жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәуелсіз елім тірегім, самғауынды тіледім"

ЕЛЕМЕС ДИАС 3 КУРС
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ
КММ «МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІ»
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТІРЕГІМ, САМҒАУЫҢДЫ ТІЛЕДІМ
Қазақстан – тәуелсіз ел. Алайда қазақ бабам сол тәуелсіздікке жету үшін не көрмеді. Қанында төкті, жанында берді. Көптеген жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізу үшін, еліміздің басынан қаншама азап, қаншама қан төгіске айналған соғыс, халықты миллиондап қырған аштықта болды. ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ең ауыр, ең қиын кездердің бірі болып сақталды. 1991жылы 16 желтоқсанда, барша халық арманы орындалып, еліміз егемендігін алып, өз алдына дербес зайырлы мемлекет болды. Еліміздің өз президенті, салт-дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы қалыптасты. Сол тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп келе жатқанымызға 29 жыл өтті. Осы 29 жылда еліміз Қазақстан деген атты барша әлемге танытып, шекарасын бекітіп, дамыған мемлекеттердің арасына кірді. Сол себепті қазаққа не бағалы? Не қымбат? Дейтін сұрақтар тіпті ойлануға да келмейді. Себебі елін сүйген, жерін сүйген, елдікті ойлаған әр азамат тәуелсіздік дері сөзсіз. Менің ойымша бұл, жас ұрпақтын тұлға ретінде қалыптасуына, бойында патриоттық сезімнің оянуына, толғана ой түюге мүмкіндік тудыратын аса маңызды тақырып. Әрбір азамат өз елінің тірегі болып, бейбітшілік пен елінің көркейуін тілеп, әрекет қыла алады. Ал осыған жетудің қайнар көзі – намыс пен рухани жігер, батылдық, өз еліңді мақтан тұтып, Отанынның патриоты болу.
Ал енді әр адам өз еліне қандай үлес қоса алады?
Әрине 29 жылда жеткен жетістігіміз аз емес. Қазақстан БҰҰ мүшесі атанды, еліміздің өзінің әнұраны, елтаңбасы, туы бекітілді, ұлттық валюта теңге айналымға енді, тұңғыш ата заңымыз қабылданды. 2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Ел намысын қарғаған спортшылар 32 алтын, 21 күміс, 18 қолаға қол жеткізді. 2017 жылы ЕХРО көрмесің ұйымдастырды. Көп деген стратегиялар мен бағдарламаларды еңгізді. Айта беретін болсақ өте көп. Еңдігі еліміздің мақсаты – дамыған 30 елдің қатарына кіру. Әрине көп деген жетістікке қол жеткізсек те, шешілмей жатқан мәселелер аз емес. Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеасын қарастыратын болсақ – идеяның басты мақсаты халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттырып, елді дамытудың жаңа сатысына жетелеу. Жалпақ тілмен айтқанда, бабаларымыз армандаған мәңгілік ел құру. Ал ата-бабаларымыздың арманы – ұрпағы өз тарихын, салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін білуі. Саналы, білімді ұрпақтың қалыптасуы. Мемлекет тұрақты болып, сөз бен істің ажырамауы. Алайда қазір қаншама білімді ұрпақ қалыптасқанымен, тілін, тарихын, мәдениетін ұмытып жатқандар уақыт өткен сайын көбеюде.
Ал енді әр проблемаға тоқталып өтейік. Басты әрі ауқымды проблеммалардың бірі ол тіл мәселесі. Көбісі тіл мәселесіне келгенде – ол біздің орыстарға тәуелді болғанымыздан деп жатады.
Алайда сол кезден бері 30 жылдай уақыт өтті. Айтарлықтай өзгерістер болып жатқан жоқ. Иә, тіл туралы көп деген заңдар шығып жатыр.
Дегенмен қарапайым халық тұрмақ, жоғары да отырғандардың көбісі, қазақ тілін білмейді. Тіпті интернетке қазақ тілімізді жерге таптап, мазақ боп жатқандар да бар. Өздері тілді білмесе, қарапайым халықтан не талап еткісі келеді? Сол үшін де билікте сауатты, тілін жетік білген, халқына үлгі болатын адамадар отырса, халықтың да санасы өзгеріп, қазақ тіліне деген құрмет артар еді.
Келесі проблеманың бірі, ол жастарымыздың өзінің салт-дәстүрін, мәдениеті мен тарихын ұмытуы. Дамыған мемлекеттер алдымен өз мәдениетін, салт – дәстүрін көрсетеді. Сонысымен мақтананады. Ал біздің елдің жастары өз мәдениетіне көңіл бөлмей, басқаларға еліктегісі келеді. Билікте отырғандардың өзі де ең алдымен осыған көңіл болсе деймің. Тәуелді болғанда салт-дәстүр мен мәдениетті ұмытпасын деп аталарымыз қанында төкті, жанында берді, ұлттың жойылмағанын тілеп, неше түрлі партияларын да құрды. Большевиктермен күресіп, ел болашағының амандығын тіледі. Осыншама кеткен еңбек, қан мен тер босқа болмаса екен деймін. Егер де өз еліне деген жанашыр адамдардың саны көбейіп, өз мәдениетін, салт-дәстүрін мақтан етіп, әлемге паш ететін жандардын орны толса, қазақ елін дамыған мемлекеттердің қатарына шығарады. Демек осындай халық қалыптасса, өз елінің тірегі болып, самғауын тілейді.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның мәңгілік ел болуы, тек өзіміздің қолымызда. Елімізді, ұлтымызды өзіміз ойламасақ, басқаға ол керек те емес. Басқа мемлекет бізге туған ел болмайды, өзге жерде басып өткен қара жер, өз жеріміздің топырағындай ыстық болмайды. Тек біздің арқамызда еліміз қырандай самғап, аспанын ешқашанда қара бұлт баспайды. Өзіміздің Отанымыз ғана бізге тірек бола алады. «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деп бабаларымыз құр босқа айтып кеткен жоқ. Біз шығатын белес әлі алдыда!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген