Мақсаты: 1.Өскелең ұрпаққа салауатты өмір
салтын насихаттау, олардың спорттық шеберлігін көтеру,
денсаулықтарын нығайту және тапқырлықтарын, ойлау қабілеттерін
дамыту
2.Жеткіншек ұрпақ арасында отансүйгіштік және
патриоттық сана сезімді
қалыптастыру.
Түрі: Эстафеталық
ойын
Өтілетін орны: Спорт
залы
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар,
кедергілер, жалаушалар,
ысқырық.
Қатысатын сыныптар: 5А,Б, 6 А,Б, 7
А,Б
Сайыс
шарттары
1.Қатысатын әр сыныптың өзіндік спорттық
формалары
2.Әр топтың аты, ұраны болуы
керек
І.Ұйымдастыру
кезеңі
Әр таңды бақытпенен
аттырамыз
Өнерді ой көгінде
бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға - 5А,Б, 6А,Б, 7
А,Б сынып оқушыларын
шақырамыз.
(әр топ өз орындарына келіп тұрады, топтың
аты, ұранымен
таныстырады)
Ал,құрметті
халайық!
Жарысты енді
көріңдер
Әділ қазы
алқасы
Әділ баға
беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға
беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
-
-
-
1 кезең: «Білгенге - маржан» Сұрақтарға жауап
беру.
1. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?
/Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан/ 7 А
сыныбы
2. Қазақстан Гимнінің авторлары? (Ж.
Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдыаяқов.) 7
Б
3. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім?
(Ы. Алтынсарин) 6 А
сынып
4. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын
кім? /А. Құнанбаев/ 6 Б
сынып
5. Қазақтың ұлттық аспабы /домбыра/ 5 А
сынып
6. Абылай ханның шын аты кім?
/Әбілмансұр/ 5 Б
сынып
2 кезең: «Эстафета»
бөлімі
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып
мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі
қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе
сол топ жеңімпаз.
3 - кезең: «Біліміңді
шында»
Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген
қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру
қажет.
1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы
немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу 5
А
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ
Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын 5
Б
3. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір
стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
6 А
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері
қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары 6
Б
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы
бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы 7
А
6. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса 7
Б
4 - кезең:
«Полиглот»
«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім
біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын
қазақ, орыс тілінде
айтады.
Жұмбақтар:
1. Падишадай жатысы
бар,
Жолбарыспен шатысы бар. мысық – кошка 5
А
2.Жылт – жылт
еткен,
Жылғадан өткен. су – вода 5
Б
3 . Жеті қазынаның
бірі
Адамды қорғап жүретін досы. ит – собака
6 А
4. Футболшының алаңдағы ойын заты. доп – мяч
6 Б
5. Жеп көріп ем өзін
мен,
Жас шығарды көзімнен Пияз – лук 7
А
6.Құс сияқты, құс
емес,
Самғап ұшқан
биікке.
Қанаты бар
қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте. (ұшақ –
самолет). 7 Б
5 - кезең: «Кім
күшті»
Шарты: Қатысушы топтар белгіленген сызықтың
екі жағында тұрып, спорттық арқанмен тартысып күш сынасады. Мәре
сызығынан алып шыққан топ жеңіске
жетеді.
Қорытынды
бөлім
Жарыс заңы
ежелден-
Жеңімпазды
анықтау
Жеңімпаз болу шарты
сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса
сайыста,
Біреу артта
қалады
Жеңілгендер
ренжімей
Тараса бізге жарады демекші -
сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды
марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін
берейік.
Уа,халқым назар
аудар денсаулыққа!
Өмірде
бақыттысың денің сау
да.
Денсаулық терең
бақыт деген сөзді
Құр айтпаған
ұлы Абай данамыз да
Құрметті
оқушылар
!
Келгендеріңізге көп-көп
рахмет.