"Тәуелсіз елім -Қазақстан! " МАД сыныбы ертеңгілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіз елім -Қазақстан! " МАД сыныбы ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының егемендігі туралы МАД сыныптарға арналған ертеңгілік сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы

28 орта мектеп







Ертеңгілік тақырыбы: 

« Тәуелсіз елім - Қазақстан! »









Сыныбы: мектепалды даярлық «Б»

Жетекшісі: Ф.Ералиева











2022-2023 о.ж





Бекітемін: Күні: 15.12.2022

Ертеңгілік тақырыбы:  « Тәуелсіз елім - Қазақстан! » 

Сыныбы: мектепалды даярлық «Б»

Жетекшісі: Ф.Ералиева

Мақсаты: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы

екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал

қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: интер. тақта, безендірілген сахна.

Сабақтың барысы:

І Кіріспе бөлім

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

- Сaлaмaтсіздер ме, құрметті қонақтар және оқушылар. Бүгінгі Тәуелсіз елім - Қазақстан! атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер ! Ертеңгілікті ҚР Гимнімен бастаймыз!

Ұйымдастыру кезеңі сыныпты үш топқа бөлу

Түзеліңдер түзу тік тұрыңдар ҚР Мемлекеттік гимні шырқалсын!

ІІ Негізгі бөлім

а/ Оқушылардың тақпақтары

ә/ Алаш биі \ ер балалар

б/ Бейнежазба «Менің елім Қазақстан!»

в/ Тәуелсіздік сыры Оқушылар

г/ «Қазақстан» сөзіне ассосациялық аймақ жасау топтық жұмыс

ІІІ Қорытынды бөлім

Ертеңгілікті қорытындылау \\\\ Сұрақ -жауап

Жаса Қазақстан! Флешмоб

Бата алу

1/Нұрали

Отан- деген атамекен, Отан- деген туған жер

Отан -ана , Отан- үлкен, Қазақстан- туған ел!

2/Айқын

Әнұраны елімнің шақырады елдікке ,

Егеменді елімнің, болашағы бірлікте.

3/Жүсіп

Тәуелсіздік таңын сүйем, Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің, Баққа қолы жеткен күн!

4/Адина

Он алтыншы желтоқсан,Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше болып мәңгілік, Ел жанында қалған күн

5/Мәди

Көк туымды қолыма ,бүгін бекрік ұстадым.

Түсті бақыт жолына менің Қазақстаным

6/Жібек

Көк байрақ ,көк аспан ,Алтын күн нұр шашқан

Әлемге танылған, Тәуелсіз Қазақстан!

7/Мағжан

Құт -береке шаңырақ, орын алған ол төрден,

Қанатты қос арғымақ екі жақты көмкерген \ елтаңба

8/Замира Үш бақытым М.Мақатаев

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

9/Абдулла

Алтын ұяң -Отан қымбат, Құт берекең- атаң қымбат.

Аймалайтын -анаң қымбат, асқар тауың- әкең қымбат

10/Нұрбибі

Бабамыздың арманы осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары бақ береді баршаға!

11/Заңғар

Тәуелсіз елдің ұрпағы ,Қазақ жері тұрағы

Қазақ десе әр адам, жүрегі лүпіл қағады

12/Аружан

Мерекеге шығады бүкіл халық біліп қой,

Отандастар ұғады тәуелсіздік ұлық той

13/ Данияр

Барша халық таныған ,біздің үміт тілекті

Шырқалғанда әнұран ,шаттық кернер жүректі

Біздің сыныптың ер балаларының орындауында «Алаш биін қабыл алыңыздар

Қазақстан кең байтақ біздің Отанымыз

Ұланғайыр жерді сақтап қалу үшін ата бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, келекшек ұрпақтарына мұра етіп қалдырған

Туған жеріміздің кқрікті жерлерін тамашалау үшін бейнебаянға назар салайық

Бейнебаян ҚАЗАҚСТАН

Тәуелсіз елдің белгілері мен жетістіктері

1\ Нұрали : 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін алды.

2\ Мәди : 1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышка самғады.

3\ Жібек: 1992 жылы 4 маусымда еліміздің рәміздері туы, елтаңбасы, әнұраны бекітілді

4\ Мұхан : 1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз бекітілді

5\ Адина : 1995 жылы 30 тамызда ата заңымыз Конституциямыз бекіді

Оқушылардың жұмысы топтық жұмыс АССОСАЦИЯЛЫҚ аймақ ҚАЗАҚСТАН сөзіне

Қорытынды бөлім

Сұрақ- жауап

Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды?

Еліміздің елордасы қалай аталады ?

Біздің ұлтымыз қандай?

Тұңғыш ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім?

Қай жылы ұлттық валютамыз теңге айналымға енді?

Біздің рәміздерімізді ата?

Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Қандай ұлттық салт дәстүрлеріміз бар?

Қай жерде ғарыш алаңы орналасқан ?

Біздің облысымыз қалай аталады? Ауылымыз және мектебіміз қалай аталады ?

Тәуелсіздіктің туын 31 жыл биік ұстадың,

Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

ЖАСА, ҚАЗАҚСТАН! флешмоб

Құрметті қонақтар осымен «Тәуелсіз елім -Қазақстан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды Еліміз көркейіп , гүлдене берсін !















Сау болыңыздар ! БАТА АЛУ ата -аналар пікірі Рефлексия!























DrawObject1





















DrawObject2

Тәуелсіз елім - Қазақстан!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.01.2023
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі