Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Тәуелсіз- елім Қазақстан» атты Тәуелсіздік күніне арналған викториналық ойыны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ШҚО, Жарма ауданы
«Суықбұлақ орта мектебі»КММ
« Тәуелсіз- елім Қазақстан» атты Тәуелсіздік күніне арналған викториналық ойыны
Дайындаған: кітапханашы Д.Е.Кусманова
2020-2021 жылы
Тақырыбы: Тәуелсіз- елім Қазақстан
Мақсаты:
-
Білімділік. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру.
-
Дамытушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
-
Тәрбиелік. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік.
Түрі: what
Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның рәміздері,мақал-мәтелдер, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгін
Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы
әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: еліміздің тарихы жайлы, Астана
қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу. Ізгі тілекпен
бүгінгі сабағымызды
бастайық.
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба?
Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау
күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше.
Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар
екенін көрсетті
Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.
Осы кезекте сіздерге осы тәуелсіздік жайында ктаптарды назарларыңызға ұсынғым келеді:
"Желтоқсан-86", 5 томдық
Құрастырғандар: Б.Әбдіғалиев, Б.Көрпебайұлы
1-кітап. Ұлт теңдігі көтерілісі
Кітапта әйгілі "Желтоқсан-86" оқиғасы туралы тарихи деректер мен естеліктер топтастырылған.
2-кітап. Намыс оты алаулаған
"Желтоқсан-86" жинағының "Намыс оты алаулаған" деп аталатын екінші кітап сол бір сұрапыл уақытта көз жұмған, жапа шеккен, түрлі кудалауға ұшыраған желтоқсандықтардың өздері туралы және олар турасында айтылған естеліктер берілген.
3-кітап. Тәуелсіздік осылай басталған
"Тәуелсіздік осылай басталған" деп аталатын үшінші кітап желтоқсан көтерілісінің қалай басталғаны және оның калай өріс алғандығы баяндалады. Бүгінгі ел тәуелсіздігіне сол бір кезеңдердегі талпыныстардың тигізген әсері, ықпалы болғандығы айтылады.
4-кітап. Әділет жолындағы қасірет
"Желтоқсан-86" жинағының "Әділет жолындағы қасірет" деп аталатын төртінші кітабында желтоқсан көтеріліcінде әділет іздеп, азап шеккен ұрпақтың адал ниеті, алаң көңілі, тағдыр тәлкегі туралы кеңінен баяндалады Сондай-ақ, жастарды жаппай жазалауға әмір бергендер мен оны орындаушылардың қылмыстық әрекеттері әшкереленеді.
5-кітап. Елдікті сақтаған ерлік.
"Елдікті сақтаған ерлік'" деп аталатын бесінші кітапта Желтоқсан көтерілісінің тілді, ел аумағының тұтастығын сақтап қалудағы мәні ашып көрсетіледі. Азаттық үшін арпалысқандардың ерлік ісіне жаңаша көзқараспен баға беріледі.
Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,
Тәтті үміті халқымның сан ғасыры
Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы
Келбетіңнен көремін жалғасымды.
Жаңағы біздің шырқап айтқан әніміз бұл жай ел туралы ән емес, бұл біздің еліміз үшін ерекше,құдіретті, ең қасиетті, әрі әдемі ән. Бұл ән Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Біле білсеңдер ҚР-ның үш мемлекеттік рәмізі бар. Ол Әнұран, Ту және Елтаңба. Жер шарында бар әр мемлекеттің өзіндік үш рәмізі болады. Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. ҚР мемлекеттік рәміздеріне- Ту, Елтаңба, Гимн жатады.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрібір азаматтың міндеті.
Мемлекеттік рәміздерді біз қастерлеп сақтауымыз керек. (бұл жерде ҚР-ның рәміздерінің суреттері көрсетіліп, рәміздеріміздің авторы мен олардағы суреттердің не білдіретінін түсіндіру)
Біздің Отанымыз осы 24 жылда қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:
* 1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.
* 2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
* 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.
-
Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік Егемендік Декларациясын қабылдап жариялады. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 1995 жылдан бастап Қазақстан астанасы- АСТАНА қаласы.Мемлекет – адамдарды біріктіретін үлкен отбасы.
-
КОНСТИТУЦИЯ - мемлекеттің негізгі Заңы. Бұл Қазақстан азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері , Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
-
Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы- Президент.
-
1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2015 жылы, яғни бір жылдан кейін Конституциямызға 20 жыл толады. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан тұрады.
-
1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты.
Сайыс сұрақтары:
-
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігінге қашан қол жеткізді?(1991 жылы 16 желтоқсанда)
-
Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын ата? (Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев,Сабира Мұхамеджанова)
-
Тәуелсіздігіміздің белгісі Мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
-
Тәуелсіздікке деген алғашқы қадамды бастаушы Қазақ хандығының негізін қалаушылар кімдер? (Керей мен Жәнібек хандар)
-
Республикамыз тәуелсіздігін алғалы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Республиканың Президенті болып қашан сайланды? (1 желтоқсан 1991 жыл)
-
Нұр-Сұлтан қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)
-
Жер көлемі бойынша Тәуелсіз Қазақстан нешінші орынды алады? (9 орын)
-
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы қашан дүниеге келді? (1945 жылы 10 тамызда)
-
Ұлы Отан соғысы қай жылы бастау алып, қай жылы аяқталды? (1941-1945 жж)
-
Ұлы Отан соғысы қарсаныңда Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Рақымжан Қошқарбаев)
-
Қазақстандық партизан Халық Қаһарманы? (Қасым Қайсенов)
-
Семей полигонында алғашқы жарылыс бастлаған жыл? (1949 жыл)
-
Тәуелсіз Мемлекеттер одағы қашан және қайда құрылды? (1991 жылы 16 желтоқсанда)
Отанды сүю- табиғатқа қамқорлықпен қарау, туған жерді бағалап сақтау.
Патриот болу үшін қандай жақсы қасиеттерді игеруіміз керек ? батыл, ержүрек, адал, шыншыл,
Ең бастысы- біз Қазақстан деген ортақ үйімізде Әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Ендеше осы Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән-жырымызды шашу етейік.
Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаштың атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!