Материалдар / Тәуелсіз - ел тірегі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәуелсіз - ел тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік мерекесіне арналған тәрбие сағаты
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім Қазақстан»

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Мұғалім: Қазақ елім,туды жастық дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын ағайын!

Тәуелсіздік құтты болсын,алыбым!

Міне,Тәуелсіздік мерекесі де келіп жетті.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл 27 жыл толады.Баршыңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекесімен құттықтаймыз.Біз ата- бабамыз-дыңаңсаған арманы орындалып, қазақ елінің Тәуелсіз Мемлекет атанып,көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көруге жазылған ұрпақпыз. Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.Бұл тәуелсіздік оңай келген жоқ. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады,16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды,

Осы жолда аға-апаларымыз көп күресті.Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларыңды тани біліңдер, олар:Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев,Қайрат Рысқұлбеков т.б

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге оны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік- Қайрат,Ләззат,Ерболдың

Тас көшеде, тас талқан боп өлгені.

-Осы тәуелсіздікке жетуімізге өз үлесін қосқан батырларымызды мәңгі

жүрегімізде сақтаймыз.

1-жургізуші

Құрматті ата –аналар, қонақтар және балабақша бүлдіршіндері Тәуелсіздік . -мерекесіне орай өткізіліп отырған «Тәлеусіз елім Қазақстан»атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші: Тәуелсіздік дегенде көңілден жыр-шумақтар ағытылар.Ендеше балалардың өлең шумақтарына кезек берейік.

Раяна:

Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарып.

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.

Айп Айару:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Дархан:

Он алтыншы желтоқсан ,

Тәуелсіздік алған күн .

Мерекеге ел тосқан,

Атамменен барған мын.

Алина:

Тәуелсіздік еліміз,

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған ,

Аға ,әпкелеріміз.

Бағнур:
           Елтаңбасы  елімнің,
                            Неткен  әйбат, әдемі!
                            Тұнығындай  көңілдің,
                            Ортада- аспан  әлемі.

Аниса:
      Құт, береке – шаңырақ,
                            Орын алған  ол  төрден.
                            Қанатты  қос  арғымақ,
                            Екі  жақтан  көмкерген.

Саяна:
           Анаң- күнің, жүрегің,
                             Әкең – өмір тірегің. 
                             Сен- бақытты  ұлансың,
                             Бәрі  саған  қуансын!

Бекарыс:
           Көк  аспандай  көкпеңбек,
                             Қазақстан жалауы.
                             Көк  емес  ол тектен-тек,
                             Елдің ашық қабағы.

Ұлпан:
        Тәуелсіздік  жолында,
                           Талай – талай тер тамған.
                             Билігім  өз  қолымда,
                             Еркіндігім – Елтаңбам.

Қасымжомарт:
            Аспанымдай мөлдірмін,
                             Жайлауымдай  жазықпын.
                             Өзенімдей  өршілмін,
                             Гүлдерімдей  нәзікпін.

Самира:
          Ақ  ниеті- алтын күн
                            Асқақ арман – қыраны.
                            Жалауы бұл- халқымның,
                             Мәртебесі, мақтаны.

Жүргізуші: 16 - желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн.

Ән: «Қазақ елі осындай» Айзеренің орындауында

Әже: Осы кезде қолында ұршығы бар әже ортаға щығады. Төрдегі көрпеше үстіне келіп отырып, ұршығын иреді.

Мағди: қолында қамшысы бар бала ойнап жүгіріпкеліп, әжесінің жанына отырады.

Бала:Әже не істеп отырсыз?

Әже:Құлыным ұршық иіріп отырмын. Кел қасыма отыр ,күнімен ойнап шаршаған шығарсың.

Мағди:Әже,Біз балабақшада «Тәуелсіздік» мерекесіне дайындалып жатырмыз.Мемлекеттік әнұранды айттық, тақпақтар жаттадық.Бізде «Тәуелсіздік»мерекесіне орай ертеңгілік өтпекші.

Әже: Жарайсың, құлыным! «Тәуелсіздік»күніне арнап қанша ән айтсаңда, артық емес.

Мағди:Әже «Тәуелсіздік» деген не?

Әже: -Е-е-е құлыным «Тәуелсіздік» деген бұл үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді.Қайсар,батыр аға-апалардың арқасында егеменді ел болдық.

Жүргізуші: «Домбыра» биі орындайтын қыздар

Балалар енді көріністі тамашалайық:  «Тәуелсіздік құрбандары»

Міне, балалар тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Көріністе көргендеріңдей тәуелсіздік үшін күресіп Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Спатаев,Ләззат Асанова,

Сабира Мұхамеджан қызы сияқты аға,апаларың құрбан болған.Осы кісілерді

бір сәт еске алып үнсіздік сақтайық.    

Жүргізуші :Тарих парақтарына көз жүгіртетін болсақ, еліміздің бірлігін сакқтаған Абылай хан атамызбен үш кемеңгер дүлділім өткен өмірден. Олар қазақта қара қылды қақ жарған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билер. Олай болса тарихқа көз жүгіртіп,көрініс тамашалаймыз.

Көрініс.Залға Қазыбек, Әйтеке, Төле билер кіріп, орындарына отырады. Осы кезде Абылай хан ортаға шығады.

Айсұлтан -Абылай хан :Уа,халқым, осынау қиын қыстау заманда ел басына жоңғар деген атпен қара бұлт төніп тұр. Осы жағдайда халықты біріктірер қариялар өздерің. Халқымыздың рухын көтеріп, өзімізді, елімізді ,жерімізді қорғайтын заман келді. Қандай ақыл кеңес бересіңдер?

Елназар - Қазыбек би: -Әр руға шабандоздарымызды жіберейік,халыққа хабар айтсын.

Беглан - Әйтеке би:-Жөн , ел ішінен қол жинауымыз керек. Айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп қас жауымызға қарсы шығайық.

Жарас -Төле би :-Бұдан былай қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек.

Билер:Ия, біз қазақ мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Әже:-Міне құлыным, біздің ата-бабамыз аңсаған «Тәуелсіздік» біздің елге оңай жолмен келген жоқ. Ендеше құлыным сені балабақшаңа апарайын жүр кеттік.

Ойын: «Шаңырақ» Ойынды шартына қарай ойнайды.

Жүргізуші: «Тәуелсіздік жылдары сыр шертеді»


1оқушы

1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
2 оқушы:
1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
3 оқушы:
1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
4 оқушы:
4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.
5 оқушы:
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
6 оқушы:
1994 жылы 30 маусымда тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мусабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.
7 оқушы:
1995 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.
8 оқушы:

1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жасқа толған мерейтойы дүниежүзілік көлемде аталып өтілді.
9 оқушы:
1996 жылы 30 тамызда жаңа «Қазақстан Конститутциясына» 1 жыл толды. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
10 оқушы:
1997 жыл «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.
11 оқушы:
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.
12 оқушы:
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.
13 оқушы:
2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
14 оқушы:
2001 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.
15 оқушы:
2002 жыл «Денсаулық» жылы болып жарияланды.
16 оқушы:
2003 жыл «Ресейдің Қазақстандағы жылы» болып жарияланды.
17 оқушы:
2003-2005 жыл «Ауыл жылдары» болып жарияланды
18 оқушы:
2006 жылы «Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы» болып жарияланды
19 оқушы:
2007 жылы «Қазақстандағы Германия жылы» болып жарияланды
20 оқушы:
2008 жылы «Украинадағы Қазақстан жылы» болып жарияланды
Хор: «Тәуелсіз Қазақстан»

Жүргізуші: Отаным Қазақстан –алтын бесік,

Мінекей ұлы жолға түсті келіп.

Ағайын, бар тілерім мен еліме.

Тұғырың мықты болсын Тәуелсіздік!

Жүргізуші: Балалар мына «жүрек» шарды алып, шын жүректен апайларға, осы отырған қонақтарға  тілек тілейік.Балалар  шығып, бір- бір сөзден айтады
-Нұрлы күн болсын!
-Елімізде бейбітшілік болсын!
-Елбасымыз аман болсын!
-Қазақстан гүлдене берсін!
-Ана тілімізді құрметтейік
-Рәміздерді құрметтейік!
-Еліміз, жеріміз бай болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Балабақша гүлдене берсін!

Жүргізуші:

Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен  бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда  мейрамдарыңыз құтты болсын, аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін дейміз! Сау болыңыздар!

Жүргізуші:

Мереке құтты болсын, көріскенше сау болыңдар!













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!