Тәуелсіз елдің ұрпағымыз 7-8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіз елдің ұрпағымыз 7-8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұғалімдеріне, сыныптан тыс тәрбие сағат сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мақсаты:
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем-дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті доска, көрме, нақыл сөздер,плакаттар,буклеттер,музыкалық жабды

Бағдарламасы:

1.Ән ұран

2.таныстыру (оқушылар өздерін таныстыруы)

3.видиролик

4. Өзара пікірталас жүргізу

5.сөз құрастырғыш

6. «Қазақстан» сөзін талдау

7. Тәуелсіздікке арналған сурет салу. Қорғау.



Кітапханашы сөзі:

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. 

Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. 

  1. Ән ұран орындалады,

  2. Оқушылар орындарына отырып, қонақтармен таныстырылады.

  3. «Тауелсіз еліміз» атты видиоролик көрсетіледі

  4. Оқушылардың өзара пікір алмасуы

Оқушылар сөзі:

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 27 жыл толды.


Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекет



Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне 27 жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезініп тоилап жүр




Еліміздің негізгі мемлекеттік – Конституция бекітілген

Өз ел таңбамыз, туымыз, ән ұранымыз бар

1-оқушы

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

2-оқушы

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ

3-оқушы

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

4-оқушы

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып

5-оқушы

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады

Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай!

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым

5.сөз құрастырғыш

6. «Қазақстан» сөзін талдау

7. Тәуелсіздікке арналған сурет салу. Қорғау.



























«Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Shape1





Тәуелсіз елдің ұрпағымыз










Орындаған:Ережепоова Ж.К.



















2018-2019 жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
1143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі