Материалдар / "Тәуелсіз Қазақстандағы конфессияаралық келісім" атты мақаласы

"Тәуелсіз Қазақстандағы конфессияаралық келісім" атты мақаласы

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні мұғалімі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
950
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіз Қазақстандағы конфессияаралық келісім

Масалимов Сейсен Ешенгазинович, КММ «№35ЖОББМ» тарих пәні мұғалімі, Семей қаласы, ШҚО Қазақстан Республикасындағы толеранттылық пен конфессияаралық келісім мемлекеттің біртұтастығының кажетті шарттарының бірі болып табылады. Әртүрлі ұлттардың өкілдері мен діни топтардың бейбіт өмір сүруі мемлекеттің саясаты мен Қазақстандық биліктің тәжірибесіне байланысты.Біздің мемлекетті «өркениеттің қиылысы» деп бекер айтпаған. Қазақстан – ислам, христиандық, буддизм сияқты ірі әлемдік діндердің арасындағы шекара болып табылады. Ғасырлар бойы Қазақстан жерінде әртүрлі ұлттардың өкілдері бірге тұрып еңбектенген. Қазақстан жері 130-дан астам ұлт өкілдері мен әртүрлі дін ұстанушылардың туған үйіндей болып кетті.Қазақстанда ұлыстар мен конфессиялардың құрылымдық диалогы елдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу жолдарының негіздерінің бірі болып табылады. Көпұлтты және көпконфессионалды қоғамда демократиялық, зайырлы мемлекеттің қағидаларын қолдану қажет. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен сақтауындағы өзіндік үлгісі құрылды. Қазақстандағы толеранттылық қағидасы саяси мәдениеттің ережесі болып қана қоймай, демократиялық мемлекетті  құрудағы басты қағидаларының бірі болып табылады. Қазақ халқының көпғасырлы мәдениетінде үйлесімді қатар өмір сүру, адамдардың мінез-құлқының табиғи өмірлік қағидасы қалыпты болып келеді.Қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларына барлық ұлт өкілдері мен конфессияаралық топтарға тең құқықтар ұсыну, сонымен қатар діни ұйымдар мен олардың мәдени орталықтарына өмір мүру үшін қолайлы жағдай құру болып табылады. Тәуелсіз Қазақстаннның заң шығарушылық актілері құқықтық базаны құрды, оның негізінде барлық азаматтардың саяси және азаматтық қауымдастығы жатады, этникалық және діни тиістілігіне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз етеді. Осы қағидағының негізінде әлемдік қауымдастық жағынан жоғары бағаға ие болған этникаралық мемлекеттің саясаты құрылады.Мемлекет басшылығының конфессияаралық келісімді тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде нығайту саласындағы айтарлықтай мақсатының дәлелі ретінде, Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін айтуға болады. Астаналық форумда дін тұту бостандығы, халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы діни көшбасшыларының рөлі мен шиеленістерді бейбіт жолмен шешудегі әлемдік діндердің күштерінің беріктірлуі мәселелеті талқыланады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі Қазақстанның конфессияаралық саясатының әлемдік деңгейде экстраполяцияланған  логикалық жалғасын тапты. Конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісін құрған біздің мемлекет, бүгінгі таңда көршілік және қауіпсіздік идеяларын жылжыту, ұлтаралық және дінаралық диалогтың жалпы әлемдік тұжырымдамасын шығаруға тырысады.Еске сала кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының тұңғыш Съезі 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен шақырылған болатын. Съездің мақсаттары мен мұраттары, діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты баянды ету, діни қауымдар арасындағы өзара түсінік пен құрметті тереңдетіп, нығайту, араздық пен экстремизм идеологиясына қарсы тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру, діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты өрістетуді көздеген барлық халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдасу болып табылады.Ал Астанада өткен бес Съездің жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, индуизм, буддизм және басқа діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері қатысты. Съездің сұхбат алаңында діни қауымдар арасындағы рухани жақындасу хақында келелі әңгімелер болды, сондай-ақ әлем азаматтарына, халықтарына және үкіметтеріне арналған үндеулер қабылданды. Қазақстанда әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт бірге өмір сүруінің, этносаралық және конфессияаралық келісім мен қадірлестік толеранттық ахуалын құрудағы, ел халқының көпшілігінде бейімделу құндылықтарының қалыптасуына ықпал ететін тарихи бағасыз тәжірибесі жиналған. Сол себепті, біздің мемлекетіміздің Елбасы Қазақстанның конфессиялық әралуандығы және этномәденилығына ерекше көңіл аударады. Бұл Қазақстан халқының өзге ұлттармен құнды мәдени жетістіктермен бөлісуі, барлық біздің қоғамымыздың ортақ дәулеті болып табылады. Қазақстанның бейбітшілікке, тұрақтыққа, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге бағытталған саясаты әлемдік қауымдастықтың кең қолдауын көріп отыр.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ