жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәуелсіз елім Қазақстан!"
Тәрбиеші:Нусипбаева Н.
«Еркемай» балабақшасы
МАД «Тұлпар» тобы
Күні,ай,жылы: 12.12.2016.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Сабақтың тақырыбы: "Тәуелсіз елім-Қазақстан"
Балалардың бойында қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Түсініктерін терең және жан-жақты дамыту.. Қазақстанның рәміздері( Ту, Елтаңба, Ән-ұран) туралы білімдерін толықтыру. Ойындар арқылы балалардың қазақ-тіліне деген қызығушылығын арттыру. Отанды қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Қазақстан рәміздері туралы түсініктерін кеңейту.Мемлекеттік рәміздерді танып білуге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:Балалрдың сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс, анық айтуға тілдерін жаттықтыру.
Балаларға қазақ тілінде тақпақтар, жаттату арқылы тілдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін жақсарту.
Сабақтың көрнекіліктері: Ту, Елтаңба, Әнұран, Қазақстанның картасы, себет, жемістер мен көкөністер, карточкалар ойыншық ұшақ.
Билингвальдық компонент: Ту-флаг, Елтаңба-герб, Әнұран-Гимн, Ұшақ-сомолет, Отан-Родина, Мемлекет-государство. Мать-ана, қызыл-красный, жасыл-зеленный, жемістер- фрукты, көкөністер-овощи.
Сабақтың барысы.
Мұғалім:
-Қайырлы таң, балалар!
- Қайырлы таң, қонақтар
-Армысың, алтын күн!
-Армысың кең далам.
- Армысың, жан досым!
-Жылуыма жылу қос,
-Міне, менің қолым бос
-Балалар, менің қолымдағы жүрекшені бір-бірімізге беріп, жылы лебіздерімізді білдірейік.!
-Ашық аспан тілеймін!
-Тыныштық болсын!
-Бақыт тілеймін!
-Әрқашан күн сөнбесін!
-Күніміз көңілді өтсін!
-Балалар мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер дұрыс жауап беруге тырысыңдар.
- Біз қандай Республикада тұрамыз?
- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Сендер қандай ауылда тұрасыңдар?
-Біз Береке ауылында тұрамыз.
-Сендер қандай балабақшаға барасыңдар?
-Біз "Еркемай" балабақшасына барамыз.
-Біз қандай мерекені тойлаймыз?
-Қазақстанымыздың тәуелсіздік алған күнін тойлаймыз.
1991 жылы 16 желтоқсанда біз өз алдымызға жеке мемлекет болып тәуелсіз ел болдық. Әр мемлекеттің өзінің тілі, діні, рәміздері болады.
-Қане, бәріміз орнымыздан тұрып ән-ұранды орындайық.
(Ән-ұран орындалады,балалар отырады)
Тақпақтар
|
Дана: Атыңнан айналайын,егемен ел, Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерейің құтты болсын тәуелсіз ел, Ғасырдың тойы болсын тәуелсіздік.
|
Шыңғыс: Батамен елім көгерген, Бодандық билік көнерді. Тәуелсіз атқан таң үшін. Еске алам өрттей өренді. |
|
Асель: Құрбандық еттің жаныңды, Көк мұзға көміп қаныңды. Тәуелсіздік алған күн, Жастардың күні жалынды.
|
Алинұр: Тәуелсіздік еліміз, Мәңгі жасар жеріміз. Тәуелсіздік жасаған, Аға- әпкелеріміз. |
|
Артем: Ты цветы Казахстан расцветай, Наш любимый и солнечный край. В этот день поздравляем тебя, Будь отрадна родная земля! |
Адель: Отан елдің анасы, Отан жердің анасы. Бақытты ғой дәл мендей, Тәуелсіз ел баласы.
|
|
Бислан:
Пусть на твоей
земле,
|
Майра: Жүрегімде сен барда Таусылмайды сапарым Түстік түзу кең жолға Рахмет Саған, Отаным! |
|
Милана, Айзере, Дария |
|
Отан туралы мақал-мәтелдерге кезек берейік:
Нұрали: Отан - оттанда ыстық.
Н.Айзере: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Кәусар: Отанды сүю – отбасынан басталады
Шыңғыс: Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
(Есік қағылып хат беріледі)
-Балалар, бізге Қазақстанымыздың президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтан хат келіпті.(хат оқылады)
" Құрметті балалар, мен сендерді Қазақстанымыздың тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Менің сендерге жолдаған тапсырмам бар, егер сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар Қазақстанымыздың астанасы Нұр-Сұлтан қаласыңда орналасқан әдемі ғимараттың бірін көре аласыңар. Әзірше қай ғимарат екені құпия"
хат жолдаған: Қ.К.Тоқаев
Тапсырмалар түрлі-түсті конветтерде салынған.
-Неше тапсырма беріпті санайық. (балалар қазақша санайды)
-Бір, екі, уш, төрт.
-Қане, Мұстафа өзің таңдаған конвертті ала ғой. Қандай түсті таңдадың?
-Мен қызыл түсті таңдадым.
Бірінші тапсырма:
-Қазақстанның рәміздерін ата?
-Ту, Елтаңба, Гимн.
( тақтаға рәміздердің жеке-жеке суреттері ілінеді)
-Тудың түсі қандай?
-Тудың түсі көгілдір.
(балалар тақпақтар айтады)
-Елтаңбада не бейнеленген?
Бірінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар, қызыл түсті аламыз.
(келесі бала екінші тапсырманы алады, түсін қазақша айтады)
Екінші тапсырма: "Құрастыр"
Туды құрастыру.
Екінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар, (кеінші қобдиша ашалады)
Сергіту сәті: Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін,
Көк майсасын төседі.
Үшінші тапсырма:
Ойын: " Сөздерді қазақ тілінде аудар" ( допты бір балаға лақтырып орысшасын айтамын, ол допты кері қайтарып қазақша аудармасын айтады, осылай барлық бала қазақша орысша аттарын атап шығады)
Родина-Отан
Семья-Отбасы
Государство-мемлекет
Дружба- Достық
Мать-Ана
Флаг-ту
Жақсы -хорощо
Рахмет- спасибо!
Үшінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар үшінші қобдиша ашылады.
Төртінші тапсырма: «ҚР картасын құрастыр»
Төртінші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Жарайсыңдар!
-Біздің құпия суретіміз не болып шықты?
-Қазақстанның картасы. Қазақстанның картасынан біз барлық өзен-көлдерді, тау-тасты, Қазақстанның барлық қалаларын аң-құстарын көріп тұрмыз. Балалар өздері картадан көрсетеді.
Қане, балалар бәріміз тұрайық, үлкен шеңбер құрайық.
-Балалар, сендер ұшақпен ұшып көрдіңдер ма?
-Ұшқыларың келе ме?
(ия, ұшқымыз келеді)
-Ал, ендеше бәріміз ұшаққа отырып ұшайық.(Музыка әуені ойналады)
-Балалар, төмен қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?(балалар жауап береді)
-Тау, өзен, орман, теңіз.
(Балалар өздерін аспанда қалықтап жүргендей сезініп, екі қолдарын жайып төмен қарап ойларын айтады).
-Міне ұшағымызда жерге қонды.
-Бақшамызға келдік.
-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Несімен ұнады?
(Балалар не ұнағанын айтып жауап береді).
-Маған ұшақпен ұшқан ұнады.
-Маған ойын ойнаған ұнады.
-Маған туды құрастырғанымыз ұнады.
Балалар, сендер елбасының берген тапсырмасын дұрыс орындап, құпия суретті тауып әрің сабаққа белсене қатыстыңдар. Қазақ тілінде көп сөз білетіндеріңді көрсеттіңдер. Елбасы сендерді мақтап, сыйлықтар және "Жарайсыңдар бүлдіршіндер" деген жазуы бар медальдар беріп жіберіпті.
(балалар қуанады)
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!
|
Бірінші тапсырма: -Қазақстанның рәміздерін ата? -Ту, Елтаңба, Гимн.
|
|
Екінші тапсырма: "Құрастыр" Туды құрастыру. Екінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар, (екінші қобдиша ашалады) |
|
Үшінші тапсырма: Ойын: " Сөздерді қазақ тілінде аудар" ( допты бір балаға лақтырып орысшасын айтамын, ол допты кері қайтарып қазақша аудармасын айтады, осылай барлық бала қазақша орысша аттарын атап шығады) Родина-Отан Семья-Отбасы Государство-мемлекет Ән-ұран-ГИМН Дружба- Достық Мать-Ана Флаг-ту Жақсы -хорощо Рахмет- спасибо! Елтаңба- Герб
|
|
Төртінші тапсырма: «ҚР картасын құрастыр»
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген