдың олжасы немесе жемтігі болуға келмейтін жануарлар бейнеленеді. Егерде суретте қасқырдың олжасы болса, онда бала қолын жылдам қысады, керісінше болса жай қысады. Бала әр суретте көрсетілген жануарлардың ағылшынша аудармасын айтуы керек.
3. "Түрлі-түсті сандар" әдісі. Бұл әдіс балалардың сандарды меңгеру деңгейін анықтауға арналған. Балаға түрлі-түсті қарындаштар мен қағаз беріледі. Мұғалім "start" деген кезде бала сандарды (сандар саны шектеусіз) рет-ретімен қағазға жаза бастайды. Әр санды өзі қалаған қарындаштың түсімен жазады (бірақ әр сан әртүрлі түсте болуы керек). "Finish" сөзі айтылғанда бала жазуды аяқтайды. Жазған сандарын ауызша айтып беруі керек.
4. "Доптың көмекші сөздері" әдісі. Бұл әдіс балалардың ағылшын тілінің шақтары бойынша білімін тексереді. Мұғалім допты алып, оны оқушыға кез келген шақты айта отырып лақтырады. Допты алған оқушы айтылған шақтың көмекші сөздерін айтып шығады. Тапсырма орындалғаннан кейін бала допты келесі оқушыға лақтырады, осылайша оқушылар саны біткенше ойын жалғаса береді.
5. "Тиым салынған етістік" әдісі. Бұл әдіс балаларға етістіктерді үйретіп қана қоймай, сонымен қатар балалардың зейінін, көріністі жылдам қабылдау қабілетін арттырады. Мұғалім етістікті айта отырып, оны денесі арқылы көрсетеді. Оқушы сол қимыл мен сөзді қайталауы керек және керісінше, оқушы қимыл жасап айтқан сөзін мұғалім қайталауы керек. Бірақ мұғалім мен оқушы арасында алдын ала келісілген бір тыйым салынған етістік болады. Бұл етістік айтылған кезде оқушы немесе мұғалім ешқандай реакция көрсетпей, жай ғана тұра қалуы керек. Егер тыйым салынған етістікті қайталап қойса, оқушы/мұғалім жеңілген болып есептеледі де, ойын қайтадан басталады.
Ескере кетерлік жағдай, әдістерді жүзеге асыру барысында балаларды асықтыруға болмайды, оларға жақсы көңіл-күймен сөйлеу арқылы өздерін қалыпты сезінулерін қамтамасыз ету қажет.
III. Мазасыз балалар.
Мазасыздық – бұл жеке психологиялық ерекшелік, қобалжу мен тынышсыздыққа бейімділіктің жоғарылауы. Бұл өмірдің әртүрлі жағдайларындағы алаңдаушылықтан көрінеді, соның ішінде алаңдауға себеп жоқ кезде де. Мазасыз балаларға арналған ағылшын тілін үйретудің әдістері:
-
“Қорқынышты суреттеу” әдісі.
Бұл тәсілді ағылшын тілінен эмоцияларға қатысты сөздерді меңгеру барысында қолдануға болады. Бала қолына қағазды алып, өз қорқынышын (адам немесе жануар түрінде, баланың елестетуіне байланысты) қағаз бетіне түсіреді. Жаңа материалда өтілген эмоциялық сөздер негізінде бала суреттен не сезетінін процесс барысында айтады. Кейін оқушы суретті позитивті реңктер арқылы қорқынышты емес суретке айналдырады (жымию және түрлі күлкілі элементтер қосу, суретті бояу). Сурет салу кезінде позитивті эмоцияны білдіретін сөздерді қолдану арқылы суретті сипаттайды.
-
“Тыныштық аралы” әдісі.
Арт-терапия мазасыз балалармен жұмыс істеуде жақсы әсер етеді. Мұғалім балаларға тыныштықпен ассоциация жасайтын суреттер көрсетіп, музыкалар тыңдатады. Кейін балаларға ағылшын тілінде шағын ертегі құрау тапсырмасы беріледі. Тақтаға ертегіге арналған көмекші фразалар мен тірек сөздер жазылады. Бұл балаларды тыныштандырып қана қоймай, шығармашылық істерге ынталарын оятып, ағылшын тілінде ойлау және сөйлеу дағдысының қалыптасуына септігін тигізеді.
Қорытынды
Заман қарқынды дамыған сайын білім беру үдерісі де жаңашылдық пен тың идеяларды талап етері анық. Білім мен ғылымның ізденіс жолына түскен жас зерттеушілер тек теориялық тұрғыда ғана емес, танымдық және адамгершілік қағидаларға сүйене отыра білімді жинақтап, оны басқа ізденуші қауыммен бөлісу парыз деп ұғынған жөн. Техникалық белсенділік артқан сайын әлемде бар әр сала сол белсенділіктің жиегінен шықпаса дамушы мемлекеттер дамыған елдер қатарынан табылары сөзсіз. Қоғамның дамуы сапалы білім беру мен білімді толық қабылдай алу қасиетінің дұрыс бағалануы мен зерделенуіне байланысты. Қазіргі таңда айналамызда сан жағдаяттар орын алуда. Сол жағдаяттардан шығу үшін, тиімді жолын нақ табу үшін бізге теориялық білімді болу жеткіліксіз. Заман талабы стратегия, әдіс-тәсілдер, терең сыни көзқарас, креативті ойлау, шет тілдерін игеру сынды құзыреттіліктерді қажет етеді және ол құзыреттіліктер тәрбие мен рухани құндылықтармен тікелей байланыста болғанда ғана жетістікке жету кәміл мүмкін. Сол секілді білім беру үдерісі әр буында да теңдей көзқарас пен адалдық қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Балалар тұрмыстық және денсаулығындағы кейбір туындаған мәселелерге қарамастан өз қатарлы жолдастарымен тең екенін сезінуі біздің атқаратын жұмысымыздың басты мақсаттарының бірі. Инклюзивті білім берудің негізгі мақсатын осы түйінді ойлар жүйесінде түсіндіре аламыз. Ал білім толықтай және қабылдауға қызықты әрі ұғынықты болуы үшін, теория мен тәжірибені бір ортаға жинақтаған әдіс-тәсілдер ең басты сапалы білім берудің құралы болып саналады. Әдіс-тәсілдер оқушының психологиялық, анатомиялық және басқа да факторлардың ескерілуі негізінде ұтымды ұйымдастырылуы шарт. Инклюзивті білім беру үдерісінде балаға тапсырмамен жұмыстануға әр түрлі кедергілер болуы мүмкіндігін ескеріп, баланың назарын білім алуға бағыттау үшін кретивті, дене қозғалысын, ақыл-ой белсенділігін арттыратын нормаларды біріктіру қажеттілігін әдіс құрастыру кезіндегі басты критерий ретінді қарау маңызды.
Оқушылардың ағылшын тілін меңгеруге құлшынысын ояту, олардың шет тілін меңгерудегі алғашқы іргетастарының дұрыс қалануына себепкер тұлға – мұғалім. Жаһандану заманында ағылшын тілін меңгерудің түрлі жолдары болғанымен, оқушылардың жеке психологиялық ерекше тұстарына да мән беріп, сәйкесінше білімді оларға ұғынықты тілде беру – әр мұғалімнің оқушылар алдындағы парызы. Инклюзивті білім беру әр баланың жеке индивид ретіндегі құқығын сақтап, барлық оқушының бүгінгі талаптарға сай білім алуын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие мен сапалы білім беру, өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Немов Р.С. Психология 3 том: Учеб. Для студ. Высш. Пед. Учеб. Заведений: В 3 кн. — 4-е изд. — М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2001. — 640 с. (204, 285 с.).
-
http://psycholog-school.ru/psikhologi/metody-raboty-s-trevozhnymi-detmi.php
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз