О
ҚО
Сарыағаш ауданы №26 Т.Өстеміров атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Сейдазимова Ақмарал
Серікбайқызы
Сейдазимова Ақмарал
Серікбайқызы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың
деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі)деңгей бағдарламасы
бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын бітірген. Жоғары
санатты.
Әрбір өтілетін сабағын жүйелі жоспарлап ,оқушылармен жұмыс жасауда
кәсіби шеберлігін ұтымды ,тиімді шебер пайдалана алады. Жаңаша
әдістерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу мәнерін ,сөздік
қорларын , қызығушылығын кеңейту мақсатында түрлі әдістерді
пайдалана отырып ,жеке тұлға қалыптастыруда өз үлесін
қосуда.
Шығармашыл ұстаз іс-тәжірибесімен әріптестерімен ой-бөлісіп , ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өз дәрежесінде өтіп отырады.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз
Сабақтың мақсаты
: Оқушыларға тәуелсіздік туралы
ұғындыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын
дамыту.
Сабақтың
тәрбиелілігі: Отанын сүюге,ел тарихын
білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін
қастерлеуге, елімізді өркендетуге білімді
ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының
көрнекілігі: Желтоқсан құрбандары ,Қазақ
елі суреттері,Қазақстан Республикасының
рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың
суреті.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
-Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қазақ халқы « Бейнет түбі-зейнет» деген қағиданы естен шығармай бүгін тәуелсіздікке қол жеткізді. Біз тәуелсіз елміз. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ал, қазіргі дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналдық.
«Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар тәуелсіз елдің ұланы сендерсіңдер.
Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. « Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана халқымыз.(16 желтоқсан құрбандары туралы айту)
Оқушы:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
1-оқушы: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.
2-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды.
3-оқушы: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1-курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
4-оқушы: Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
- Ия, бұл жазықсыз құрбан болған Қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.
Хор : «Желтоқсан
желі»
Оқушы:Осының нәтижесінде 1991
жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі
туралы заң қабылданды.
Оқушы: Атыңнан айналайын
егемен ел, «Туған
ел» суреті
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе
берер!
Оқушы: Мерекең құтты болсын
егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты
иеленгендер.
Оқушы: Бостандық құтты
болсынерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Ән «Туған
жер»
Оқушы: Егемен елімнің ертеңі
деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан
аяма.
Оқушы: Халқымның
мақтанышы - алып тұлға. «Бәйтерек»
суреті
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ
арманыма.
Оқушы:
Ел болдық
егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев»
суреті.
Оқушы: Ел
болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен
басталады.
Оқушы:
Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің –
Қазақстан!
Хор
«Елім менің» Сөзі: Н. Назарбаев
Әні:
Б.Тілеуханов
«Астанаға саяхат» суреттер
көрсетіледі.
Оқушы:
Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне
«Астана» суреті
Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне.
Оқушы:
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейиіз,
Өмірді алға бастырамыз
өрлейміз.
Оқушы:
Отаным – Қазақстан туған жерім,
Мұнай мен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен
сенім.
Оқушы: Ұлттық
өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз
құлатпай.
Оқушы: Бүгін әрбір
мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің
белгілері.Қазақстан Республи- касының да өз
рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың
міндеті.
Оқушы:
Бұлт баспасын күнімді
«Ту» суреті
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті
борышым.
Оқушы: Қазақстан
Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның
астында қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті
мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың
ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі-
не нұрын шашып,
сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік
атаулыға ортақ. Алтын күнді
қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік
белгісі. Матаның
сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл
қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен
байлықтың
белгісі.
Оқушы:
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып
барады.
Оқушы:
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген
азатпен
Ән : «Көк тудың
желбіргені»
Оқушы:
Бабам тұлпар жаратты «Елтаңба»
суреті
Құлынын да танып ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмасын
шаңырақ.
Оқушы:
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өрке ниет өрінде
Нұр төгеді Елтаңба
Ақ Орданың
төрінде.
Оқушы: Қазақстан Республикасының
мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ
бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған.Жарық жұлдыз – Ота-
нымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып
тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұл-
пардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен
алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мін ген алып батыр алты
қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты
қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының
белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылық-
ты білдіреді. Ал төменгі
жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал
екенін көрсетеді.
Оқушы:
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға
Жасы тұрмақ, шығады екен қарьты аңға
Қалай оның елтаңбасы болмайды
Түлегіне дейін салса ен –
таңба?!
Оқушы: Енді бүгін өлген
Туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Оқушы: Батырлыққа
уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған,- деп -
Әнұран?!
Оқушы: Кез келген
мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран
мемлекеттік салта-
натты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың
мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі
өмірі мен келешек арманы
айтылған.
Хор «Әнұран»
Бәріміз әнұранды айтып берейік.
Оқушы:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып
тұр!
Оқушы:
Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк
балаға.
Оқушы:
Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім
Самғап жүрсек бостандықта, биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл
әнім.
Ән : «Алға ,қазақ жігіттері»
Би : «Қасиетті домбыра»
Ән : «Жаса ,Қазақстан!»
Қорытынды : «Жеті жұмбақ»
Сұрақтары: 1. 16 желтоқсан қандай күн?
2. Тудың авторы кім?
3. Елтаңбаның авторы кім?
4.Әнұранның сөзін және әнін жазған кім?
5. Тұңғыш президент күні қай күні тойланады?
6. «Желтоқсан оқиғасына» кімдер қатысты?
7. Тәуелсіз елдің ұланы қандай болу керек?
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі- осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтыромай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі-сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ
Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,
Туды міне, ел аңсаған азат күн!
Елдің туын биік ұстар әрқашан,
Болашағы сендерсіңдер қазақтың!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіз елдің ұланымыз

шағым қалдыра аласыз