ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ПЕРНЕСІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ КҮЙ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ СЦЕНАРИЙІ
Фанфар
1-жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем жаным
сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай,жанып,
күйіп,
Өмірдің сырын ашып
жүрегіме,
Музаның өміріне басымды
иіп
2-жүргізуші:
Алайық ескі күйдің бәрін
жиып,
Жандырған ой-қиялды,қалың
күйік,
Шерттіріп құнығарлық
домбыраға,
Тербеліп ырғағына тамылжиық деген Ілияс
Жансүгіроа атамыз
1-жүргізуші:
Иә, күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол, ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын тыңдаушыға жан-жақты ұқтырады.
2-жүргізуші:
Күй ойға жетелейді. Адам болып өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген пенде жамандыққа, арамдыққа бара алмайды. Күй құдіреті деген осы.
1-жүргізуші:
Қазақтың қара домбырасының үні - күй өнері, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен.
2-жүргізуші:
Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап т. б. күй қырандарының дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші, домбырашылар қаншама десеңші!
1-жүргізуші:
Ендеше,қалалық білім берудегі технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен басталған Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің пернесі» атты қалалық күй байқауының аудандық кезеңіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Қазақ халқының күй өнері тек музыкалық қана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәнге ие. Күйлердің мазмұнында халықтың адамгершілік, моральдық қағидалары, өмірлік даналығы сақталған.
1-жүргізуші:
Әрбір күйдің өзінің ерекше тарихы бар, ол тарихта белгілі бір оқиға, тұлға, халықтың басынан өткен сынақ бейнеленеді. Күйлер арқылы халық өз балаларына туған жерге деген сүйіспеншілікті, адалдықты, ерлік пен батырлықты, үлкенді құрметтеуді үйреткен.
2-жүргізуші:
Ендеше, бүгінгі байқаудың мақсаты мен міндеттерін таныстырып өтсек:
1-жүргізуші:
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық құндылықтарға негізделген музыкалықэстетикалық тәрбие беру арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және Тәуелсіз елдің рухты ұрпағын тәрбиелеу болса, аталған байқау міндетіне:
2-жүргізуші:
адал азамат - Тәуелсіз елдің болашағы екенін ұғындыру, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу; балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық тұрғыда дамуына қолдау көрсету,
1-жүргізуші:
өнерлі, дарынды жас күй орындаушыларды анықтау және қолдау және балалар мен жастарды ұлттық дәстүр, мәдениет және шығармашылыққа баулу сонымен қатар оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттыруға жағдай жасау.
2-жүргізуші:
Бүгінгі күй тартысқа толы дүбірлі додаға аудан мектептерінен бірнеше оқушылар қатысуда. Ендеше сайыскерлерімізді жеребе бойынша ортаға шақырып, рет нөмірлерін біліп алайық!
(Сайыскерлер шақырылады, Кезекпен – кезек жүргізушілер шақырып тұрады)
1-жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
?
2-жүргізуші:
Қазылар алқасын анықтап алсақ, бүгінгі күй тартыстың шарт-талаптарымен танысайық!
5.1 Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта бір ғана шығарма орындайды.
5.2 Байқау келесі номинация бойынша өткізіледі:
1-жүргізуші:
Аспапта орындау шеберлігі (жұптық және топтық бағытта).
Қатысу форматы:
Жұптық орындау (дуэт):
- 1-4 сынып және 5-9 сынып оқушылары арасында өткізіледі;
2-жүргізуші:
кез келген ұлттық музыкалық аспаппен (домбыра, қобыз, жетіген, т.б.)
қатысуға болады;
1-жүргізуші:
- шығарма міндетті түрде екі дауыста орындалуы тиіс.
Топтық орындау (ансамбль):
2-жүргізуші:
- 5-9 сынып оқушылары арасында өткізіледі (орындаушылар саны - 15
қатысушыға дейін);
1-жүргізуші:
шығармада екі немесе үш түрлі аспап қамтылуы қажет.
5.3 Шығарма (күй) жатқа орындалуы тиіс
2-жүргізуші:
5.4 Байқауға қатысушы өтінімде көрсетілген бағдарламаны өзгерте алмайды.
ҮІ. Бағалау критерийлері:
1-жүргізуші:
6.1 Орындаушылық шеберлігі, дыбыстың тазалығы, шығарманың жылдамдығы
1-10 балл
6.2 Шығарманың күрделілігі (1-10 балл)
2-жүргізуші:
6.3 Сахна мәдениеті (сахналық костюм, өзін өзі ұстауы) (1-10 ұпаймен бағаланады.
1-жүргізуші:
Аталған сайысымызды ашып беруге және қатысушыларға ақ ниеті мен ізгі ниетін білдіруге құттықтау сөз №214 мектептің директорына беріледі.
Марапаттаудың алдында
1-жүргізуші:
Қазақтың күй өнері – ұлтымыздың рухани әлемінің ажырамас бөлігі. Ол халықтың тарихын, мәдениетін, дүниетанымын бейнелейтін, оның рухани байлығын жеткізетін өнер түрі.
2-жүргізуші:
Күй арқылы халық өз болмысын, рухани мұрасын
сақтап, келер ұрпаққа жеткізіп келеді. Күй өнері бүгінгі күнге
дейін өзінің маңызын жоғалтпай, халықтың рухани өмірінде үлкен рөл
атқаруда.
Қазақтың күйі – ұлттың мәдени мұрасының баға
жетпес қазынасы.
1-жүргізуші:
Ол арқылы халық өзінің өткенін, бүгінін және болашағын сезініп, өз болмысын түсінеді.
2-жүргізуші:
Күй өнері ұрпақтан ұрпаққа жетіп, халқымыздың рухани мұрасын сақтап, байыта бермек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ПЕРНЕСІ» АТТЫ СЦЕНАРИЙІ

шағым қалдыра аласыз