Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсідік тұғырым" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсік күніне арналған әзірлеме оқушыларға патриоттық тәрбие береді. Сынып жетекшілеріне көмек ретінде әзірленді
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Г.Х.Бозанбаева

_________

«___»_____ 2018ж



Тақырыбы: 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты тарихи - әдеби кеш

Мақсаты:
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.




























16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты тарихи - әдеби кештің әзірлемесі


 Расул : Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және ата - аналар!
Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келе, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған
«Тәуелсіздік тұғырым» атты тарихи - әдеби кешімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 32 жыл толып отыр. Тәуелсіздігімізге 27 жыл

Құттықтау сөз кезегі мектеп директорын Гүлжаухар Халелқызына беріледі. 

Аяжан:

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

І. Көрініс «Тарих өкілдері»

Немересі: Әбілмансур

 Әже, атам ылғи «Сенің болашағыңды ойлаймын, өткен өмірді ойлаймын» дейді. Оның өткен өмірі қандай?

Әжесі: Айназ  Е, балам, атаң, ата – бабаң не көрмеді дейсің?

1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы, 1930-1932 жылдардағы алапат аштық, одан 1937-1938 жылдардағы ағаларымыздың жазықсыз жазаға ұщырауы…1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге шықты. Міне, өткен өмір. Бұған да тәуба! Еліміз өз Тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық.

Егеменді ел болудың белгісі –

                                Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

                                 Егеменді деген сөзден естілер

                                 Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Еліміздің егемендігін осылай жырлаймыз, балам. Ұмытпаңдар, айналайын ұрпағым. Елін, жерін сүйетін үлкен азамат болыңдар.

1-жүргізуші: Расул

Әдеби –монтаж шағын орталық

Аяжан: Қазақ елін бір тудың астына жинап біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш арыстары еді: Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы,

Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамбетов т.б. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман-тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.

ІІ КӨРІНІС. МУЗЫКА
Бес арыс бейнесіндегі бес баланы әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады да,
Әскер: - Иә, соңғы сөзді іштеріңнен кім айтады?

Міржақып Дулатов:
Ей, тәкаппар, дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.
(Мылтық даусы естіледі, құлайды)
Мұңды музыка ойналады.
Әдеби –монтаж мектепалды даярлық тобы

Расул: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

ІІІ Көрініс:

(8 сынып оқушылары)

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
Ән «Желтоқсан желі»

Аяжан
Пай, пай, пай! 
Киелі неткен жер! 
Батырлар дүрілдеп өткен жер, 
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер. 
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, 
Сарылып сал-сері кеткен жер. 
Бас иіп, иіскеп топырағын 
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті мектебіміздің әншілеріне берсек.

Шашу! Шашу! Ағайын! Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің шашуы. Мерекелеріңіз құтты болсын! 
Ән шашу : 6 сынып

Расул
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1991 ж 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет деп жарияланып, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ҚР Конституциялық заңына қол қойды. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік ел рәміздері бекітілді.

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Алдымызда алыс сапарға басталған жол, алыс күндерге шақырған ізгі мақсат жаты. Ақыл мен парасаттың ұлы көріністерін еншілеген халқымыздың ықылым заманнан бастау алатын қымбат тарихы жатыр»- дей келе; Тәуелсіздігіміздің берік, ынтымақты болуы үшін жас ұрпаққа мынадай қанатты сөздер айтты.
1.Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр - қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға да соншалықты қажыр - қайрат керек.

2.Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болу керек.

3.Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. ел бірлігі - асыл қасиет.

4. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақ мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа.
5.Біздің елімізге бойына ата - бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай еңбек ететін, ой - өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.
6. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.
Сахнада:
1 - оқушы: Өмірімізді, өзімізді көріп,
2 - оқушы: Әнімізді, жырымызды тыңдап.
3 - оқушы: Ерлігімізді, тірлігімізді қарап,
4 - оқушы: Өзімізді, сөзімізді тыңдап.
БӘРІ: БҰЛ ҚАЗАҚ ДЕЙДІ.
1 - жүргізуші: Қазақстан - үлкен мемлекет.
2 - жүргізуші: Қазақстан деген
Қ – Қасиет пен құт дарыған ел,
А - Аңсаған арманы орындалған ел.
З - Заман ағысынан қалмаған ел.
А - Азаттығын асқақтатқан ел.
Қ - Қаһарман, батырлар туған ел.
С - Сан ғасыр азап шеккен ел,
Т - Тәуелсіздік, егемендік алған ел.
А - Азаматын ардақтаған ел.
Н - Намысын сақтай білген ел!

Хор: Менің Отаным Қазақстан

Аяжан

     Ал, бүгінгі күн, мүлдем басқа. Еркіндік – теңдігіміз қолымызда,  тәуелсіз елміз,  өзге елдермен  тереземіз тең. Енді, біз ұлттық рухымызды көтеруге  тиіспіз,  жалтақтау мен қорқудың уақыты  өтті. Мәңгілік ел болу– ата – бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арманы тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу .Бұл армандар ақиқатқа айналды.  Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті

Расул

Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауындағы білім беру жүйесіндегі өзгерістерге байланысты «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде меңгерген ел болып танылуы керек» деген еді .  Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік  жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқылы  Қазақстанның үшінші жаңғыруының  басталғандығын айтты. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол –әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа  жету үшін біздің санамыз ісімізденозып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. 

Міне, Ата-бабаларымыздын мурас еткен мурасымен Жаркын орта мектебінде, біз казір білім нәрін алып, болашағымызға жаркын есік ашып алдынға катардағы елдердін қатарына қосылудамыз.

Хор: Мектеп әнұраны

Құрметті мектеп ұжымы, ұстаздар, қонақтар және де оқушылар. Бүгінгі «Тәулесіздік тұғырым» атты кешіміз осымен аяқталды. 
Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар! 
Қорытынды :Сондықтан басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
472
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12