жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіз қазақ елі- елдігіміздің тұтқасы болған ақсүйек төре тұқымының тарихи рөлі.
Тәуелсіз Қазақ елі-елдігіміздің тұтқасы болған ақсүйек төре тұқымының тарихи рөлі
Амангелдиев Нұрсұлтан Жұмабайұлы №64 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Сан ғасырлардан бері келе жатқан шындықтың бірі ел билеген патша, сұлтан, әмір, хан, қаған болсын қазіргі заманауи атауға көшкен төраға, президенттердің барлығы да кездейсоқ келген тұлғалар емес. Құдреті күшті Құдай Тағаланың жаратқан иеміздің қалауы солай. Десек те төнкеріс жасап елді қырып қанға бояп, атадан балаға мирас болып келе жатқан монархиялардың күлін көкке ұшырған көсемдердің қылығы мен тірлігі тарихтың сан мындаған парақтарының едәуір бөлігін толтырып тұрғаныда шындық Мүмкін олда кездейсоқтыққа жатпас Айпағым қазақтың мемлекет болып қалыптасуына, қазақ ұлтының пайда болуына, Алтайдан Атырауға дейінгі сайын Сарыарқаны сары майдай сақтап қалуға тәнін ғана емес жанында пида еткен хандардың ұрпақтарын, аты аңызға айналған Керей мен Қасым, Хақназар, Шығай, Тәуекел, Есім, Салқам Жәнгір, Тәуке, Абылай, Абілқайыр хандардан тараған, солардан қалған тұйақтардың бар жоғын, олардың тынысы мен тіршілігінен қаншалықты хабардармыз? Хандық дәуірді аңсамасақта, солардан өрбігендер жайлы бүгінгі таңда кейбіріміз білсек, кейбіріміз білмейміз. Қазіргі таңда жер бетінде 20-дан астам атадан балаға қалатын ел басқару жүйесі бар яғни монархиалық елдер бар қаншамасы кәрі құрлық Еуропада, біразы сары құрлық Азиада жатыр Батыстың демократияшыл Ұлыбритания, Недерланды, Шветсия, Дания секілді менменсінген тәкаппар елдері де соның арасында. Ал әлемді мойындатып отырған жалғыз император Жапон жұртында отыр. Ел тұтастығы мен бірлінгінің символы іспетті корольдер мен сұлтандар, патшайымдар формальды түрде болса да аталмыш елдердің заңды қожайыны саналады. Олардың ағайын-туыс жамағаттары да өз атақ -абыроймен өмір сүріп, халқының ыстық ықыласына бөленіп жүр. Құлатылғанына бір жарым ғасырдан астам уақыт болса да Романовтар әулетіне қатысы барлардың өзі дүниенің шартарапына шашыраса да барлығының тізімі жасалып,өзара ағайын туыс ретінде аралас-құралас жиындар өткіщіп,аман-саулықтарын білісіп тұратыны тағы бар.Қазақтан басқа да жоқ-ау деп жүрген қарға тамырластық дәстүрін кейбір құлатылған монархиялар әулетінің ұрпақтары бұл дәстүрді өз пайдасына ұтымды пайдаланып,қоғамда қала берді,әлем тарихында өздерінің толықтай құқылы орны бар екенің көрсетіп қана қоймай мойындатыпта жүр. Хандық дәуірден қол үзгенімізге тарихтан қарап отырсақ 150жылға жуық уақыт болыпты.Ал сонғы хан кім болды дегенге жауап санаулы һәм саналуан. Біреулер Кенесары хан десе, біреулері Уәли дейді, ендібірі Шерғазы, Бөкей деп айтуда. Қалай десекте барлығының дүйім дүниенің тең жартысын жаулаған Шыңғысханнан тараған, қазақтың ұлт болып қалыптасуына бүкіл ғұмырын арнағанын, қан кешу қасап заманда қол бастаған көшбасшы болғаны, жерінің көлемділігінен 9 мемлекеттілікті ұрпағына аманаттағанын ешкім жоққа шығара алмасы кәдік. Ал ендеше төре атауының шығу төркініне тоқталып өтсек. Бұл мәселе туралы қазақ ғалымы А.Сейдімбек: «Моңғолдардың жойқын шабуылынан кейін Шыңғысханның кіндігінен тараған ұрпақты ел басына отырғызу тәңірінің жазуындай заңдылыққа айналды. Ондай үрдісті қазақ халқы еш қарсылықсыз қабыл алды. Оның өзіндік сыр-себебі бар еді. Біріншіден- «Жер төбесіз, ел төресіз болмас» деп келетін дәстүр Шыңғысханнан арғы замандардан келе жатқан үрдіс болатын. Сақ, Скиф, Ғұн, Түркі қағанаты заманынан бастап ел билейтін рулар даралаланып отырған. Жеті жұрттың тілін біліп, Қытайда 7 жыл оқып келген дана Тоныкөкке қаған бол дегенде, «жоқ мен аналық-Ашина руынан шыққанмын, ата салты бойынша қаған болу аталық-Ашина руынан шыққандардың жолы» -деп жауап беретіні сондықтан. Яғни дәстүрлі ұғым бойынша елдің төресінің болуы атақ та емес, лауазым да емес ең алдымен этникалық статус, елдік рәсімнің елеулі бір айғағы болған.Тіптен төре сөзінің мән-мағынасы түркі тіліндегі «төр-ие», «төрдің иесі» деген ұғымды білдіретінін айта кеткен жөн. Шыңғысханның ұрпақтары моңғол бөлғандықтан «төре» демеген, қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен өктемдік көрсетіне қарамастан, ел басынада болған соң «төре» деп атаған. Бұл дәстүрдің ел санасындағы беріктігі сонша, кейінгі орыстың отаршыл әкімдерін де «төре» деп атайтын болған. Төре-Шыңғыстың үлкен ұлы Жошыдан тарайтын қазақ арасындағы ұрпақ, қазақ даласындағы әлеуметтік топ. Олар қазақ руларына қосылмай тын өз алдына дербес қауым болып саналады. Төрелер өздерін «ақсүйек» қауымға жатқызған қазақ қоғамында хандар тек төрелерден шыққан сұлтандар арасынан сайланған. Атақты тарихшы Құрбанғали Халид өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде «Төрелердің басын тексерсең түбін Шыңғысқа тіреуден кейбіреулер қашады, оны мұсылман емес деп ұнатпайтыны содан. Өзін жаратқан ата-бабасынан безбек пе? Кімнің бабасы кім болмады? Әке үшін баласы жауапты емес- бала үшін әке жауапты болмақ» деп топшалайды. Қазақ мемлекетілігінің дамуындағы төре тұқымының рөлі қандай деген сұраққа былай жауап бергіміз келеді. Қазақтың тұтас ел болып, қалыптасып, ірге байлап шаңырақ көтерткен Керей мен Жәнібек, қазақты миллион санға жеткізген Қасым, дербес қазақ хандығында алғаш заңдық кодекстер жасағанда сол Қасым. Ескі жолды ережелеген ер-Есім, 50мың жау әскеріне 600 ғана әскерімен Орбұлақта ойран салып, қазақтың басынан бұлт арылтқан Салқам Жәңгір, заманын қой үстінде боз торғай жұмыртқалатқан әз Тәуке.
Тәуке болып ханымыз,
Рахат тауып жанымыз.
Он сан алаш бірігіп,
Ойран болды жауымыз- деп келетін ақын-жыраулардың даналығы осының айғағы. «Жайықтың сағасы кеуіп қалмайынша қазақтар оның бойынан кетпейді» деп орыс басқыншыларына қарсы қадап айтқан хан Әбілқайыр, төрткүл дүниеге аты мәлім хан Абылай, жатса тұрса ойлайтыны азаттық, еліне теңдік әперемде қапыда Қырғыз жерінде басынан айырылған хан Кене. Мінекей төре атаулының барлығы қазаққа сіңген еңбегі ұшан-теңіз. Құдіретті Шыңғысханның қазақ жерін толықтай бағынышта ұстағаны, апайтөс Қыпшақ даласында үлкен ұлы Жошыдан тараған ұрпақ ХІХ ғасырдың ортасына дейін билік құрғаны жалпақ жұртқа мәлім.
-
Керей хан 1456-1473ж
-
Жәнібек хан 1473-1480ж
-
Бұрындық хан 1480-1511ж
-
Қасым хан 1511-1518ж
-
Мамаш хан 1518-1523ж
-
Тақыр хан 1523-1532ж
-
Бұйдаш хан 1533-1534ж
-
Қожа Махмұт хан 1534-1535ж
-
Тоғым хан 1535-1537ж
-
Хақназар хан 1538-1580ж
-
Шығай хан 1580-1582ж
-
Тәуекел хан 1582-1598ж
-
Есім хан 1598-1645ж
-
Жәңгір хан 1645-1680ж
-
Тәуке хан 1680-1718ж
-
Болат хан 1718-1730ж
-
Сәмеке хан 1730-1739ж
-
Әбілмәмбет хан 1740-1771ж
-
Абылай хан 1771-1781ж
-
Уәли хан 1781-1819ж
-
Бөкей хан 1815-1817ж
-
Кенесары хан 1841-1847ж
Елін біріктіремін деп басынан айырылған хан Кенеден кейін қазақта құдіретті хан болған жоқ. Қазақ жүздерінің Ресейге қосылу барысында Орта жүз бен Кіші жүзде бірте –бірте хандық жүйе жойылып, төрелер қазақ қоғамының саяси-экономикалық бұрынғыдай рөлін атқара алмады. Қазақстанда 1867-1868 жылдардығы реформалардың енгізілуі төрелердің артықшфһылығын біржолата жойды. Сөйтіп 400 жылғы жуық өмір сүрген қазақ хандығы Уәлидің қайтыс болуына байланысты тарих сахнасынан кетті. Абылайдың сонау заманғы Бұхарға жорытқан түсі шындыққа айналып, соңғы ұрпақтары майдаланып шашырап бірте –бірте өзінің «ұйытқы», «ақсүйек» статусынан айырылды. Қазақтар бассыз дене болып, өз ішінен ыдырады.
...Хан баласы ақсүйек-
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшан сен едің
Ата жауың мен едім
Ежелгі дұшпан ел болмас
Етектен кесіп жең болмас!
-деп келетін Махамбеттей ақынның сөзіне қарағанда қазақ арасында хан баласының беделі төмендеп, билігі жүрмей қалғанын аңғаруға болады. Алайда хан ұрпақтары зым-зия жоғалған жоқ еді. Жарық жлдыздай көкте ағып өткен Шоқандай қазақтың асылдары сол төре тұқымдарының артыгнда қалған сынығы болатын. Өйткені өткен ғасырдың басында Әлихани Бөкейхан, Бақытжан Қаратай секілді хан ұрпақтары елдің ттуын үдере көтерді. Бабалары байыбына барып қастерлеген қасқырша азуын ақситты. Ұлт көсемі Әлиханның мына бір сөзінен бұл жайтты байқауға болады. «... Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам халқыма қызмет етпей қоймаймын». Мейлі жеңілсін, мейлі атылсын әйтеуір көсемдік көрсетіп, шешендік танытты. Ұлтты ұйымдастырудың ақырғы әрекетін жасады. Осы арада мына бір жайтты тілге тиек еткенді жөн көрдік. Ұлт көсемі Әлихан Барақ төренің ұрпағы, ал Бақытжан Әбілқайыр ханның ұрпағы. Тарихтан мәлім Әбілқайыр ханды өлтірген Барақ сұлтан болатын. Ал Әлихан мен Бақытжан ұлтты ұйыстыру барысында бұрынғы өткен аталарынан қалған өшпенділікті емес бірлікті ту етті. Екінші жайт біз білетін әміршіл-әкімшіл жүйенің егесі Сталиндік репрессия құрбаны болған қазақтан үш әйел болатын. Соның бірі Шақзода Шанонова ол да төре тұқымынан болатын. Бүгінгі таңда ел үшін ардақты танымал осынау апталдай азаматтардың бірінен ұрпақ қалса, енді бірінен атымен жоқ және қазіргі ең танымал хан тқұымы Абылайдан тарайтыны белгілі мүсіншіміз, тәуелсіз қазақ жұрттың елтаңбасының авторы Шотаман Уәлиханов қазақтың тұңғыш тарих ғылымының докторы Е.Бекмаханов. Хан тұқымдары әсіресе солтүсті, орталық Қазақстан өңірлерінде көптеп кездеседі. Айшуақ, Бөкей хандардан қалған ұрпақтардың бар екендігі жайлы деректер бар.Бірақ нақты қай жерді мекендеп , қандай іспен айналысатындығы жайлы қабар жоқ. Қазіргі таңда хан тұқымдары өкілдерінің ішінде Абылайдан тараған төрелер белгілі һәм беделдісі. Шыңғыстың қай ұрпағын түгендей бересің дейтіндер де табылары анық. Шежірешілердің айтуынша Қазақстанда әрі кетсе мыңның төңірегінде ғана хандар мен сұлтандардың ұрпақтары өмір сүріп жатыр. Ал Моңғолия мен Орталық Азияда тұратын халықтар арасынан 16 млн –ға жуық Шыңғысхан ұрпағының бар екендігін ағылшын генетиктері анықтады. Нақты қарым-қаынас болмағаннан соң, олар туралы мәліметтерді шежіреге кіргізу дәл қазір мүмкін емес көрінеді. Бұл сөз шежірешілер сөзі. Негізгі айтылмақ ой өзінің тектілігімен, бекзада болмысымен дараланып сонысы арқылы бүтіндей бір елдің тұтастығын қамтамасыз етіп келген атақты хандарымыз мен сұлтандарымыздың артында қалған ұрпағын қалың қазаққа аманаттап кеткен еді. Кеңестік шектеулердің ықпалымен ақсүйек біткенді қудалап келді. Енді қолымыз аузымызға жеткен бүгінгідей жаймашуақ заманда өлгенімізді тірілтіп, жоғымызды түгендеген абзал шығар. Абылайдай ханның кеңесшісі болған әйгілі Бұхар жырау өзінің даналық сөзінде:
...Тоғызыншы тілек тілеңіз
Төреңіз тақтан таймасқа
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа –деп осы жайтты бір ауыз сөзбен түйіндеп кеткен. Тарихты тірілтіп жатырмыз дейтін ғалымдарымыз үшін хан ұрпақтарының шежіресінің зерттеу одан әріден жалғасын тапса екен дейміз, Қанша дегенмен бүгінгідей алып елдің қожайыны болып отырғанымыз сол бір кесек тұлғалардың әрқайсысында екенін ешкім теріске шығара қоймас. Болашағын ойлайтын, тарихын қастерлейтін ел екеніміз рас болса ел үшін өмір сүргендердің ұрпағына оң қабақ танытып, құрметтегеніміз де дұрыс болар.
Пйдаланылған әдебиеттер
-
Мұхаммед Хайдар Дулати . И.Жеменей. Алматы 2007 ж 60-61 б.
-
Құрбанғали Халид Тауарих хамса. Алматы 1992 ж. 165 б.
-
Салғара Қойшығара Хандар кестесі Алматы 1992ж. 17 б.
-
Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы Алматы 1998 ж. 208-209 б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген