Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері және даму мәселелері»

Материал туралы қысқаша түсінік
1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы еді. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің бізге берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы болды. Қазіргі таңда мемлекетіміз тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына отыз жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері және даму мәселелері»


1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы еді. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік  — тәңірдің бізге берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы болды. Қазіргі таңда мемлекетіміз тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына отыз жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт - дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Елдің әл—ауқатын көтеру үшін қыруар жұмыстар жасалды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша дамыды.

1991 жылдың 17—желтоқсанында Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг өтті. Жиналған адамдарың алдына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп сөз сөйледі: «Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, енді сол күнге де жеттік... Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын... Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең—байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе жастар салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашанда достыққа адал болса, бауырмашыл, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін» [1, 113 б.].

Қазақстан Республикасының рәміздері жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің айқын көрінісі болды. Мемлекет рәміздері - оның егемендiгi мен тәуелсіздігі, халық бiрлiгi мен билiктiң куәсі . Олар мемлекеттiлiктiң қалыптасқанын және ұттық жалпыадамзаттық құндылықты білдіреді . Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бір жағынан, мемлекеттілік идеяларының негізгі басымдықтары: біртұтастық тәуелсіздік ел азаматтарынын санасындагы бірлікті нығайтса, екiншi жағынан бейбіт те достық көршілікті жақтаушы ел ретіндегі Қазақстанның имиджiнiң халықаралық денгейде қалыптасуының айқын көрінісі болып табылады. Мемлекеттік рәміздерде көркем бейнемен қазақ философиясының негiзгi қырлары - сан ұрпақ бойы тарихи мұраларды сақтап қалуға көмектескен ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар көрсетілген . Мемлекеттік рәміздер ұлттық мемлекеттiлiктiң сыртқы идеологиялық түрін көрсетеді. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бір-бірімен байланысты. Бір-бірін толықтыра отырып, олар Қазақстан Республикасын азаматтарының және халықаралық қоғамдастық түйсігінде республика мызғымастығының негізі ретінде біртұтастықты құрайды.

1992 жылы 4 маусымда Қазақ елі өзінің мемлекеттік рәміздеріне ие болды. Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойды [3, 38б] .

(1992 жыл, 4 маусым Н.Ә.Назарбаев)

Мемлекеттік тәуелсіздіктің айқын көрінісі – сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардағы дербестігі. Мемлекет бірінші кезекте басқа да тәуелсіз мемелекеттердің тең құқылы әріптесі болған кезде тәуелсіз деп танылады.

ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының басында Қазақстан мемлекеттердің әлемдік қауымдастығының беделді, мойындалған қатысушысы болды. Ел азаматтары Қазақстанның осындай мәртебесін оның адамзаттық, интеллектуалды және ресурстық әулетіне толықтай сәйкес келеді деп қабылдады.

1992 жылы 2 наурызда БҰҰ - на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды. 1997 жылғы қазанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.

Осыдан отыз жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Әрине, ең алдымен бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, әлеуметтік — экономикалақ күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік. Соған қарамастан Қазақ мемлекеті өркендеуде өз жолын таба біліп, өркениетке өз үлесін қоса бастады.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты, сол уақыттарда тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш үкіметінің мүшесі, Премьер — Министрдің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, халықымыздың сеніміне кірген қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов өзінің 2005 жарық көрген «Серпінді кезең» атты еңбегінде еліміздің даму қарқынына былайша баға береді: «Қуатты саяси, экономикалық, әлеуметтік және демократиялық қайта құрулар көп ғасырлық тарихымыздың қойнауында өткен заманның ешбір кезеңінде болмаған мүлде жаңа үрдіс, тың құбылыс жағдайында дамып келеді. Біз саяси тұрақтылықты сақтап қана қоймай, сонымен бірге оны нығайта түсуге және өзіміздің қазақстандық ұлтаралық келісім үлгісін жасауға қол жеткіздік. Тоталитарлық жүйенің құлдырауымен бірге КСРО—ның ұлттық саясатының тым идеологияландырылып жіберілген, түбірімен қате ұлттық стратегиясын 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі аяусыз әшкерлеп берген болатын. Сондықтан аяғынан енді ғана тұрған Қазақстан мемлекеті үшін мүлдем жаңа ішкі саясат жүргізуі тиіс еді. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық қоғам құрудың тиімді жолын қалыптастырды. Біздің Республика этносаралық жанжалдарды қазір де, болашақта да болдырмауға болатынын бүкіл әлемге сенімді түрде дәлелдеді. Ұлтаралық түсіністіктің қазақстандық моделі қалыптасып, нәтижелі жұмыс жасап келеді. Әрі оған басқа мемлекеттер де қызығушылықтарын білдіріп отыр. Бұл бір экономикалық формациядан басқа, үлкен экономикалық қиындықтар мен әлеуметтік проблемаларға өтудің кезіндегі кедергілерге қарамастан адамдар арасындағы бір—біріне деген сенімнің болғандығының жарқын көрінісі болып табылады» [3, 149 б.].

Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып ұзақ мерзімге арналған стратегиялық дамуы жоспарын таңдап алған елдің бірі болды. 1997 жылдың 11 қазанда «Қазақстан—2030» атты ұзақ мерзімді дамуы стратегиялық бағдарламасын қабылдады. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең алдымен көршілес шет елдермен екі арадағы шекараны дәйектілікпен бекітті. «Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы бекіту» заңына сәйкес 1999 жылы мемлекет басшылары шекаралық мәселелерді толық реттеп, құжатқа қол қойды [4].

Елімізде индустриялдық — инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Қазақ елінің дәл жүрегінен, Еуразия кіндігінен барша қазақстандықтардың мақтанышы әрі ұлттық жетістігіміз—Астана қаласы бой көтерді. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасын және оның Елордасы—Астананы бүкіл әлемге паш етті. Елордамыз—республиканың бас қаласы—Астана күннен—күнге көркейіп қанат жайып келеді. Оның бүгінгі бейнесінің өзі—ақ көз алдымызға Еуразияның келешектегі жұртқа мәшһүр шаһарын елестетеді.

Тәуелсіздік кезеңі басты жетістігінің бірі қазақ мәдениетінің қайта жаңғыруы және Қазақстанды мекендейтін этностардың мәдениеті мен дәстүрін дамыту болып табылады. 1990-2000 жылдары қазақ мәдениетінің тарихында жаңа үдірістер орын алады. Байырға Наурыз мерекесі мен айтыс өнері қайта жаңғырды. Бұл кезең Қазақстан мәдениеті жаңа сапасының қалыптасуы мен анықталады. Тәуелсіздік алған соң Наурыз ұлттық мереке ретінде тойлана бастады. Наурыз – Шығыс халқына ортақ бірлік пен көктем, құт-береке мерекесі саналады. Елдегі барлық ұлттар өз дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дамытуға мүмкіндік алды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметі бойынша 1995 жылы мәдени-ағарту мекемелері 180 мыңға жуық әр түрлі мәдени шаралар өткізген [2, 221б].

Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Экономикалық байланысымыз даму үстінде. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білемін. Қазіргі таңда жас мемлекетіміз көптеген елдерден әлдеқайда алда тұр. Ол ауызбіршілікте, ынтымақта, туыстық қарым-қатынаста, жақсы ниетпен, өмір сүрдің айғағы. Мәңгілік Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен тиген жоқ, оны да естен шығармағанымыз жөн. Осындай еркін теңдесі жоқ, бостандықты алып берген ағаларымыз бен апаларымызға мың да бір алғыс!


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. — Алматы: Раритет, 2010. — 113 б.

  2. Аяған Б.Г., Ануасова А.М., Сулейменова А.М. Қазақстанның қазіргі заман тарихы(1991-2014). – Алматы: Атамұра 2014. – 38 б., 221 б.

  3. Абрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. — Алматы: Атамұра, 2006. — 149 б.

  4. Назарбаев Н.Ә. Нұр Отанның дамуында жаңа белес басталды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. — № 21 — 18—қаңтар. — 2008.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2021
1451
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12