Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіз елдің алғыр өрендері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 13.12.2018ж
Пәні:тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елдің алғыр өрендері
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мем лекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге , ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ете отырып оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісі, ақыл-ойын арттыру.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі:1. Бүктемелер
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Жоспары:
Кіріспе. 1.Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой ерлікке.
2. Өткен жылдар жемісі.
3. Өз тарихыңды білесің бе? (сұрақ-жауап)
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Қызығушылығын ояту.
Балалар бүгін қандай мереке? (оқушылардың жауаптары)
Бүгін еліміздің түпкір-түпкірінде үлкен мереке, үлкен той. Барлық мектептерде білім күні тойлануда. Еліміз тыныш, республикамызда өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен дос, бауыр секілді.Сондай-ақ жас ұрпақтың жақсы, терең білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Атамекен әні орындалады (хор). Осы уақыт ішінде еліміз көптеген табыстарға қол жеткізді. Әлемге әйгілі болды. Әрине,тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.
-Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың жауаптары)
Аталар арманы орындалып, халқымыздың мерейі үстем болды. Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз ел болу дегеніміз - ешкімге бағынышты болмай, өз еркімен өмір сүру деген сөз. Олай болса, біздің алғашқы тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіз елдің еркін өрендері» деп аталады.
Күндер өтті кешегі,
Несіне оны жасырам.
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән.
Оқушыларды 3 топқа бөлу
-
«Тәуелсіздік»
-
«Желтоқсан»
-
«Отан»
Бүгін әр топ атауларын дәлелдеу арқылы тәрбие сағатымыздың мәнін ашады.
«Тәуелсіздік»тобын тыңдайық
Жания.Бақ жұлдызым сөнбейтін маңдайдағы,
Тәуелсіздік тәтті ұғым таңдайдағы.
Қазақстан қарыштап күннен-күнге,
Азат елдің қыраны самғайды әлі.
Нұрдаулет.Еркін елміз азаттықты аңсаған,
Тәуелсіздік,тәубә деймін мен саған.
Сақтайық деп тіл мен дінді басқадан,
Барша қазақ мен сендерге жар салам!
Жәнерке.Тәуелсіздік-рухы күшті ғажап күн,
Бізге оңай келген жоқ қой азат күн.
Еркіндіктің желбіретер көк туын,
Біз жастармыз, болашағы қазақтың
Ерсұлтан.Ел үшін жаным менің дауға бекем,
Ұмтылам найзамды алып жауға бөтен.
Бабам төккен қанменен бірге келген ,
Тәуелсіздік, мен саған тәубе етем.
Азиза. ҚР 1991 жылы 16 желтоқсанда өз Тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен, мақтанамыз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Мен қазак болып туғаныма мақтанамын. Өйткені мен тәуелсіз, еркін елдің ұланымын!
Мұғалім. Балалар, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік алуға себепкер болған 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған оқиға еді. Сондықтан келесі кезекті «Желтоқсан» тобына берейік.
Аружан. Желтоқсанның ызғырына қарамай,
Бас алаңда жастар жүрді тарамай
Кеуделерін намыс оты кернеді,
Азаттықты қолдарына алалмай
Жұпар. Қалың әскер қаумалайды жаналай,
Тыныштықтың шырқын бұзды танадай,
Кінасы жоқ жастар менен санаспай,
Ұрып-соқты түгел бәрін аямай.
Санжар.Тәуелсіздік еді көптің қалауы,
Жалындады желтоқсанның алауы.
Ағалар мен апалардың ерлігі,
Еркіндіктің желбіреген жалауы.
Мирас. Келер күнге менде қанат сермедім,
Тербеледі бейбіт өмір есігі –
Қайрат, Ләззат, Ербол сынды ерлердің,
Ел есінде сақталады есімі.
Тәуелсіздік күні көп мейрамның бірі емес. Ол ұлт намысының рухы асқақтаған күн. Ол ұмытылмайтын тарих. Қазақ жастарының ерлігі мен қайсарлы кейінгі ұрпаққа үлгі. Мұғалім. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Желтоқсан оқиғасы» болған бұрынғы Брежнев атындағы алаң Республика алаңы болып өзгертілді. Осы жаңа алаңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария етті. Көп ұзамай Тәуелсіздік ескерткіші бой көтерді. 2006 жылы «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығына орай Алматыда бір қолында ақ жаулығын желбіретіп татулыққа шақырған, екінші қолына бейбітшілік құсын ұстаған ана тұлғасы бейнеленген
«Тәуелсіздік таңы» ескерткіші бой көтерді.
Енді «Отан» тобының ойын тыңдайық.
. Отан дегенде ең әуелі есімізге еліміздің рәміздері түседі.
Мақтансаң, мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаны.
Елтаңба, Туың, Әнұран,
Шырқатты биік арманды.
Қасиетті рәміздеріңді,
Ардақтап өтер бол мәңгі.
Ханкелді. Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, қолдайды.
Өйткені Отан баласындай ,
Бізді асырап, қорғайды.
Ақмарал. Отан-анам,
Отан-әкем.
Осы сөзім қате ме екен.
Қате боса неге біздер,
Дейміз оны Атамекен?
14 – оқушы. Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам - бас қалам!
Балалар, еліміз тәуелсіздік алғалы қандай жетістіктерге жетті.
Өткен жылдар жемісі.
1991 жылы 29-тамызда Елбасы Семей ядролық палигонын жабу туралы
Жарлыққа қол қойды.
1991 жылы желтоқсанның бірінші жұлдызында республика жұртшылығы
тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Тәуелсіздік алған соң өз еркімізбен ядролық қарудан бас тарттық.
1992 жылы қазан айында тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.
4-маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдары қабылданды.
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевқа 150 жыл толды.
Осы жылдың 30-тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясы қайта қабылданды.
1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белгіленді.
1998 жылы «Халық бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
1998 жылы жаңа Астана еліміздің болашағының символына айналды. Бас-аяғы 2-3 жылдың ішінде САрыарқаның нақ ортасында, Батыс пен Шығыс өркениеттерінің мәнді белгілерін бойына жинаған әсем шаһар пайда болды. Еліміздің әкімшіл-әміршіл жүйесі нарықтың экономикалық жүйесіне ауысты. Өтпелі кезеңнен экономикамыз тұрақтану кезеңіне аяқ басты.
Мұнай қоры мол Қашаған кен орнының ашылуына байланысты Қазақстан мұнай өндіру бойынша әлемде 5-орынға көтерілді.
Еліміз мырыш қоры бойынша әлемде І орын, қорғасын қоры бойынша ІІ орын, марганец қоры бойынша ІІІ орында.
2010 жылы елімізде Ақ Азиада алауы жағылды.
Өз тарихыңды білесің бе?
-
Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?
-
Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
-
16-желтоқсан қандай күн?
-
Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
-
Тудың авторын атаңыз.
-
Елтаңбаның авторы кім?
-
Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?
-
Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?
-
Биыл Ата заңға неше жыл?
-
Қазақстанның мемлекеттік, ресми, халықаралық тілдерін атаңыз
-
«Желтоқсан оқиғасына» қатысқан жастарды білесіз бе?
-
«Желтоқсан оқиғасы» туралы не білесіз?
-
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
-
Қазақтың атақты ұлы ақындарын атаңыз.
15. Қазақ елінің хандарын атап өтіңдер.
16. Қазақ елінің батырларын атап өтіңдер.
17. Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі. (5 мемлекет).
18. Биылғы жылы Тәуелсіз Қазақстан тағы да қандай жетістікке жетті?
Қорытынды. «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.
Үйге тапсырма: Мен тәуелсіз елде өмір сүргенімді мақтан етемін тақырыбына эссе жазу.
Бағалау: мадақтау