400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз елім - тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп ұстаздары мен оқушыларына көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар

үшін ең қасиетті құндылық»


Н.Ә Назарбаев



Пейілі кең,көңілі дархан қазақ елі өз кезінде талай қиын-қыстау кезеңді басынан өткерген. Қазақ ұлт болып қалыптасқаннан бері ата- бабасынан мұра болып қалып отырған киелі жерін алыс- жақын дұшпанның соққысынан төккен қаны және мандай терімен сақтап отырған.

Тарихтан өзімізге белгілі сұрапыл соғыс, ашаршылық, майдан, көтеріліс жылдарына төтеп берген Ұлы Дала Елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің теңдессіз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Бүгінде Қазақстан өзге дамығын елдермен терезесі тең, бәсекеге қабілетті, дербес,тәуелсіз мемлекетке айналды. Байтақ жерінің көлемі Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр жерді алып жатыр.

Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдар жас мемлекеттің аяққа тұрып кетуіне оңай жылдар болмады. Алда елдің конституциясын бекіту, валютамыз төл теңге еңгізу сияқты мәселелер өз шешімін талап етті. Осы кезеңде алғашқы президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің және ел ағаларының атқарған еңбегі орасан зор.

Осы кезеңдердегі ең елеулі оқиғалардың бірі ел астанасының оңтүстіктің сұлу қаласы Алматыдан ел орталығы Ақмола қаласына ауысып, Астана атануы болды.

Мен өз елімді бойында арманы- айқын, мақсаты- нық, күш-қайраты тасыған жас ұрпақпен теңестірер едім. Және ол жас мемлекеттің құдды сол жас баладай болашағы зор.

Осы аз уақыттың ішінде Қазақстан тек өз мемлекетіндегі емес, бүкіләлемдік мәселелерді шешуде ықпалды мемелекетке айналды. Республикамызда халықаралық, бүкіләлемдік спорттық, саяси және өзге тақырыптағы іс-шаралар өтеді, Мысалға өзімізге белгілі Азияда, ЕҚЫҰ саммиті, Универсиада келтірсек болады. Сонымен қатар дәрежесі жоғары атаулы шара EXPO-2017 халықаралық көрмесі де біздің елімізде өтті. Бұл көрменің қаншалықты жоғары дәрежде өткендігін біз өз көзімізбен көріп, куә болдық.

Біздің мемлекетімізде адамның ойын ашық айтып, жекелей дамуына және еркін өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Ерекше атап көрсететіні жастарға әрдайым көрсетілетін қолдау деп ойлаймын. Өзін-өзі жетілдіріп, өз елімізде де, өзге шет елде де білім алуға барлық жағдай жасалған. Биылғы жылдың өзі жастар жылы деп жарияланып, жастардың дамуына түрлі пайдалы бағдарламалар жүзеге асырылды. Өзге салалардан да еліміз көш бастаушы елдер қатарында.

Мен өз елімнің жарқын болашағына сенемін және ата-бабамыздан мұра болып қалған мемелекетіміздің дамуына барынша өз үлесімді қосқым келеді. Себебі елдің болашағы біздер. Егер біз талай күш-жігермен, рухпен қалыптасқан еліміз үшін тынбай еңбек етсек, тірегімізге айналған тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгі биік болады.







Барақ батыр НОМ

9 сынып оқушысы Айдарқанова Жібек



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі