Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіз елдің Астанасы" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана: жастарды Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: 113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8- тарау Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Сабақ тақырыбы:Тәуелсіз елдің Астанасы


Күні:

Мұғалімнің есімі: Махаметова Лола

Сынып: 5

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


5.1.2.1. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және

нақты ақпаратты анықтау.

5.4.4.1.Мәліметтерді жинақтай отырып,тақырып бойынша

постер жасау.

5.5.1.7.Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың

қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Мәтінді тыңдайды,мәтін бойынша

нақтыақпаратты анықтай алады, ыңғайластық жалғаулықтарды жалғай біледі әрі түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Ауызша және жазба жұмыстарда ыңғайластық жалғаулардың қызметінорынды қолдана алады.Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасайды.

Кейбір оқушылар:Мәтінді мазмұндайды,қосымша ақпараткөздерінен тақырыпқа байланысты мәліметті таба біледі. Ыңғайластық жалғаулықтарды септік жалғаулардан ажырата алады.


Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

-Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

-Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтай алады.

-Ыңғайластық жалғаулықтардың қызметін біледі және ауыз

ша,жазбаша жұмыстарда орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:Тыңдалым,жазылым.

Терминология:Елорда,қонақ үй,тамашалау, естелік.

Сөз тіркестері: Ағып өтеді, сәулет туындысы, Есіл өзені.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана:

жастарды Қазақстандық патриотизм және азаматтық

жауапкершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы.

Қазақстанның астаналары тақырыбымен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны таныстырылым мен бейнебаянды

көрсету үшін пайдаланамын.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Қазақстан Республикасы туралы мәліметтерді біледі.

Мемлекеттік рәміздерді атай алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар


Басталуы

12 минут

Оқушылармен амандасу,түгелдеу.

Психологиялық жағымды ахуал тудыру.

«Бір-біріне сәттіліктілеу»әдісі арқылы оқушылар бір-

біріне жақсы тілектер білдіреді. Миқатырғыш пазлдар арқылы сынып 3 топқа бірігеді.

1 топ-Бәйтерек

2топ-Пирамида

3топ-Ханшатыр

Пазл арқылы топ атауы шығады.Тақтадағы топ ережесімен танысады.

Үй тапсырмасын « Сұрақты қағып ал» әдісімен пысықтаймын.Дорбаға салынған сұрақтарды оқушыларға

қарай лақтырамын, қағып алып, ішіндегі бір сұраққа

жауап береді.

1.Қазақстанның ұлттық валютасын ата .

2.Қазақстанның валютасы қай жылы қолданысқа енгізілді?

3.Қазақстан валютасының авторларын ата.

Дескриптор:

1.Қазақстанның ұлттық валютасын біледі.

2.Валютаның қай жылы қолданысқа енгізілгенін біледі.

3.Валютаның авторларын атай алады.

Кері байланыс беру.

ҚБ«Бас бармақ»әдісі арқылы сұраққа жақсы жауап берген

оқушы бағаланады.





Ғы пазлдар






сұрақтар

салынған

дорба








Ортасы

20 минут

Қызығушылықты ояту.

Топ атауына байланысты бір-екі дерек келтіруі тиіс.

«Тәуелсіз елдің Астанасы» атты шағын бейнебаянды

көреді.

Ой шақыру сұрақтары:

1.Бейнебаян не үшін көрсетілді деп ойлайсыңдар?

2.Бұл бейнебаянның біздің сабаққа қаншалықты қатысы ба?

Оқушылар көрген бейнебаянның негізінде жаңа

сабақтың тақырыбы анықталады.

Балаларға Қазақстанның астаналары(Орынбор,Қызылорда,

Алматы) туралы айтып өтемін.

Оқушыларды тақтадағы жаңа сөздермен таныстырамын, жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрайды,сөйлемдер құрастырады. Жаңа сөздердідәптерлеріне жазып алады.

Тыңдалым.Оқылым

1-тапсырма «Ойлан-Жұптас-Бөліс»әдісіарқылытыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.Осы мәтіннен түсінгендерін топта бір-біріне түсіндіріп,талқылайды.

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Ол

Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың

ортасынан Есіл өзені ағып өтеді. Астана бұрын Ақмола

деп аталған. Кеңес үкіметі кезінде қала Целиноград деген

атауға ие болған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап

Ақмола Қазақстанның астанасы болып

ресми түрде жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда

Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға

жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері тойы болды. 2006 жылдан бастап «Астанакүні» 6 шілдеге ауысты. Жыл сайын осы күні біз «Астанакүнін» тойлаймыз.

Астана – жас әрі сұлу қала. Астана қаласының бас

символы – «Бәйтерек» монументі. Оның биіктігі –

97 метр. «Бәйтерек» монументі – Есілдің сол жағындағы

алғашқы сәулет туындысы. Астанада көптеген саябақтар,

жаңа ғимараттар бар. 2001 жылы 8 қыркүйекте «Қазақстанкартасы - Атамекен» тарихи – этнографиялық кешені ашылды. Саябақта Қазақстанның барлық қалалары мен тарихи ескерткіштер көрсетілген.

1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО-ның шешімімен

«Әлем қаласы» атағына ие болды.

Дескриптор

-Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және

нақты ақпаратты анықтайды.

-Астана туралы толық ақпарат береді.

-Мәтіннің ішінен ыңғайластық қатынысты білдіретін жалғау

ларды ажырыта алады.

Кері байланыс беру.

ҚБ Жақсы жауап берген оқушыларды жағымды сөздермен бағалаймын.

Айтылым

2-тапсырма «Кубизм»әдісі бойынша сұраққа жауап береді.Әр кубиктің қырында 1-6 ға дейінгі сандар жазулы тұрады. Кубикті тастаған кезде қай қыры түссе,сол қырындағы сұраққа жауап береді.

1) Астана қаласы бұрын қалай аталған?

2) Ол қай жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады?

3) Астана қаласының бас символы не?

4) Астана қаласы қандай атаққа ие болды?

5) Сен Астана қаласын көрдің бе? Қала ұнады ма?

6) Саған Астанадағы қандай жерлер ұнады? Не себепті?

Дескриптор

1.Сұраққа жауап береді.

2.Ыңғайластық жалғаулықтарды жалғай біледі әрі түсінеді.

3.Жазба жұмыстарда ыңғайластық қатынасты білдіретін

жалғаулықтарды септік жалғаулардан ажырата алады.

Кері байланыс беру.

ҚБ Күлегештер арқылы сұраққа жақсы жауап берген

оқушыларды бағалаймын.

Жазылым

3-тапсырма «Тізбекте не түсіп қалған?»әдісі арқылы көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін

қойып жазады,ыңғайластық қатынасты білдіре

тін жалғауларды табады.


1. Астана қаласында тарихи тұлғалар мен елбасына арналған ... көп.

2.Астанада зәулім ғимараттар мен мәдениет сарайлары, ... бар.

3. Біз де «Думан» ойын-сауық орталығына ...

4.Әлемдегі ең биік ғимарат пен әдемі ойын-сауық орталығының жанында ... түстік.

5.Саябақта ...қалалары мен тарихи ескерткіштері көрсетілген.

6.1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астана «Әлем қаласы»...ие болды.

Қажетті сөздер: суретке, демалыс орындары,

ескерткіштер, бардық,Қазақстанның,атағына

Дескриптор

1.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қоя алады.

2.Сөйлем ішінен ыңғайластық жалғауларды таба алады.

3.Жазба жұмысында сөздерді қоя алады да, жалғаулықтард

ды таба алады.

Кері байланыс беру.

ҚБөзара бағалау (топтар бір-бірінің жұмысын тексереді)


Https




Аяқталуы

8 минут

4-тапсырма «Постер жасау»әдісі бойынша мәтіннің негізгітақырыбы мен идеясын ашады.

Дескриптор

1.Мәтінді негізге ала отырып,постер жасайды.

2.Тақырыпқа сай мәлімет береді.

3.Мәтіннің негізгі тақырыбы мен идеясын ашады.

Кері байланыс беру.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

Топта өз ойын еркін жеткізе алған оқушыны осы әдіс

арқылы бағалаймын.

Кері байланыс. « Екі жұлдыз,бір тілек»

Оқушылар сабақтың өн бойында өзіне қажетті екі жағымды ақпарат пен әлі түсінуді қажет ететін бір ақпарат жазуы керек.

Үйге тапсырма ; «Астана –арман қала»атты тақырыпта

шағын мәтін жазу.

Дескриптор

-Мәтін 5-6 сөйлемнен аспауы тиіс.

-Тақырыптан ауытқымауы керек.

плакат

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларға қосымша көмек көрсетуді мына әдіс-тәсілдер арқылы жоспарладым.Сабақ басында оқушыларды сабаққа жақсы қатысу үшін бір-біріне жақсы тілек тілеуден бастадым.Сыныпты 3 топқа біріктірдім.Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Сұрақты қағып ал» әдісімен пысықтадым.Сабақтың ортасында қызығушылықтарын ояту мақсатында «Тәуелсіз елдің Астанасы»атты тақырыпта бейнебаян тамашалап, ой шақыру сұрақтарын қойдым.Сонымен қатар «Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісін қолданып мәтіннің негізгі ақпаратын анықтады.Бұл әдіс арқылы бірлескен оқуды жүзеге асырады. «Кубизм» әдісі арқылы оқушылардың белсенділігін арттырдым. «Тізбекте не түсіп қалған » әдісі арқылы оқушылар сыни ойлау арқылы қажетті сөздерді қойып жазады және ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды табады. Сабақты қорыту мақсатында мен «Постер жасау» арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексердім.Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша ақпараткөздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтабудыұсынамын.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Оқушылардың материалды меңгергенін тексеру үшін, бағалау критериі, соның ішіндеқалыптастырушы бағалау арқылы тексере алдым.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?



Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?



Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақтың оқу мақсаты оқу бағдарламасына

сәйкес алынды.Осы мақсаттар оқу барысында

орындалды.

Бүгінгі сабақта оқушылар мәтіннің мазмұнын түсініп, мәтіннің тақырыбы мен идеясын аша білді,өз көзқарастарын білдіре білді.

Сыныптағы ахуалдық жағдай көңілді болды.

Себебі сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер арқылы қызықты өтті.

Саралау жұмысындағы тапсырмалар тақырыпқасәйкес болды.

Уақытты тиімді пайдаландым.

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім.Себебі

жоспарланған оқу мақсатына қол жеткіздім.

Мен өз жоспарыма түзету енгізбедім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Постер жасау» әдісі арқылы оқушылар өз ойын айтқаны,айтылым дағдысын дамытуда өте тиімді болды.

2. «Тізбекте не түсіп қалған?» әдісі арқылы оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуда өте тиімді әдіс.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтарды арттыру сабақтың жақсы өтуіне ықпалын тигізеді.

2.Сөздік қорын,тілін дамытатын тапсырмалар арттыру.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.Жеке,жұптық жұмыстарды көбірек қолдану керек екенін білдім.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
651
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12