Тәуелсіз деген бұл ұғым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіз деген бұл ұғым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл менің өз ойымнан жазылған шығарма деуге болады.Бұны біздің өсіп келе жатқан ұрпақтарға қазақстанның тарихын, тәуелсіздіктің қалай келгенін білсін деген мағынада жолдап отырмын.Бірі болмасын.бірі бір күні оқып тарихымызды біліп жүрер деген оймен жолдап жүктеп отырмын.Тарихты білу де бір үлкен өнерғой.Оған қызығып оқитындай шешен-шешен сөздермен жаздым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіз деген бұл ұғым, таймайтын менің тұғырым !»

Эпиграф:

«Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата – баба жолымен алдық деп ойлаймын»

Н.Ә.Назарбаев.

Тәуелсіздік! Азаттық! Еркіндік! Бостандық!... Не деген мағынасы тұңғиық терең, түп тамыры мықты да, берік, шойындай қайратты да, қайтпас қайсарлықпен тізгіндес сөз десеңші...Осы сөздің түйінін шешіп, қалың алаш ордасын тас бұғаудан құтқарар күнді иен қазақ даласы сан ғасырлар бойы аңсаған нетті... 550 жыл бұрын қазақ хандығы құрылып, еріксіз,риясыз, күй кешкен қазақ тегі үстем ұлт өкілдеріне бағынуға мәжбүр болды емес пе?... Әттеген- ай, деген ащы кермек ыза тұла бойыңды еріксіз билеп аларын-ай! Азаттықтың таңы атар күнді қаншама қара қазақ баласы аңсап, арпалысы арлан қасқырдай аш бөріге таланғаны сөзсіз мәлім дүние.

Бостандық демекші, қазақтың кең құлаш дариясын ғасырдан- ғасырға табан тіреген сан қилы заман куәгерлері, тайпалар, рулар ,отырықшы-көшпенділер де өз заманының еркіндікке ауадай мұқтаж болғаны еріксіз қыл қаламды қолыңа алдырары құпия тосын құбылыс.Мен де бүгін ойыма ой қосып, сарқыраманың толассыз ағысындай шабытпен шамдана, неменеге осы егемен елімнің алтын табалдырығының айқара ашылған сатысына бір сәт тоқталып өтпеске деген ой келді.

Арман еткен ақырын жылжып ақ таңым,

Азаттық үні аймалап құшты құмарын.

Бодандықтың буыны босап әп-сәтте,

Оянды қазақ еркелеп күнгей шуағын.

Асау толқын айбыны күшті қырағы,

Бұғауды үзіп, еркін жүр, алаш қазағы.

Басына қонған елімнің бағы таймасын,

Тәуелсіздік мәңгілік нық орнасын!

Өткен өткінші өмір өзегі Ұлы Жібек жолдары етегімен тектесе «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы,Тәуке ханның жеті жарғысымен» үзеңгілес бола тұра, «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» оқиғасы негізінде қазақ халқының саяси өмірінде ерекше орын алатын

Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би сынды өр мінезді шешендермен қатар, жоңғар шапқыншылығында елін-жұртын,кіндік қаны тамған туған жерін сырт жаулардан қорғауда ерлігімен көзге түскен Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай , Баян,Жәнібек,Есет,Малайсары, Райымбек батырлардың ерен ерлігі- ұшан- теңіз.Қазақстанның Ресейге қосылуына тілге тиек болған Әбілқайыр хан болса, «Сабалақ»деген атпен көреген де,ақылды саясаткер, даңқты қолбасшы, өткір,озық ойлы дипломат атанған Абылай ханның тарих төріндегі орны қайнар бұлақтай- қазынасы мол іспеттес екені сөзсіз шындық.

Ғұлама қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Абылайдың ғасыры қазақтың ерлік ғасыры болып табылады» деген баға берген.

Ресей демекші,орыстың қыл құрсауында қараңғы қазақ даласы мәшһүр, надандықтың кебін киіп, сауатсыздықтың сағымды сара жолында мылқау күй кешті.Атам қазақ: «Елу жылда ел жаңа, жетпіс жылда жер жаңа»демекші, еркіндіктің селт еткен лебі, қазақ халқының егемен енші алуына алтын қақпаның айқара ашылуы- болашаққа бастар жолдың алтын діңгегі болды. Жетпіс жыл Ресейдің жетегінде жаттығып, бодандықтың қармағында күй кешкен алтын балықтай, асау теңізді аңсаған, құлаш ұрып, азаттыққа арман отын лаулатқан қазақ үшін атышулы «Желтоқсан оқиғасы» Тәуелсіздікке бастар жолдың нұрлы айнасы болды. Ақордамның төріне ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілімді, дінімді, салт-дәстүрімді, әдеп-ғұрпымды қайта жаңғыртып,Тәуелсіздік туын биікке көтеріп,қазақ мінбесіне нық сеніммен қадам басып, Алатаудың бөктеріндегі аппақ қардай пәк көңілмен ант қабылдаған, теңдессіз ұлы данышпан иесі- Нұрағаның есімі ғасыр тарихында алтын әріппен мәңгі сақталып қалары кәміл сенім.Қазақ шаңырағына Тұңғыш Президент болып, елінің, жерінің, Отанның өркендеуіне, бүкіл ғаламға, әлемге танымал деңгейге, дәрежеге иелік етуі- әрине Елбасының толассыз толағай еңбегі деп білемін.Өзіміздің қымбат қазынамыз- Ата Заңның қабылдануы,Мемлекеттік нышанымыз- Рәміздердің дүниеге келуі, ұлттығымызды айғақтайтын – теңгеміздің шығуы аламан бәйгеде әлемді дүр сілкіндірді. Бас қаламыз- Астана Нұра мен Есілдің бойында еркелей, өсіп- өніп, көркейіп, сұлулана тағатсыз Бәйтеректей тамыры терең, Алтын Адамдай асқақты, Хан шатырындай құнды ,көздің қарашығындай жақұт- гауһар қазына- байлық , құнды мұраның теңдессіз, бақталассыз өмір айнасы!

Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылға аяқ басар оң қадамы негізінде, Қасым Аманжолов атамыздың: «Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін!»дегендей, осы уақыт ішінде тың, игі істер игеріліп, төрткүл дүниені еріксіз жаулап алуы- қазақ халқының, Елбасының жомарттығының арқасы емес пе, ағайын?!

«Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы» - Жүсіпбек Аймауытұлының жүрекжарды бұл сөзінде шежірелі мол мағынаның алтын қоры жатыр. «Тәуелсіздік – ғажайып ұғым, мемлекетіміздің өз саясаты бар деген сөз»- деп айтқан болатын Елбасы өз сөзінде.Неткен керемет, астарында әрбір саналы қазақ азаматына ой салатын, ғибраты мол-дария ұғым десеңші...

Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенемін. Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз «Тарих тоғысында» еңбегіңіздегі 1999жылғы Мұхтар Құл- Мұхаммедке берген сұхбатыңызда: «Мен Елбасы болсамда, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласына сыйынған елдің бір перзентімін»,- деуіңізде де сіздің ұлылығыңыз бен көрегендігіңіз,кішіпейілділігіңіз бен адамгершілігіңіз біз үшін үлкен өнеге.

Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің әліпбиі болып қалмақ. Ел Тәуелсіздігімен түйіндес ел Президентінің ерен еңбегі ұшы- қиырсыз жыр- дастан.Тәуелсіздік күні- бірліктің, татулық пен ынтымақтастықтың ерекше күні. Мемлекетіміздің Тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты болып, дәуірлей берсін деген шын ниетті игі тілегімді білдіремін.Мәңгі жаса, менің Қазақстаным! Мәңгі жаса, менің Елбасым! Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған, біздің елді басқарып сіз сияқты Елбасының бар екеніне мақтанамын. Сіз туралы айта бергім келеді, жырлай бергім келеді. Нұрағадай жігерлі, қайратты, дана Елбасымен мақтанғанның өзі – бақыт! Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз! Мәңгілік Тәуелсіздіктің иесі- Қазақ халқы! Еліміздің қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын! Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігіміз бекем болып, елдің біріктіруші таусылмас қуат көзі – Мәңгілік Ел екенін ұмытпайық!Еліміз өркендеп, қанатын кең жая берсін! Қазақ халқының мерейі үстем, тұғыры- берік болсын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
1013
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі