Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіз елім-туған жерім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы балаларға арналған Тәуелсіздің күніне арналған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уразбаева С.Ю, тәрбиеші

37 «Мәншүк» балабақшасы МКҚК

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім-туған жерім»

Мақсаты: балалардың қазақ тілінде Тәуелсіз ел, Отан Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын молайту. Туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдары: Қазақстан Республикасының картасы, Қазақстан Республикасының рәміздері, (презентация арқылы)

Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап ойыны.

Оқу қызметінің барысы:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Шаттық шеңбері: Қайырлы таң, көк аспан

Қайырлы таң, жер-ана.

Қайырлы таң, достарым

Сәлем, сәлем, сәлем!

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз ерекше болады. Ендеше Сіздер мына суретке қараңыздар. Не көріп тұрсыздар? ҚР картасын көрсте отырып, түсінік беру.

Тәрбиеші: -Біз қай елде тұрамыз?

Балалар: -Қазақстан Республикасында

Тәрбиеші: -Қазақстан елінде қандай ұлт өкілдері бар?

Балалар: -Орыс,өзбек,қырғыз,ұйғыр,әзірбайжан,тәжіктер.



Тәрбиеші: -Біз қай қалада тұрамыз?

Балалар: -Ақтау қаласында тұрамыз.

Тәрбиеші: Балалар сіздер Ақтау қалалық музейіне саяхатқа барлыларыңыз келе ме?

Балалар: - Иә, шығымыз

Тәрбиеші: -Ендеше аялдамаға барып, автобусты күтейік. Автобуспен жеткенше қаланың көрікті жерлеріне көз жүгіртейік.

Тәрбиеші: -Балалар, терезеден қараңдаршы, бұл – Ынтымақ алаңы.

Тәрбиеші: Балалар, біз музейге келдік. Балалар қараймыз, бұл жерде ата-бабамыздың көнеден мұра болып келе жатқан тарихи жәдігерлері жинақталған. Бұл қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп қонып жүргенде ыңғайлы әрі жылы Киіз үйіміз болған. Киіз үйдің бастапқы құрал-жабдықтарымен таныстырып өтейін: Шаңырақ, уық, кереге, есіктен құралады және оларға арналған киіз жабдықтары бар. Ертеде Киіз үй маңында балалар әр түрлі ойындарды ойнаған. Сол ойынның бір түрін ойнап көрейік.

-Өте тамаша балалар қане бәріміз «Асық ату» ойынын ойнайық.

Ойын: «Асық ату»

Ойынның шарты: Шеңберге асықтарды қатар-қатарымен құрамыз, егер асықты кім шеңберден шығарса, сол бала ұтады.

Тәрбиеші: Қанекей балалар, ойын ойнап болдық. Енді келесі залға өтейік. Бұл жерде біздің ақын-жазушыларымыздың көне кітаптары бар. Бұл Абай атамыздың «Қара сөздер» жинағы , ал мынау «Абай жолы» романы. Ал мынау атамыздың суреттері, оның ішінде Әжесі-Зере, Әкесі-Құнанбай, Анасы-Ұлжан.

Тәрбиеші: балалар осымен музейге арналған саяхатымыз аяқталды.

Саяхатымыз ұнаған болса балалар музей алаңында сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:

Кел балалар тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Шаңырақты көтеріп

Керегені құрайық

Уық болып йіліп

Бір отбасы болайық.



Балабақшаға оралайық.

Қорытынды:

Тәрбиеші:

-Балалар біз қайда бардық?

Балалар:-музейге бардық.

Тәрбиеші: -Музейде нені көрдік?

Балалар: Абай атамыздың көне кітаптарын,шығармаларын көрдік.

Тәрбиеші: -Абай атамыздың қандай шығармашылығымен таныстық?

Балалар: Күз туралы,қыс туралы шығармалары мен таныстық.

Тәрбиеші: -Күз туралы өлеңін кім есте сақтады және кім айтады?

Балалар: Адина

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.

Білмимін тойғаныма,тоңғаныма,

Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.

Жарайсыңдар, балалар. Осымен оқу қызметіміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2020
514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12