жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіз - елім Қазақстаным!
Тақырыбы: «Тәуелсіз – елім Қазақстаным!»
Мақсаты: Балаларға білім бере отырып тәуелсіздікке қалай жеткенін зерделеу. Елжанды ел азаматы етіп тәрбиелеу Желтоқсан қаһармандары: Сәбира, Ләззат, Ербол, Қайрат, туралы әңгімелеу, тақпақ, өлең айту.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, Желтоқсан қаһармандары туралы суреттер, Қазақстан рәміздерінің суреттері, Елбасы, Астана суреттері компьютермен слайд көрсету.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу
Барысы: 1. Ұйымдастыру
Мұғалім: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар «Тәуелсіз – елім Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Сіздерді Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен құттықтаймыз. Отбасыңызға қуаныш, табыс тілейміз.
2. Кіріспе
Мұғалім: Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірді. «Тәуелсіздік» дегеніміз өз еркіміз өзімізде, жерміз, теңдігіміз бар дегенді білдіреді.Қазақстан Тәуелсіз, Егенменді ел. Өзіміздің Ата Заңымыз, Мемлекеттік рәмізіміз Теңгеміз, Өз қарулы күштеріміз бар. Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап, Тәуелсіздік жолында құрбан болған: Ләззәт, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық. Рахмет балалар. Олай болса өздеріңнің дайындап келегн тақпақтарыңда айтыңдар:
3. Тақпақтар
Бостандық білсең , біздерге Оңайлықпен жеткен жоқ Желтоқсанда төгілген Қанның орны кепкен жоқ Желтоқсан- Тәуелсіздік, Тәуілсіздік –Желтоқсан. Ерсұлтан: Желтоқсан айын естісең Дауыл боп бұрқыл ескенсің Азаттық күйі қашаннан Көкейін елдің тескенсің Мейірлан: Жасымыз жомарт қазақпыз Мәнгүрт боп кете жаздаппыз Қосайық басты бауырлар Жанайық жансақ маздаппыз Амина: Сол бір қасіретті күндердің жарасы әлі жазылған жоқ Қаншама адам құрбан болды. Қаншама адам қуғын көрді. Жасмин: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Бізге мұны ешкім аяп бермеді. Тәуелсіздік Қайрат,Ләззат,Ерболдың Тас көшеде тас-талқан боп өлгені Шала жансар қар астына көмгені.
Мұғалім: Қазақ халқының арымен намысына өшпес таңба салған 1986 жылғы Желтоқсан . Қазақ жастары «Тәуелсіздік керек! Ұлт басшысы өз ұлтынан сайлансын ! » деп наразылық білдіріп, шеруге шықты. Сол кездегі үкімет бұйрығымен күш көрсетілді.Көптеген жастар түрмеге қамалды, сойылға жығылды «бұзақылар, ұлшылдар, нашақорлар »деп кінә тақты.
Хор: Қаһарман қыз Ләззат қыз
Абырой «Нашақорлар» деп ұлтшылдеп Қазаққа күйе жаққан күн Базары кетіп бір күнде Қайғыға халық батқан күн
Зарина Әділдікпен шындықтың Өтірік жала еткен күн Надан жасаған шындықты Адамдар азап шеккен күн
Елдар Бұрқ етіп қазақ баласы Кеудеде өршіп наласы Алаңға қарай ағылды Таусылып барлық шарасы
Діннәр Озбырлық күшпен тұңшығып, Үміттін оты өшкен күн Жанына таппай бір шындық Ер Қайрат қыршын кеткен күн
Інжу Арманды жақындатып тым алыс Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс Еремендік ел бақыты ертеңі О, халайық! Құтты болсын қуаныш
Аружан Атамекен ақ үйдің Азат болған күні бұл Құндақтағы сәбидің Қазақ болған күні бұл
Бекнұр Алты алаштың баласы Қауымдасқан күні бұл Бір – бірімен жарысып Бауырласқан күн бүгін Көрініс: слайд «Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым» компьютермен көрсету
Мұғалім: «Егемендік ел болудың белгісі» дегендей егеменді тәуелсіз ел болғаннан кейін өзіміздің рәмізіміз белгіленіп, астанасы Астана қаласы болды.
Мейіржан Отан- атам, Отан – әкем, Осы сөзім қате ме екен Қате болса неге біздер Дейміз оны «Атамекен» .
Хор: «Желтоқсан желі»
Ақбөпе Бой көтерді бір қала Ол біздің сұлу Астана Астанада бәрі бар Қараймыз оған шаттана
Нұрдаулет Іші алтын, сырты нұр Бұзылмаған шырқы бір Ұлы достық мекені Қазақстан жұрты бұл Ерали Көк туды асқақ көтерген Елді мақтан етем мен Терезесі тең сыйлас Алыс – жақын шет емес Інжу Қазақ деген халықтың Ұлы менен қызымыз Анамыздай тілеуі ақ Отан бізде біреу – ақ Ол, біздің Қазақстан -Балалар Қазақстан елін кім басқарады? Елбасымыз кім? (Н. Әбішұлы Назарбаев) Мейірлан Балалардың атасы Жоқ ісінің қатасы Елді бастап келеді Қабыл боп батасы Мейіржан Сән айшығы бедері Рәміздер ел беделі Бойға таққан тұмардай Қастерлеймін мен оны Мұғалім: Елтаңбамыз ел беделі Төріне ілінер көрнекі Анам таққан шолпыдай Дөп – дөңгелек өрнегі Енді бүгін өлген туым тірілді Әнұраным жалғап алды ғұмырды Босағада қалып кеткен елтаңба Бұрыңғыша төріне кеп тігілді.
Хор: Қазақстан Республикасының Әнұраны
№34ЖББМ.
«Тәуелсіз – елім Қазақстаным!» атты тәрбие сағаты

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген