Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің септелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жай және тәуелді септеудің жалғауларын, тәуелді зат есімдердің септелу ерекшелігін меңгерту. Олардың сөздік қорын, тілін дамыту, сөз құрамын талдауды, жалғау түрлерін ажырата білуін дамыту. Оқушыларды тапқырлыққа, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Біріккен сөздер» 

Сабақтың мақсаты: 

  1. Оқушыларға біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, жасалу жолдарын үйрету. 

  2. Оқушылардың ойын жүйелі, жатық жеткізуге, зияткерлік және эмоционалдық

белсенділігін арттыруға, жазу сауаттылығын дамыту. 

  1. Инабаттылыққа, еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ 
Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, проблема тастау. 
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу 
Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, схема, слайд. 
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: 

  1. Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру. 

Мұғалім балаларға орындарынан тұруды ұсынады:

  • Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге 

қарай қолдарыңды созыңдар.

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)

Қарады маған да (қолдарын кеуделеріне қояды.)

Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)

Қарады саған да.

Сәлем деймін достарға

Сәлем барша ұстазға.

Тату болып халықтар,

Аман болсын балалар! 


2.Поэзия минуты: 

- Балалар, қазір қазақ тілі сабағы.

- Қандай ақын жазушы болмасын, ана тілінен нәр алған.

- Поэзия! Менімен егіз бе едің? – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай,

біз сабағымызды поэзия минуттарынан бастаймыз. 

1-қатар:

Қазақ тілім – ол менің ана тілім!

Қазақ тілім – байсалды баба тілім!

Сол байлықтан аз емес алатыным,

Болашағым, бақытым, дара тілім!


2-қатар:

Тілім менің тірегім, тілім менің.

Тілсіз қандай болады күнім менің?

Өз халқыма жетеді өз мәнінде,

Өз тілімде оқылса жырым менің. 

3-қатар:

Тілім менің - қуатым күнім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің?

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілім менен тірлікті мүсіндедім. 

М:

Міне, балалар, қазақ тілінің атқаратын орны ерекше, қазіргі кезде

Қазақстанда тұратын барлық басқа ұлт өкілдері біздің мемлекеттік тіліміз,

қазақ тілін жетік меңгеруге талпынуда

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берген жаттығуды сұрау

6-жаттығу Шығарма «Туған жерімнің қысқы тіршілігі»

 Үй тапсырмасын қорытындылау:

  1. Күрделі сөз дегеніміз не? 

  2. Неше сұраққа жауап береді? 

  3. Күрделі сөзге мысал келтір. 

Дәлелдеу Ақсакал,итмұрын, Біржан
ІV Жаңа сабақ:

Суретттер көрсету арқылы аттарын ататып жұмыс жасау.

  1. Мағынаны тану. 

Ақбөкен=ақ+бөкен 

Тасбақа=тас +бака

Қосаяқ=қос+аяқ

Аққу=ақ+қу 
- Балалар, бұлар қандай сөздер?

- Күрделі сөздер

- Бұл сөздер неше түбір сөзден құралып тұр?

- Екі түбірден.

- Екі түбір сөз не істеп тұр?

- Бірігіп тұр.

- Ал, балалар, осыдан өзіміз ереже шығарып көрейік. 
Ереже:
Екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер

біріккен сөз деп аталады. 
Дәптермен жұмыс. 

  • Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер 

  • Бүгінгі күнді жазу. 

Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.

Мысалы: Темірқазық, Сарыағаш,

Көкшетау, Жетісу, алабота т.б. 
Оқулықпен жұмыс: 

8-жаттығу. Сөздерді оқы. Олар қалай жасалған?

топ

Shape2 Shape3 Shape1

тасбақа

бұлақ

Shape6 Shape4 Shape5 Айна


Shape7

Shape8 Кер Тас




2Shape10 Shape9

дәулет

шансорғыш

топ



Shape11



3Shape13 Shape15 Shape16 Shape14 Shape12

Аққу, ақбөкен

көл

топ


Shape17




Бақ Жан

Жалаңаш

Нұр Ала

Оқыған сөздеріңді сөз құрамына талда. Әр сөз неше түбірден құралған?


9- жаттығу.Сөздерді оқып,көшіріп жаз.Өздік жұмыс

Әр сөз неше түбірден құралған?



10- жаттығу. Жұппен жұмыс Өлеңді оқып, жатқа жаз, өз-өзінді тексер, бағала.

Өлеңде кездескен біріккен сөздерді ата


11- жаттығу. Берілген біріккен сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

1 топ: көққұтан,

2 топ: шекара,

3 топ: еңбекақы.

Бұл сөздердің біріккен сөз екенін кестені пайдаланып дәлелде.


Shape18 екі түбірден құралғанымен ,бір ғана мағына білдіреді,

Бұл –біріккен сөз,

өShape19 йткені

бір ғана сұраққа жауап береді


Сергіту сәті: Қазақстан бағдаламасы. Радиодан сөйлейді. Біріккен сөздерді айтқанда

қол соғамыз. 

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Қазақ радиосы. Сіздерді бүгінгі

бағдарламамен таныстырамыз. 


06.00 Аңдатпа. Әнұран.

07.00 «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы.

09.30 «Жаңа Қазақстан»

12.00 «Тұсаукесер»

14.00 «Бағдаршам»

15.00 «Өмірде болған»

19.00 «Жан жылуы»

20.00 «Жаңалықтар»

Тыңдағандарыңызға рахмет! 

3.Жаңа білімді бекіту:

Shape20 екі түбірден құралғанымен ,бір ғана мағына білдіреді,

Бұл –біріккен сөз,

өShape21 йткені

бір ғана сұраққа жауап береді

12- жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жаз.

Аңдар: жолбарыс,

Құстар: бірқазан, түйеқұс, көкқұтан.

Өсімдіктер: балқарағай,

Жер-су аттары: Айнабұлақ, Сарыарқа, Бурабай,Көкшетау.

14- жаттығу. Ақтөбе сөзінен баспалдақ жаса.

1.Түстің түрі (ақ)

2. Қыстың сәні (қар)

3.Үстінде үйі бар жануар (түйе)

4.Аяздың салатын ізі(Өрнек)

5.Қыран құстың аты ( бүркіт)

6.Жұмыскөп жасайтын адам(еңбекші)


А







Қ







Т







Ө







Б







Е
















Ойын : Кім жылдам?» 

  1. Бірінші түбір сөз – түс, 

Екінші түбір сөз – құс.

Екі түбір сөзді қоссаң,

Шығады тағы құс. (қараторғай) 

  1. Бірінші түбір сөз - сан, 

Екінші түбір сөз – сұйық зат.

Екеуін қосып оқысаң,

Жерге қойылатын ат. (Жетісу) 
Қорытындылау.

-Біріккен сөздер деген не? 

- Біріккен сөздер қалай жазылады? 

- Біріккен сөздерге жататын атаулар? 

Кісі аттары, аң-құс аттары, ойын атаулары, дене мүшелері, жер аттары т.б. 

«Бағдаршам» ойыны 
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? 
Жасыл түс – өте жақсы ұнады 
Сары түс – жақсы, бірақ мен өзімді көрсете алмадым 
Қызыл түс – ұнаған жоқ 
Үйге тапсырма: 97 бет ереже, 13- жаттығу.Бағалау.











































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
577
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12