400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз елдің жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал Қазақстан республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктері туралы қысқа да нұсқа жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіз елдің жетістіктері.Хронология

1990 жыл 25 қазан Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы деклорация қабылданды.Бұл құжат республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болып,мемлекеттік құқықтық нормалар бекітілді.1991 жыл Қазақстан Республикасы тарихында тұңғыш рет бүкіл халықтық президент сайлауы өтті.Халық саналы түрде, өзінің тағдырын Нұрсултан Назарбаевқа сеніп тапсырды.Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен ең үлкен жетістік, Республика териториясында ядролық полигонның жабылуы.1992 жылы 2 қазанда тұңғыш рет қазақ ғарышкері Байқоңырдан СОЮЗ ТМ 13 кемесімен айға сапар шекті.Тоқтар Әубәкіров аспан әлемінде қалықтаған бірінші қазақ ғарышкері болып, Тәуелсіз Қазақстан тарихына енді. 4 маусым Қазақстан Республикасының тарихындағы ерекше мәртебелі күн.Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері туы,елтеңбасы,әнұраны дүниеге келді. 1992 жылы Алматыда дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өз жұмысын бастады. Әлемнің әр түкпірінен тарыдай шашыраған қазақ бауырларымызды басын біріктірген бұл жиын, шетел қазақтарының өз отанына, атамекеніне оралуына себептігін тигізді.1993 жылдың 15 қарашасында ұлттың валюта, теңге айналымға енді. Ұлттың валюта біріктілігіміздің күәсі десе болады. Қазақ Тәуелсіздігінің айбары мен айбатына айналған төл теңгемізге биыл 26 жыл толып отыр. 1994 жыл 6 шілде қазақстан Республикасы жоғары кеңесінің кезекті жалпы отырысында, президенттің астананы Ақмолаға көшіруі туралы ұсынысы мақұлданды. 1995 жылы 30 тамыздағы реферумдағы еліміздің жаңа конституциясы қабылданды.Оған қатысқан адамдардың 90 пайызы біздің мемлекетіміздің жаңа ата заңын жақтап, дауыс берді.2005 жыл еліміз үшін маңызды шешімдер қабылданды. Дәл осы жылы Нұрсултан Назарбаевқа халықтың 90 пайызы дауыс беріп, қайта сайланды.Қалың бұқара болашағын елбасына үлкен сеніммен тапсырды.Ал, 2006 жылы мемлекеттік әнұран қайта қабылданды.Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жүмекен Нәжімиденовтың сөзіне жазған болатын. Елбасы әнге мемлекеттің әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалу үшін музыкалық туындының бастапқы мәтініне өзгеріс жасады.2007 жыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңы қабылданды.Ол елдігімізбен, егемендігіміздің негізі белгісіне айналды.

“ Әрбір азамат Қазақстанның Елтаңба,Туын,Гимнін тұмардай қасиет тұтуы қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.”

Нұрсултан Назарбаев

2008 жылы мемлекет басшысы Қазақстан Халқына жолдау жасады,оның басты мақсаты халқымыздың әлеухатын жақсарту, баршаға ортақ жеңіске жетудің жолын айқындау еді. 2009 жылы өнер,спорт салалры елімізді әлемге таныстырған.Жас өнерпаздарды қолдау мақсатында оларға түрлі концерт залдары мен спор сарайлар салынды.2010 жылы Қазақстан өзін бейбітшіл,талерантты және тату мемлекет ретінде тағы бір мәрте дәлелдеді.Нақтырақ айтсақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бірінші төоеағасы ретінде тарихқа енді. 2011 жылы Қазақстанда тұңғыш рет қысқы олимпиада Азия ойындары өтті.Спорт бәсекесінде еліміздің спортшылары 32 алтын,21күміс, 17 қола медаллды еленіп ,құрлықтағы 26 елдің арасында алғашқы орын алды.2012 жыл тәуелсіздіктің тағы бір жетістігі Лондон олимпиядасындағы жеңістерін айтуға болады. Қазақстан мемлекеті үздік 20 алыптың қатарынан орын алды. 1 күміс 5 қола, 7 алтын жалады.Осылайша еліміздің әлем алдында беделі артты.Сол жылдық қараша айында құпия дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан ЭКСПО-Сол жылдық қараша айында құпия дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетінболды. Осы аталған көрмені ұйымдастыру үшін бар күш жігерін жұмсап,өте жоғарғы деңгейде өткізді.Бұлда еліміздің жаңа сатыға көтеріліп,дамуының бір себебі .

“...Уақыт қарқыны зымыраған.Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді.Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді.Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиыны белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенем “

Орындаған: Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педогогтік коледжінің 1-ші курс студенті: Ыбырай Қарақат

Жетекші: Абуев Абзал



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі