Тәуелсіз елім тірегім , сен деп соғар жүрегім

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз елім тірегім , сен деп соғар жүрегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

І

«А.Асқаров атындағы №77

мектеп - лицейінің директоры:

________________ Г.Ерсейтовно

«____»_________ 20____ ж



Ашық тәрбие сағатының сценарийі

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім-тірегім,сен деп соғар жүрегім»

Мақсаты: Еліміздің тарихы болып келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру.

Тәуелсіздің келу тарихы мен қырандары туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Өз елінің өшпес даңқы шыққан тарихы мен ата-баба сат дәстүрінің ұлт нышаны болып саналатыны туралы ұғым қалыптастыру.

Тәрбиелігі:Отансүйгіштікке, ұлттық қазына мен мұраларды қадірлеп,қастерлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Тәуелсіздік тарихы туралы біледі. Патриоттық тәрбие қалыптасады. Ұлтжанды боуға тырысады.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар және қадірменді ата-аналар, Құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен. Бірге: Құттықтаймыз!

Әнұран ойнатылады

1-жүргізуші: Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 33 жыл толып отыр.

2-жүргізуші: «Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

1-жүргізуші:Ендігі кезекте осы азаттықты ұлықтайтын жүректен шыққан жыр жолдарыны назар аударайық.

Оқушы: (Айару)

Тәуелсіздік тартуы ол тәңірдің,

Тәуелсіздік маңдайдағы бағым бұл.

Тәуелсіздік сыбағасы халқымның,

Тәуелсіздік таймайтұғын тағым бұл.

Тәуелсіздік - бабам берген аманат.

Тәуелсіздік келешектің кепілі.

Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,

Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

Тәуелсіздік тәубе екен бүгінде.

Тәуелсіздік тәубе сенің барыңа,

Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.

Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!


Оқушы: (Рамазан)

Елім менің, тәуелсіздік тұғырым,

Мақтанышым, мәңгілікке ғұмырым.

Қанмен келген қасиетті бүгінім,

Аман болшы, азаттығым, ұлы үн!

Сен арқылы гүлденемін, өсемін,

Сен арқылы азапты да кешемін.

Тәуелсіздік жүрегімнің соғысы,

Келешекке үміт болып көшемін


Оқушы: (Аяла)

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!


1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па?

2-жүргізуші: Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

1-жүргізуші: "Азаттықтың ақ таңы оңайлықпен келмеді. Бұл – тарихтың беттерінде жазылған ерліктің, төгілген қан мен тердің, төзімділік пен қайсарлықтың жемісі. Енді сол күндердің бейнесін еске түсіретін монологқа кезек береміз."

2-жүргізуші: "Ортаға монолог оқуға (оқушының аты-жөні) шақырамыз!"

Оқушы: (Дидар)

Қайрат Рысқұлбековтың монологы


Армансызбын..,

Ажалсызбын..,

Азатпын,

Мендегі мұң ғажап әрі азап мұң.

Ұлтым үшін ұлтарақпын,

Аз десең,

Сүйегіммен, сүтіммен де Қазақпын!

Көкбөрінің сіңіріндей сірімін,

Сол үшін де ажалсызбын, тірімін.

Шындық үшін құрбандыққа шалынып

Шырылдаған құлындардың бірімін.

Талай-талай тоналдым да тапталдым,

Өзімді-өзім жоғалтуға шақ қалдым.

Көк көйлекті көктемеде туылып

Желтоқсанда еріп кеткен ақ қармын.

Күңіренсе үн шығады көрден де,

Шертілмеген шерім қанша шерменде.

Өз тіліңде өмір сүріп,

Сонан соң,

Не жетеді өз тіліңде өлгенге.

Мен сұрасам – теңдігімді сұрадым,

Теңдігімнің кемдігіне жыладым.

Ай күзетіп Ару сүйер жасымда

Мәңгіліктің құшағына құладым.

Кек алатын кәріден де жастан да,

Қу тіршілік құпиясын ашқан ба?!

Бауыр қалды өзегіне өртеніп

Ана қалды сүтін сауып аспанға.

Тәуелсіздік – Қазақ үшін ғажап құт,

Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк.

Бөрі мінез Бабалардың арманы –

Айналайын, алтын қанат – Азаттық!

Саған құрбан жастығым да жаным да,

Саған құрбан атпай қалған таңым да.

Тереңдігі қабірден де тереңдеу

Менің қайғым – Қазағымның қанында!


ҚАЙРАТ АҒАМА ХАТ

Ләззат Асанованың монологі (Жаннұр )

Мен де армансыз…

Мен де ажалсыз…

Азатпын,

Мендегі мұң – Сіздің мұңдай азап мұң.

Ғажап мұң деп айту Сізге лайықты,

Бір білерім –

Қайсар қызбын! Қазақпын!

Иә, солай…

Намыс отын маздаттым!

Маған қымбат –

Азат елім, Азат күн.

Тек бір арман…

Он алтымда қиылдым –

Анасына айнала алмай қазақтың…

Назы дерсіз…

Ерке қыздың кезекті –

Өкінішім өртемейді өзекті.

Жаным – жібек, жалын еді жүрегім –

«тік мінезді» екен деген сөз өтті.

Жүрмін, Аға, жалғыз өзім жабығып,

Ай – серігім. Айдан тұмар тағынып.

Желтоқсаннан ұзап шыға алмадық –

Сіз көктемді, мен жазымды сағынып…

Анамды да ойлап қоям, Ардақты –

Ай,жылдарын мені ақтауға арнапты.

Түбі әйтеуір, жеңіп шықты. Шындық бар!

Білем… сезем…

Талай жандар алдапты.

Сіздің де, Аға, арманыңыз көп еді…

Терең ойды бал тамған тіл төгеді.

Ұланы едік Мойынқұм мен Жаркенттің –

«Ел деп, жер деп» көсегеміз көгерді.

Ай күзетіп, Ару сүйе алмаған –

Ағам менің «Ақтық сөзін» арнаған.

Сізге ғашық бүкіл қазақ қыздары,

Сізге риза баяны жоқ бар ғалам!

Бәрі разы.

«Бөрі мінез Бабалар»,

Алтын құрсақ, ақ жаулықты Аналар.

Бозторғайдай шырылдаған жаныңыз –

Сан мың ғасыр, сан мың дәуір бағалар.

Халық үшін құрбан жастық, жанымыз –

Биік әркез – Жігер, Намыс, Арымыз!

Айтыңызшы…

Қуандық қой қабірде –

Тәуелсіз боп атқан кезде таңымыз!

Бәрі арманда!

Көрмеген де, көрген де…

Біз тірілдік құлдық сана өлгенде!

Жүрегімді мұңлы ән-күй кернейді –

Сіз айтқандай, «Үн шығады көрден де».

Жоғалттым ба домбырамның тиегін?

Жалғаспады өнер жолы – киелім.

Мен бірақ та…

Бақыттымын дәл Сіздей:

«Сүтім – Қазақ!

Қазақ – менің Сүйегім!».


1-жүргізуші: "Еркіндік үшін күрескен жастарымыздың қайсарлығы мен батырлығы бүгін де ұрпақтар жадында. Олардың жанкешті ерлігін сахна төрінде көрініс арқылы тамашалайық."

2-жүргізуші: "Сіздердің назарларыңызға Желтоқсан оқиғасын бейнелейтін көріністі ұсынамыз."


Көрініс:1986 жылғы Желтоқсан оқиғасындағы Колбиннің тағайындалуы және Дінмұхамед Қонаевтың орнынан алынуына байланысты оқиғаларды бейнелеу.


Сахна құрылымы

Декорация: Үкімет үйінің кабинетінің көрінісі, орталық алаң, жастар жиналған көше.

Кейіпкерлер:

1. Дінмұхамед Қонаев

2. Геннадий Колбин

3. Қазақ жастары (студенттер тобы)

4. Әскерилер

5. Диктор


Сахна: Үкімет үйінің кабинетінде Дінмұхамед Қонаев отырады. Оған Мәскеуден нұсқау келеді.

Хабаршы: "Дінмұхамед Ахметұлы, Мәскеуден шешім шықты. Сізді қызметтен босатып, орныңызға Геннадий Колбинді тағайындады."

Қонаев: (сабырлы да салмақты түрде)

"Менің халқымның жағдайын білмейтін, оның тілі мен мәдениетін түсінбейтін адамды басшы етіп тағайындау – бұл халықтың ар-намысына тиетін шешім. Бірақ Мәскеу бұған мән бермейді."

Сахна:Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға.

- Қыздар , жігіттер мен газет әкелдім.

- Не жаңалық шығыпты?

- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты.

- Колбин деген кім екен?

- Қайдан келіпті?

- Колбин Ульяновтан келіпті.

- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!

- Біз демократияны талап етеміз.

- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!

Диктордың дауысы (фонда):

"Бұл шешім қазақ халқының намысына қатты тиді. Жастар бейбіт түрде әділеттілікті талап етуге көшеге шықты.""

Сахна: Геннадий Колбин үкімет отырысында сөйлейді.

Колбин: "Мен бұл жерге Мәскеудің тапсырмасымен келдім. Менің басты міндетім – республикадағы жағдайды тұрақтандыру."

Шенеуніктердің бірі:"Жергілікті халықтың бұл шешімге қарсы екенін байқап отырмыз. Олар Қонаевтың орнына өз өкілдерін тағайындауды талап етуде."

Колбин: "Бұл халыққа Мәскеу басқаратынын ұмытпау керек!"

Сахна: Алматының орталық алаңы. Қазақ жастары жиналып, әділеттілікті талап етеді.

1-жас: "Бұл қалай болғаны? Неге өз халқымыздың басшысы болмайды?"

2-жас: "Қонаев – біздің халқымыздың сүйікті тұлғасы. Оны әділетсіз түрде қызметтен алды."

Барлық жастар (ұрандап): "Әділеттік керек! Колбин кетсін! Бостандық!"

Әскерилер алаңға келеді, жастарды таратуға тырысады.

Әскерилердің бастығы: "Жиналысты тоқтатыңдар! Әйтпесе күш қолдануға мәжбүр боламыз!"

3-жас: "Бұл біздің жеріміз! Біз үнсіз қала алмаймыз!"

Қақтығыс басталады. Жастарды күштеп таратады. Қолына жараланған жастарды көрсетеді.

Сахна: 1991 жылы 16 желтоқсан. Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.

Диктор (фонда):

"1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының жалыны сөнген жоқ. Сол жастықтың оты бүгін Тәуелсіздіктің шуағына айналды. Бұл – азаттық жолында құрбан болған азаматтардың ерлігінің жемісі."

Сахнада көк ту ұстап тұрған жастар мен халық. Барлығы бірге:

"Біз – Тәуелсіз Қазақстанның ұрпағымыз!"

Қорытынды:

Ән: Барлығы бірге " Көк тудың желбірегені " әнін орындайды.

Финал: Сахнада көк ту желбіреп, экранда Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері көрсетіледі.




1-жүргізуші: 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды.

2-жүргізуші: "Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін жырлайтын тақпақ оқуға ортаға (оқушының аты-жөні) шақырамыз."

Тәуелсіздік

(Айдос)

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

қош келдің!

(Ақдидар)

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

...Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған,

Саған

Оған да!

(Азамат)

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшеңді!?

(Гүлсезім)

Уа, еркіндік!

Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп

Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

Қалқаман Сарин



1-жүргізуші: Осымен, 8 'Е' сыныбының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.

2-жүргізуші: «Баршаңызға жарқын болашақ,отбасыларыңызға амандық тілейміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!»


Сценарий

I.Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу, қатысушыларды таныстыру, шараның мақсат-мазмұнымен таныстыру. Ұстаздар, оқушылар, ата-аналар мен қонақтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтау. Әнұран орындалады.


II.Кіріспе cөз

Тәуелсіздік – халқымыздың тарихи санасы, елдің еркіндігі мен болашағы үшін күрескен бабаларымыздың қажырлы еңбегінің жемісі. Бүгінгі шарада біз еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен батырларымызды еске алып, олардың ерліктерін ұлықтауға, тәуелсіздігіміздің қадірін түсініп, болашаққа деген сенімімізді нығайтуға тырысамыз.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік күніне арналған маңызды оқиғаларды атап өтеді, Желтоқсан оқиғасының 33 жылдығына тоқталып, алаш арыстарының қызметі туралы айтылады. Тәуелсіздіктің бастамасы болған Желтоқсан оқиғасы жайлы сөз қозғалады.


III.Негізгі бөлім

- Тәуелсіздік туралы жыр жолдары мен өлеңдер оқылады.

- Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сынды Желтоқсан қаһармандарын еске алу.

- Желтоқсан оқиғасы туралы көрініс көрсетіледі. Колбиннің тағайындалуы мен жастардың әділеттілік үшін күресі бейнеленеді.

- Қайрат Рысқұлбековтың монологы оқылады.

-Тәуелсіздікке арналған тақпақтар мен өлеңдер айтылады.

IV.Қорытынды бөлім


- Тәуелсіздіктің мәні мен маңызы туралы қорытынды сөздер айтылады.

- «Көк тудың желбірегені» әні орындалып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері көрсетіледі.

- Ашық тәрбие сағатының соңында қатысушыларға амандық тілеп, қоштасу сөздері айтылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2025
132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі