Ұйымдастырылған оқу қызметі конспектісі
Ортаңғы топ
Күні:21.11.18
Бөлімі:Дене шынықтыру
Тақырыбы:Допты қағып алып лақтыру.Биіктігі 5-10см 2-3 заттың үстінен кезектесе секіру.Сызықпен (диаметрі1,5см) тепе-теңдікті сақтап жүру.
Мақсаты: Балалардың доппен жаттығуларын жалғастыру.Допты жоғары
лақтырып төмен ұрып қағып алуға үйрету. Белсенділікке,
қимыл үйлесімдігіне, ептілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Доптар.
|
Іс - әрекет деңгейлері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті. |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге қуыршақ Айгүл келіпті.Ол өзімен бірге доптарын ала келіпті.Ол доптармен біз бүгін жаттығатын боламыз. -Ал, енді Айгүлге өзіміздің қандай белсенді қимылдайтынымызды көрсетейік. ^
Әр бағытқа ерікті
жүру.. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар. |
Балалар саяхатқа баратындарына қуанады. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар жасайды. |
|
Іздену ұйымдастырушы |
Негізгі қимыл
түрлер: Одан әрі орманды аралайық. Мына жер балшық екен. Бірақ жіңішке көпір бар. Сол көпірден балшыққа құлап кетпес үшін еңбектеп өтейік. 1.Еденге қойылған тақтайшалардың үстімен саппен өту. Т.: Ендігі жүретін жолымыз
жалпақ екен , бірақ шырша бұтақтары кедергі жасайды. Олардың
астынан еңкейіп өтейік. Т.:Мына жерде қандай әдемі
алаң. Ал, мына жерде шыршаның астында не ұйықтап жатқан? Дұрыс
қорбаңбай аю екен. Ойынның мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, байқампаздыққа үйрету |
Негізгі қимыл түрлерін жасайды. Негізгі бөлімде: 1.Балалар бұрын меңгерген қимыл түрін қайталайды. 2.Жаңа қимыл түрін меңгереді. Қимыл-қозғалыс ойынын ойнайды. |
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
-Балалар бәрің де кедергілер ден жақсы өттіңдер. Аюмен бірге жақсы ойнадыңдар, енді қайтуымыз керек. Қортындылау: -Біз қайда бардық? Не істедік? Не көрдік? Сазды әуенмен жәй қарқынмен жүру, жүгіру. Тыныс алу жаттығуын жасату. |
Балалар өздерін мақтағанға риза болады, қуанады Сапқа тұрып, жүріп, жүгіріп, тыныс алу жаттығуын жасайды. Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу: Кедергінің астынан еңкейіп өтуге еңбектеуді үйренеді .
Үйрену: Тақтайшаның үстінен бірінің артынан бірі өту арқылы сапта жүруді
үйренеді.
Оқу қызметі конспектісі
Күні:21.11.18
2-кіші топ
Бөлімдері: «Сөйлеуді
дамыту»
Тақырыбы: «Дала құстары»
Мақсаты: 1. Білімділік: Құстардың сыртқы бейнесі, тіршілігі,
қоректенуі туралы айту. Үй құстары мен дала құстарын ажырату.
2. Дамытушылық: Құстарды күте білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Дала құстары мен үй құстарының суреттері.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, келген
қонақтар мен амандасу.
Енді мына кішкене құс арқылы бір-бірімізге жылы тілектер айтайық.
Шеңбер бойында бір-бірлеріне тілек айтқызу.
дала құстарымен танысамыз.
Дала құстары өз азықтарын өздері тауып жейді. Міне дала
құстары-қарға, сауысқан, қарлығаш, т. б. Олардың қанаты бар аспанда
ұшып жүреді.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
Ойыншық торғайды ұсынып бір-бірлеріне «жылы жүрекпен» өз тілектерін
айтады.
Балалар қызыға тыңдайды.
Тәрбиешімен бірге құстарды жеке-жеке атап отырады.
Іздену-барлау
Тәрбиеші: балалар сендер құстармен таныстыңдар, енді үн таспадағы
құстардың дауысын тыңдайықшы, бұл дауыстар дала құстарының үні ме,
үй құстарының үні ме?
Неге дала құстары деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ боп шоқиық.
Жақсы балалар сендер дала құстары, жайлы білдіңдер.
Осы кезде есік қағып топқа
«Әтеш» кіреді.
Балалар бұл «Әтеш» бізге хат әкеліпті.
Ішінде құстардың суреттері бар екен. Қазір сендер сол суреттерді
алып дала құстарын бөлек, үй құстарын бөлек атаймыз.
Д. о «Не қалай дауыстайды?»
Тәрбиеші құстарды көрсетеді, балалар ол қай құс екенін айтып
дауысын айтады.
Балалар сендер өте дұрыс айттыңдар.
Балалар құстардың үнін тыңдап олардың дала құстарының дыбыстары
екенін айтып түсіндіреді.
Торғайлар шиқылдап жатыр т. б дала құстарының дыбыстарын айтып
береді.
Балалар таң қала ды.
Құстарды жеке-жеке атап көрсетеді.
Қарлығаш дала құсы, құйрығы айыр, шиқылдайды, аспанда ұшады.
Рефлексивті-қорытындылау Балалар сендер үй құстарымен дала құстарын
ажырата аласыңдар.
Сендер құстар туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалар енді барлығымыз отырып геометриялық пішіндерден торғайды
құрастырайық.
Торғайдың суреттерін көрсетем
- Торғайдың басы қандай геометриялық пішінге ұқсайды, түсі ше?
- Торғайдың денесі ше?
Балалар бүгін біз қандай құстармен таныстық?
Үй құстарын атайықшы?
Дала құстарын атайық?
Неге дала құсы деп атаймыз?
Балалар тақпақтарын айтады.
Домалақ, сары.
Жарты шеңбер, қоңыр
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу немесе хабардар болуы: Балалар толық жауап беруге үйренеді. Үй
құстары мен дала құстарымен танысты.
Қалыптасқан әдет: Өз беттерінше ойларын қорытындылай алу,
сұрақтарға толық жауап беру.
Істей біледі: Байланыстыра сөйлей алады. Қарама-қарсы сөздерді
айтуға тырысады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
2-кіші топ
Күні :21.11.18ж
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру .
Тақырыбы:Екі аяқпен секіру
Мақсаты: Балаларды шашырап жүгіру, саптан өз орнын таба білуге үйрету.Денені шынықтыруды дамыту.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру,көрсету
Көрнекілігі:Ойынға қажетті құралдар
Интеграция: Таным саласы бойынша санау
Технология: АҚТҚ
Билингвальді компонент: Жүру-ходьба,лақтыру-кидать,секіру-прыгать
|
Іс - әрекет деңгейлері |
Тәрбиешінің іс әрекеті: |
Балалардың іс -әрекеті. |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Алдын-ала дайындалған орман
көрінісі (шыршалар, ағаштар ойыншық аңдар). Қане бәріміз сиқырлы кілем үстінде жаттығу жасап сергіп алайық. Әйтпесе алдағы кедергілерден өту қиынға соғады. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар. |
Балалар ертегі оранға саяхатқа баратындарына қуанады. Балалар қапты көріп таң қалады.Қаптың ішінде не бар екенін білгілері екеледі. Тапсырманы орындауға асығады. |
|
Іздену ұйымдастырушы |
Балалар орман ішінде ешнәрсеге тиіп кетпеуіміз керек. Әйтпесе орманнан кері шығу қиын болады. 1.Балалар алдымызда ағаштар өсіп тұр. Ол ағаштарға тиіп кетпей, арасымен жүріп өтуіміз керек. 2.Алдымыздан сынған ағаш бұтақтары жатыр екен, ол бұтақтардан абайлап аттап өтулерің керек. Міне балалар орман іші қандай әдемі. Ағаштар, құстар, аңдар - бәрі орманға сән беріп тұр. Балалар сендер кедергілердің бәрінен жақсы өттіңдер. Енді қызықты ойын ойнайық: Ойын:« Қарлар және жел» Мақсаты: Балалардың еліктеу дағдысын, байқампаздығын дамыту, ұжымдасып ойнауға үйрету.Жүгіру, айналу, отыру қимылдарын меңгеруге жаттықтыру. Тәрбиеші : Ал, қазір кім көңілді екенін қараймыз, кім аяздан қорықпайды екен? Тәрбиеші – «жел» желдің соққанын бейнелейді. Ал, балалар – «қарлар», ұщқан қарларды бейнелеп алаңда қозғалады.Тәрбиеші үрлеп тоқтаған кезде балалар тығылады (отырып қалады). Балалар, міне біз барлық кедергілерден мүдірмей өттік. Енді қаптың аузы да ашылды. Қараңыздаршы оның ішінде сендерге арналған тәттілер бар екен. Балаларға үлестіріп береді. |
Балалар барынша абай болуға тырысады. 1.Бұрын меңгерген қимыл түрін қайталайды. - жыланша ирелеңдеп заттардың арасымен жүріп өту 2.Жаңа қимыл түрін меңгереді. - Екі аяқпен секіру. Балалар ойынды қызыға ойнайды. Балалар қаптың ішіндегі тәттілерге қуанады. |
|
|
Балалар біз қай да бардық? Онда не істедік? Не тауып алдық? Ол неліктен ашылмады? Сендерге саяхат ұнады ма? Белсенді қатысқан балаларды мадақтайды. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. Сапта жүріп, жүгіріп, тыныс алу жаттығуын жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білу:Жаттығу қимылдарын
Үйрену:Сап ережесін орындауды
Игеру:Қимылды жаттығу түрлерін
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Реттік сандарды қайталау.
Мақсаты: Балаларды реттік санауға машықтандыру, сандық және реттік санауды айыра білуге үйрету.Ойлау қабілеттерін арттыру,«5-ке дейінгі сандарды ретімен санауға, сандық және реттік санауды айыруға, қанша?
нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету; заттардың арасынан геометриялық фигураларды таба білуге үйрету; 5 затты ұзындығына қарай сәйкестендіру, заттарды ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай бір қатарға орналастыру (заттың ішінен ең ұзынын ( қысқасын) алу керек деген ережені ұстану керек.)
Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, түсіндіру, тапсырмалар, сұрақ-жауап, ойын «қолғапқа жасырынған кім?»
Қажетті көрнекі құралдар: Әр балаға ұзындығы 20-дан 12 сантиметрге дейін біртіндеп қысқарып отыратын 5 жолақша, түрлі геом-қ фигуралар,цифрлар.
Қос тілділік компонент: бес-пять, қанша-сколько,нешінші-какой по счету.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешенің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығн ояту кезеңдері Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Жылулық шеңбері: Күлімдеп күн бүгін, қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін, қарады саған да, Шуағын шашып нұр, Сәлем күн анаға. Тақтамен жұмыс: Үстел үстінде жатқан цифрлардың арасынан 3 пен 4 сандарын тауып,солар туралы тақпақ айтып беру. Үлестірмелі материалмен жұмыс. -Балалар, кімде неше жолақша барын және олардың түсін айтып беру. Олардың ұзындығы туралы қандай пікір айтуға болатынын түсіндіріледі. -Кәне, балалар ең ұзын және ең қысқа жоақшаны көрсетіңдер. -Жолақшаларды ең ұзынынан бастап ең қысқасына дейн қағаз бетіне жайып қойыңдар. Тақтаға 2-3баланы шығарып,жолақты жоғарыдан төмен ,төменнен жоғары жылжыта отырып,өлшемін ретімен атуды сұрайды ,ал қалған балалардан сәйкес жолақтарды саусақпен санап отыруды сұрайды. Сұрақ: «Барлығы неше жолақша бар екен?Оларды қандай тәртіппен орналастырдық?» Сергіту сәті:Аппақ аппақ қар аппақ, Қар жамылған дала аппақ, Қырау-қырау тал аппақ, Айналанын бәрі аппақ. «Қолғапқа жасырынған кім?»ойыны. 1 – тапсырма Балалармен бірге суретті қарап шығып мынадай сұрақтар қойылады: -Балалар,суретші мына суретті қай ертегіге арнап салған? -Бұл ертегіде бірінші болып кім келеді? -Екінші ше...? -Бесінші болып келген кім? -Суретші ненің суретін салуды ұмытыпты? Берілген тапсырма бойнша балалар екінші және төртінші келген аңдарды бояуы тиіс. 2-тапсырма. -Балалар, сол қолдарыңмен оң құлақтарыңды,ал оң қолдарыңмен мұрындарыңды ұстаңдар. Тілеген тіктртбұрыштың ортасына дөңгелек,жоғары оң жақ бұрышына шаршы,төмеңгі сол жақ бұрышына сопақша,төмеңгі оң жақ бұрышына үшбұрыш,жоғары сол жақ бұышына тіктөртбұрыштын суретін салуын сұрайды. -Тіктөртбұрыштағы фигуралар калай орналасқан? 3-тапсырма. «Қоян қандай фигуралардан құралған?» Балаларға жұмбақ жасырылады: Дөңгелек те емес,Шеңбер де емес, бірақ соған ұқсап тұр.Бұл не? Суретке мұқият қарап шығып қояннын қандай фигуралардан құралғанын сұрайды. Содан соң қоян құрастырылған геометриялық фигураларды бояуды тапсырады. -Неге дөңгелек боядындар?(2) -Неше сопақша боядындар?(5). |
Жылулық шеңбері: Күлімдеп күн бүгін, қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін, қарады саған да, Шуағын шашып нұр, Сәлем күн анаға. Балалар 3 пен 4 цифрларын табады және тақпақ айтады. Бұл -3 саны.... Бұл -4 саны..... Балалар жолақшалармен жұмыс істейді. Балалар берілген тапсырманы орындайды. Балалар тапсырманы өз бетінше орындайды. Балалар суретті қарап шығады және сұрақтарға жауап береді. «Қолғап»ертегісіне . Тышқан. Бақа. Қасқыр. Ит. Балалар бақа мен түлкіні бояйды. Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді. Сопақша. Қоян сопақшалар мен шеңберлерден құралған. Екі,бес. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. |
||
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі а |
-Суретші қолғап ертегісінен неше аңның суретін салыпты? -Түлкі нешінші келді? Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау. |
Бес аңның суретін салды. Түлкі төртінші келді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі:5саны көлемінде санауды ,заттардан геометриялы фигураларды табуды ;
Меңгеруі:Сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырата білуді;қағаз бетінде бағдарлауды.
Жасай алуы:ұзындыңы бойынша 5 зат арасындағы қатынасты қою туралы түсінікті;қалған заттардың арасынан ең ұзынын ,ең қысқасын таңдау қажеттігін.
Тақырыбы: «Екі әтеш» ертегісі Бөлімі: «Көркем әдебиет» Мақсаты: Білімділік: Ертегіні тыңдай білу; Дамытушылық: Өз түсінігін жүйелі айта білуге баулу; Тәрбилілік: Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру; Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: өткеннен шолу. Әдіс тәсілдер: сөздік,көрнекілік,әңгімелеу,түсіндіру,көрсету; Қажетті көрнекі құралдар: ертегі мазмұнына сәйкес суреттер,хрестоматия. Билингвальді компонент: Әтеш- петух - cocks.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезең |
Шаттық шеңбері Ғажайып түс көрдім, Таң ата мен бүгін. Ертегі әлемінің Нұрына шомылдым. Жұлдыз-айы көркем, Әдемі еді неткен. Құстары сөйлейді, Бұлттары тербейді, Мен оянып кеттім,әттең... Ертегілер,ертегілер, Неге мені ерпедіңдер? Әлеміңнің ғажап күйін Шертпедіңдер сендер. Гүл тердім бақтардан. Әр гүлде бір арман. Таусылмайтын тәтті Сый әкеліп жатты Жан біткеннің бәрі маған. |
Ертегіні тыңдата отырып,қимылдар жасату. |
|
Іздену ұйымдатырушы |
Кіріспе әңгіме -Балалар, сендерге өлең ұнады ма? -Өлең не туралы? -Қандай ертегілерді білесіңдер? -Бүгін біз «Екі әтеш» ертегісімен танысамыз. «Екі әтеш» ертегісін мәнерлеп оқу. Сұрақ-жауап -Ертегі қалай аталады? -Әтеш қандай құсқа жатады? -Ертегі не жайлы? -Екі әтеш нені қызғанады? -Не үшін төбелесті? Сергіту сәті Қораз,қораз,қоңқылдақ, Ерте тұрып қоңқылдап, Алтын айдар басында, Ән салар үй қасында. Дидактикалық ойын: «Үй құстарын ата» ойыны. Мақсаты: Ұқсас заттарды таба білуге үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа үйрету. |
Ұнады. «Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ», «Шалқан»,т.б. Екі әтеш Үй құсы Әтеш жайлы Балалардың жауабы Бойларын сергітіп алады Ойынға қызығушылық танытады. |
|
Іс-әрекетті бағалау кезеңі |
- Балалар, бүгінгі оқу іс – әркетінде біз не істедік? - Екі әтеш не әстеді, олар бір-бірімен тату болды ма? - Балалар, екі әтеш сияқты бір бірімізбен араз болуға болмайды. Араздасқан еш нәтижеге апармайды. Біздер де топта ойнағанда өзара төбелеспей тату ойнауымыз қажет, сонда ғана біздің ынтымағымыз арта түседі. |
- «Екі әтеш» ертегісімен таныстық. - Олар екеуі бір – бірімен араз болды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: ертегінің мазмұнын ; Қандай түсініктерді игереді: жақсы қасиеттерді игереді ; Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әтештердің жағымсыз қылықтарын түсінеді;
Білім беру салалары: «Денсаулық»
Бөлімдері: Денешынықтыру
Тақырыбы: «Еңбектеу және өрмелеу»
Мақсаты: Гимнастикалық таяқшамен орындалатын жаттығулардың жаңа түрлерін меңгерту.Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық, ептілікті дамыту.Балаларды еңбектеуге және өрмелеуге үйрету
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: жаттығуларды қайталау
Әдіс – тәсілдері :жүру, жүгіру, еңбектеу, өрмелеу.
Қажетті көрнекті құралдар:әрбір балаға гимнастикалық таяқша, көз байлайтын материал, педагогтің таңдауына қарай алынған құралдар.
Қостілділік компонент :
|
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
|
Қолды екі жаққа созып, білезігін айналдырып жүру, қолды жоғары көтеріп жүру. т,б, |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Б.қ.: негізгі тұрыс. Таяқшаны төмен ұстау 1-таяқшаны алға созу 2-оң қолды төен созып,сол қолдағы таяқшаны тігінен ұстап, жоғары көтеру. 3-таяқшаны алдыға созып ұстау 4-сол қолды төмен түсіріп,таяқшаны оң қолға ауыстырып, таяқшаны жоғары көтеру. 5-таяқшаны алдыға созып ұстау. 6-бастапқы қалыпқа келу. Б.қ.:аяқтың арасын ашып тұру,екі қолды шынтақтан бүгіп,таяқшаны кеуде тұста ұстау. 1-2 алға иілу,еденге қолды тигізу; 3-4 бастапқы қалыпқа оралу. |
Жаттығуларды 4-5 рет қайталау. |
|
|
Б.қ.:негізгі тұрыс,таяқша еденде жатады. 1-оң аяқпентаяқшаны аттап,алға бір адым жасау.2-сол аяқты оның қасына алып келу; 3 – оң аяқпен таяқшаны аттап, артқа бір адым жасау.4-сол аяқпен бір ады жасау. Б.қ.:тізерлеп тұру, таяқшаның екі шетінен ұстап, жауырынға қойып тұру.1- таяқшаны жоғары көтеру. 2- оңға иілу. 3-түзу тұрып, таяқшаны жоғары көтеру.4- бастарқы қалып, Дәл солай сол жақпен орындалады. 2. Негізгі жаттығулар. (Педагог 4-6 жаттығуды өзі таңдайды.) -3-4 м қашықтықты басымен допты итеріп, еңбектеп өту. -қаз – қатар тұрған заттардың арасынанеңбектеп өту. -2-3 м қашықтықты артқа қарай еңбектеп жүру. -көлбеу қойылған тақтайшаға жорғалап шығу және одан сырғып түсу. Көлбеу қойылған тақтайшаға өрелеп шығып, одан соң гимнастикалық қабырғаға өту; -көлбеу қойылған баспалдақпен өрмелеу 3. «Кім шақырғанын анықта!» ойыны. Шарты: Балалар дөңгелене тұрады. Ортаға бір баланың көзін байлап, шығарады.Балалардың біреуі баланың атын атайды, көзі байланған бала өзінің атын кім атағанын даусынан тану керек. |
Жаттығуларды орындау барысында педагогтың айтқанын мұқият тыңдау. Ойын барысында тыныштық сақтап, бар зейіндерін салып ойнайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Әрбір жасалған үш адымнан кейін қол шапалақтап жүру. |
Бір тізбекпен және жұп болып жүреді. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: гимнастикалық таяқшамен орындалатын жаттығудардың жаңа түрлерін,
Түсінеді: ойын шартын;
Қолданады:еңбектеу және өрмелеу дағдыларын;
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Тотықұс
Мақсаты: геометриялық пішіндер арқылы тотықұстың суретін салуды үйрету;
тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу;
ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар,
Көрнекіліктер: тотықұстың үлгі суреті, альбомдар, акварель, гуашь, қарындаштар, дидақтикалық ойындар.
Билингвалды
компонент: тотықұс-павлин, ұшу-летать, бас-голова, тұмсық-клюв, сарыбауыр-желтобрюх, моховик.
|
Іс - әрекет Кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс –әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Жүректен-жүрекке» шаттық шеңбері Бір-біріне жылы сөздер айтуды ұсынады. Үлгі суреттер көрсетіп, ретімен салғызады. «Ұшты-ұшты» ойынын ұйымдастырады. Ұшатын құс пен көліктерді атағанда қанаттарын жайып ұшуды, ұшпайтын заттарды атағанда жай тұруды ұсынады. |
Шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздер айтады. Ережесін түсініп алып, ойынға қызыға қатысады. |
|
Ұйымдастырушы- лық-ізденістік |
Тотықұстың суретін салу технологиясы: Сопақша пішін (денесі) мен оның оң жағына дөңгелек (басы) саламыз; Сопақшаның төменгі жағына екі сызықша (тұмсығы) сызамыз; Сопақшаның сол жағына үшбұрыш пішінін (құйрығы) саламыз; Сергіту сәті Сарыбауыр шымшықтар, Қыстан аман шықтыңдар. Жазды көріп жайнаңдар, Қуанғаннан сайраңдар. Құстың бейнесін бояймыз. Мақал «Тотықұс бойына қарап зорланады, Аяғына қарап қорланады» Мақалдың мағынасын түсіндіреді. |
Тотықұстың денесін, басын салады. Тұмсығын салады. Құйрығын салады. Қимыл-қозғалыстар жасайды. Суретін бояйды. Мақалды тыңдап, мағынасын түсініп алады. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Көрме ұйымдастырады. «Текше» ойыны арқылы қорытындылайды. Текшені кезекпен лақтырып, түскен сурет бойынша қандай әрекет жасағандарын атап айтуды ұсынады. Балаларды жасаған еңбектерін бағалап, жақсы жақтарын мадақтайды. |
Суреттерін көрмеге қойып, салыстырады, тамашалайды. Ойынға қатысып, оқу іс-әрекетінде немен айналысқандарын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: құс түрлерін.
Нені игереді: геометриялық пішіндер арқылы тотықұстың суретін салуды.
Нені біледі: қылқаламды дұрыс пайдалануд
Конспект
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы:Торғай
Мақсаты: фломастер,қағазбенмжұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,қағаз бетіне нүктелерді түсіруді үйрету;ойын тәсілдері арқылы ой-қиялдарын дамыту;құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу
Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар
Әдіс- тәсілдер:көрсету,түсіндіру,әңгімелеу
Қажетті құрал-жабдықтар:фломастер немесе үшкір ұшталған таяқша(гуашқа батырылады),торғайлардың суреті «Мысық пен торғай» ойынына қажетті суреттер
|
Оқу қызметінің кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Тәрбиеші тақтада ілінген суретке балалардың назарын аударып,не көріп отырғандарын сұрайды. -Суреттегі торғайларға қараңдаршы,олар не істеп отыр?Торғайларға қандай көмек көрсетуге болады |
Балалар торғайларға таңдана қарайды. Торғайларды көріп тұрғандары жөнінде әңгімелеп береді |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Сурет бойынша қысқаша әңгіме сұхбаттан соң тәрбиеші балалардың әрқайсысына торғайдың суреті слынған парақтар таратады -Енді біз торғайларға жем шашайық. Нүктелерді тақтадағы қағаз бетіне түсіре тұрып,келесі өлең жолдарын оқиды: Торғай,торғай,торғайсың, Таяу келіп қонғайсың Дән шашайын тойып ал, Суыққа сонда тоңбайсың -Тәрбиеші қолындағы торғайдың мүсінін қозғалта отырып,салынған нүктелерді жем деп шоқытады -Ал енді өздеріңнің торғайларына жем шашыңдар,мен көрейін.Менің торғайым бөтегесі бұлтиып тойып алады.Кәне,сендер торғайларыңа жемді қалай беретіндеріңді көрейік.Тәрбиеші балалардың жұмыстарын аралап жүріп көреді -Жемді көбірек шашсаңдар,торғайлар тез тояды.Алдарыңдағы фломастерді немесе таяқшаны пайдаланыңдар.Балалар жұмыстарын аяқтаған кезде тәрбиеші мынадай ұсыныс айтады: -Кәне,балалар,енді маған торғайлар қалай ұшатынын көрсетіңдеші Сергіту сәтін жасатады |
Қолдарын жандарына созып ,қанат қаққанды бейнелейді,су ішкенін,жем шоқығанын,секектеп жүргенін көрсетеді Балалар бірге жасайды Балалар тәрбиешінің түсіндіруі бойынша қағаз бетіне нүктелерді шашырата салады Сергіту сәтін жасап,біраз демалып алады.Қанаттарын жайып,торғай секілді ұшқанын жасайды |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Тәрбиеші балалардың жұмыстарына басшылық жасап,жеке нұсқаулар береді.Аяқталған жұмыстарды мадақтап,сабақты қорытындылайды |
«Мысық пен торғайлар»ойынын ойнайды |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырта алады: қағаз бетіне нүктелерді түсіруді,ойын тәсілдері арқылы ой-қиялдарын дамытуды
Түсінеді: құстар және оларды тамақтандыру жайында түсініктерді
Қолданады:фломастермен немесе таяқшамен,қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас.
Тақырыбы: «Үшбұрыш. Бір – көп. Логикалық тапсырма».
Бөлімі: Қарапайым Математикалық Түсініктерді Қалыптастыру.
Бағдарламалық міндеттері: Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру. Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану. Таныс заттардың көлеміне қарай әне санына қарай салыстыруды үйрету, қоршаған ортадан бір әне көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің материалы: үшбұрыш, логикалық тапсырмалардың суреттері.
Әдіс тәсілі: Түсіндір, Сұрақ - жауап
Алдын – ала жұмыс: Әңгімелеу
Трилингваль құраушы: үшбұрыш – треугольник - triangle
|
Шығармашылық бөлім |
Тәрбиешінің әрекеті |
Баланың әрекеті |
|
Ұйымдастырушы қозғаушықызмет түрі |
Балалар бізге сиқырлы қорапша келіпті. Бұл қорапшаның ішінде бізге әкелген көптеген тапсырмалар бар екен. Балалар тапсырмаларды орындауға дайынбызба? |
Балалар сиқырлы қорапшаның келгеніне таң қалады. иә дайынбыз |
|
Іздену-ұйымдастыру бөлімі. |
Балалар біз қандай геометриялық фигураларды білеміз? Балалар бір көп деп бір немесе көп нәрселерді атаймыз. Біз қазір ойын ойнаймыз. Ойын: «Дұрыс қой» Шарты: Алдарында тұрған ыдыстарға бірінші ыдысқа бір конфет қоямыз, екнші ыдысымызға екі конфет қоямыз, үшінші ыдысымызға төрт конфет қоямыз. Сергіту сәті. Бір дегенде – тік тұрамыз, Екі дегенде – екі рет айналамыз. Үш дегенде – үш рет секіреміз, Төрт дегенде – отырамыз. Балалар біздің топта үшбұрышқа ұқсайтын зат барма? Алдарында тұрған үшбұрыштарды бірінші үшбұрышты қызыл түспен боймыз, екінші үшбұрышты жасыл түспен бояимыз.
Ойын: «Заттар қандай фигураға ұқсайды» Шарты: Топта қандай заттар фигураға ұқсайтынын атайды. |
Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер. Балалар алдарында тұрған ыдыстарға конфетті ұйымдастырады. Бірінші үшбұрышты қызыл түспен, екінші үшбұрышты жасыл түспен бояиды. Сергіту сәтін қимыл арқылы орындайды. Балалар топта тұрған заттарды фигураға ұқсатып атайды. |
|
Жетекшітүзетуші |
|
Балалар қортынды сұрақтарға жауап береді |
Білу: Геометриялық фигураларды атайды.
Қолдану: Заттардың көлемін үлкен – кіші бойынша салыстыра білуі.
Қолдана білу: Қоршаған ортадан үшбұрыш нысандарды заттарды таба білуі.
Тәуелсіздік күн
Туған өлкем мақтанышым менің
Ортаңғы топ
Балалар әдемі әуен ырғағымен қолдарына жалауша ұстап залға кіреді, би қимылдарын көрсетеді.
Жүргізуші: құрметті қонақтар, сүйікті балалар бүгінгі біздің ертеңгілігіміз Отанымыздың Тәуелсіздік күніне арналады
-Балалар, Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды және егеменді ел болды.
Тәуелсіздік - ата-баба арманы
Тәуелсіздік жеңіс елді шарлады
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы
Әнұран
Жүргізуші:
Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім -әнұран, ту, елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
1бала:
Айналайын аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
2бала:
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
3бала:
Отанымның гүлі көп
Өсіп, баулап, баптаған
Бақытты елдің ұлы боп,
Жүргеніме мақтанам!
Жүргізуші: Балалар ,«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары:
-Отан дегеніміз елім, жерім, бауырым, табиғатым
Жүргізуші: Ал, біздің балалар Отанға деген жылы сөздерін өлеңмен,тақпақпен жеткізеді.
Ән «Отан»
Музыкасын жазған И.Нүсіпбаев
Сөзін жазған Е.Елубаев
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз
Отаным – өзегім сен,
От алдым өзіңнен мен.
Жаралдым топырағыңнан
Нәр алдым өзеніңнен.
Тазша бала(атпен шауып кіреді)
-Ассалаумағалейкүм!
Балалар: -Аман -есенсіз бе!
Тазша бала: -Балабақшаның қасынан шауып бара жатып, сендердің әсем әндеріңді естіп әдейі бұрылдым
Тойларың құтты болсын!
Қазақстан көркейе берсін!
Мен - Тазша баламын-
Көңілді ,сергек, батылмын.
Достықты қастерлеймін
Ойынды, биді ұнатамын!
Жүргізуші: -Төрлетіңіз, біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Құрметті қонақты отырғызады
1.бала
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем.
2.бала
Асқар ,асқар тауым бар
Қазыналы жерім бар
Көгінен нұр төгілген
Қазақстан деген жерім бар
Тазша бала: -Отан туралы ,ел жайлы кім мақал –мәтел біледі екен?
3бала: Отан елдің анасы,
Ел - ердің анасы.
4 бала:Отан оттан да ыстық.
5 бала: Туған жердің күні де ыстық,
Үні де ыстық
Ән «Біз өмірдің гүліміз»
Сөзін жазған Ә. Дүйсенбиев
Әнін жазған Б Ғизатов
Тазша бала: - Рахмет, балалар! Сендермен ойын ойнап көңілім көтеріліп, рахаттанып қалдым. Бәрекелді! Жарайсыңдар! Өлең де, мақал-мәтел де
біледі екенсіңдер!
Еркелеткен төрінде
Елімізді сүйесіңдер
Ата-баба қалдырған
Байлығына иесіңдер!
(Қоржынын ашып, сыйлықтарын таратады)
Достарыма ашып құшағымды
Таратайын қоржынымдағы тағамымды.
Балалар: -Рахмет!
Тазша бала балалармен қоштасып, атына мініп , қайтады.
Жүргізуші: Балалар, біз енді тойымызды дастархан жайып, топта жалғастырайық.
Отаным – Қазақстаным
Ересек тобы
Үнтаспадан Р. Рымбаева орындауында «Қазақ елі» әні естіледі
Музыкалық – ырғақтық жаттығу
Тәрбиеші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді
Халықтың енді, міне, жетілгені
Құрыштың білінбейді кетілгені
Аталап Қазақстан ел боп туып,
Үй тігіп, ірге қалап, бекінгені.
1 бала:
Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы,
Бесігім болып тербеткен
Бәрі: - Отаным – Қазақстаным!
Гимн
2 бала:
Туған жерге нұр шашып жарық берген
Қуаныш пен мол бақыт алып келген
16-желтоқсан шуақ болып
Тәуелсіздік еліме алып келген.
3 бала:
Ардақтайды бұл күнді
Келетұғын ғасырың,
Аялайды ер мұны
Өміріңдегі ендігі.
4 бала:
Мой Казахстан – степей просторный край
Мой Казахстан – страна любви и дружбы.
Мой Казахстан! Ты мир для всех народов –
Расти, мой Казахстан, и процветай!
5 бала:
Бауырласып бір туысқан,
Ұлттары көп - жүзден астам,
Тілі түлеп, діні оралған
Тәуелсіз ел – Қазақстан!
Өлең «Елім менің Қазақстан»
Балалар отырады
Жүргізуші: –Бүгін бізде үлкен той – Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік күні. Балалар, бір сәт тарих қойнауына үңіліп, біздің қастерлі белгілеріміз не дейді екен, тыңдап көрейікші.
Алтын адам:
Жас ұрпақ, сенің сақ бабаң,
Алтынға мені ораған.
Өйткені, оның ең қымбат,
Тәуелсіздігін қорғағам!
Барыс:
Таулардың мекендеген қарлы шыңын,
Киелі Азияның барысымын.
Оты бар кеудесінде ұл-қыздарды,
Жеңіске жетелейтін намысымын!
Пырақ:
Мен пырақпын, қанаты бар тұлпармын,
Көз талдырар биіктікке құштармын!
Ұста мықтап қанатымнан, мен сені,
Мекеніне жеткіземін құстардың.
Қыран:
Өр кеуде, алғыр қыранмын,
Биіктік мәңгі тұрағым.
Қиянды шырлап, самғаймын,
Еркіндік менің ұраным!
Жүргізуші:
-Еліміз үшін қасиетті болып саналатын осы белгілер бейнеленген Мемлекеттік рәміздеріміз туралы не білеміз?
Қазақстан туы. (С.Қалиұлы)
Көк аспандай көкпен бек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы
Ақ ниетті алтын күн
Асқақ арман –қ ыраны
Жалау бұл халқымның
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің (С.Қалиұлы)
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Құт, береке-шаңырақ
орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Бізддің Отан –Қазақстан,
Ел басамыз – Нұрсұлтан.
Бас қаламыз –Астана
Жаңа туған жас қала!
Ән «Бақытты балалық шақ»
1бала:
Киіз үйдің құрылысына қарасам,
Таңғаламын, түсіндірем қаласаң.
Босағасы тастай берік есіктің,
Маңдайшасы боп келеді аласа.
2бала:
Ірі болған бабаларым шетінен,
Аласа есік жасады екен несінен?
Көп ойланып, көп толғанып, ақыры
Бар даналық түсті ме екен есіне?
3бала:
Әдейілеп жасады ма білсін деп,
Шалқайғанның шекесіне тисін деп.
Мейлі дана, мейлі патша болса да,
Шаңыраққа басын иіп кірсін деп.
Жүргізуші: -Біздің дана бабаларымыз өзі жатты сыйлай білген, өзін де жатқа сыйлата білген.
4бала:
Үй болғанда бата берер ата кеп,
«Шаңырағың биік болсын, балам»-деп.
Кішкентайдан тақылдайды кенже ұл:
«Шаңыраққа ие болып қалам» - деп.
Жүргізуші:
Сонау қиын заманда,
Жау ниеті жаманда.
Ақтабан боп шұбырып,
Алқакөлге барғанда.
Жау шауып, ел аңырап,
Дала қапты қаңырап.
Бәрін қайта жинапты,
Аман қалған Шаңырақ!
Би «Шаңырақ»
Жүргізуші: Кең байтақ туған өлкем Қазақстан,
Мен сені арқашанда мақтан тұтам.
Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен
Баршаны байлығымен таңғалдырған
Төбеңде көк байрақты желбіретіп
Жасашы, жасай берші, Қазақстан!
Ән «Айналайын»
Сөзі мен әні Т.Бейсембек
18
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәуелсіз ел-ұрпағы"

шағым қалдыра аласыз