"Тәуелсіз ел ұрпақтары" атты 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіз ел ұрпақтары" атты 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстарзар мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты Тәуелсіздіктің 29 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік кештің сценарийі


1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:.Добрый день, дорогие друзья, уважаемые учителя и гости праздника! Мы рады приветствовать Вас в этот торжественный час в нашем зале. 16-го декабря наша Республика отмечает знаменательный праздник – День Независимости! 


3-жүргізуші:. Good day, dear pupils, teachers and guests! This celebration is dedicated to Independence Day. Welcome to our party!


2-жүргізуші:Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын! 


3-жүргізуші:Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды.


1-жүргізуші:.Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.


2-жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


3-жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін! МАРШ

(ту кіреді)


1-жүргізуші: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні


2-жүргізуші: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан-Гулстан!
Осы орайда алғашқы құттықтау сөзді мектеп –гимназия директоры ------------------------ береміз


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығартылсын! МАРШ

(ту шығады)

Көріністер мен музыкалық ном ерлер


1-жүргізуші:Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған 
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын


2-жүргізуші:Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына


3-жүргізуші:Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі – дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

1-жүргізуші:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


2-жүргізуші:На этом наш праздник подошел к концу. Поздравляем всех с праздником, желаем благополучия и мирного неба над головой! До новых встреч


3-жүргізуші:Our concert has come to an end! Let's congratulate everybody with this celebration again. We wish you well-being, happiness and peaceful blue sky.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2020
2760
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі