400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан ата-бабамыздың мекен еткен ежелгі қонысы.Елімізде сан түрлі ұлттардан құралған ұлт өкілдері қоян-қолтық еңбек етіп,тұрып жатыр,яғни біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты , мәдениет пен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың озық үлгісін көрсетіп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері



Тәуелсіздік –ақиқатқа таразы,

Тәуелсіздік-жемқорлыққа наразы.

Тәуелсіздік –жақсылықтың жаршысы ,

Жақсартатын қоғамдағы сананы.

Ораз-Бек Мақашұлы.

Қазақстан ата-бабамыздың мекен еткен ежелгі қонысы.Елімізде сан түрлі ұлттардан құралған ұлт өкілдері қоян-қолтық еңбек етіп,тұрып жатыр,яғни біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты , мәдениет пен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың озық үлгісін көрсетіп отыр.

Біз бүгінде бүкіл әлем , қызыға да, қызғана да көз тігіп отырған тәуелсіз мемлекетпіз. Осы тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қаншама қиындықты бастан өткерді. Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихы Евразияның ұлы көшпенділер өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз.Батыстан шығысқа, шығыстан батысқа Қазақ даласы арқылы , Үндістан мен Иранға, Еділ мен Кавказға, Европа мен Қытайға, Қырымға арийлер, ғұндар, сақтар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар ағылды.Олардың бәрі де осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды.

Алайда, тағдырдың талқысымен қазақ елі дербестігінен айырылып, Ресей империясының құрамына енді. Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады. 1930 жылдардан бастап , тоталитарлық жүйе халқымыздың тілі мен өмір салтына , тарихы мен мәдениетіне орасан зор зиянын тигізді. Одан кейін нәубәт шалған ашаршылық заман қойдай жуас халқымыздың есігін керіп тұрды.

Қазақта «Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды»,- дейді.Тарихқа жүгінсек , кеше ат үстінде жүрген қазақ дүниені дүр сілкіндірген зар замандарда торда қамалған торғайдай халқы үшін «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»-жоқ деп желтоқсан талқанында бел шешіп күрескен.Ызғары ерте түскен сол қыстың қаһарлы күндерінде әділетсіздікпен бетпе-бет кездескен , әлі буыны да қатып үлгермеген марқұм Сабира , Ләззат , Қайрат сынды жастар қаншама еді. Ия, еліміздің тәуелсіздігі үшін бұлар не көрмеді?

Ләззат сияқты қаракөз қыздарымыздың шашынан тақымға іліп6 көкпардай сүйресе,осы дүрбелеңнің салдарынан аяусыз соққыға ұшыраған Қайрат :

Қорлай да беріп қайтадан,

Бөтен қолда кетпесін,-деп өзінен кейінгі бейкүнә ұрпақ өкілдеріне ұрандата кетті.Жас өмірдің қаншама қыршын гүлдері қиылып түсті.Тәуелсіздіктің азабын өздері тартап , ғажап күндерін бізге сыйлап кетті.Қаншама бәйшешек ғұмырлар үзілді...

Бүгін міне, еліміздің тәуелсіздік туын желбіреткеніне де отыз үш жылдың жүзі болыпты. Біз тәуелсіздіктің әр жылын өсу, өркендеу жолында өткізіп келеміз. Осы отыз үш жыл ішінде есімі тарихта алтын әріппен жазылатын елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында күрделі істер тындырылды. Олардың ең көрнектісі- шекарамызды белгілеп, төрт құбыламызды тегістеп, әрі тұрақтандырып алуымыз және өзіміздің меншікті Қарулы Күштерімізді жасақтауымыз, әр елдің елдігін белгілейтін ұлттық белгілеріміз , қайта оралған тіліміз , дініміз, салт-дәстүріміз.

Бұл Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі , әнұранымен айбатты , шекарасы мен тілі , теңгесі мен діні , басқа елдермен терезесі тең керегесі кең ел деген сөз.

Санамалап айта берсек , бұл жылдарда тындырылған іс жетіп артылады. Бәрін де заң жолымен шешетін құқықтық ,зайырлы мемлекетке айналдық. Бабамыздың табаны тимеген жерге ,баламыздың қаламы тиіп, құрлық асып білім алатын дәрежеге жеттік. Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік,бүкіл дүниежүзі қазақтарының құрылтайын жасап, күллі әлемге татулық пен бірлікті паш еттік. Олимпиада чемпиондарын дайындап, дүниежүзіне әнұранымызды тыңдатып,көк байрағымызды көкте шарықтаттық.Тәуелсіздікті тірек етіп ,елдің тыныштыңы мен ынтымақ-бірлігін сақтап, білім мен біліктілігімізді арттырып, рухани жаңару барысында еліміздің тәуелсіздігін мәңгіге сақтай білдік. Қарағайдың қырық бұтағы болса, соның біреуі ғана түзу бітеді екен. Бірақ біздің ұрпақтарымыздың барлығы теректей жайқалып, түзу бітуі шарт. Өйткені азат елге қорған болатын сол жастар. Халық алдындағы сенімді ақтау үшін аянбай еңбек етіп, еліміздің еңсесі биік болуы үшін биік шыңдарды бағындыруымыз шарт.Толассыз қанмен, ащы термен келген азаттықты сақтап қалмасақ , елдігімізге сын. Тәуелсіздіктің жемісі тәтті болғанымен, еңбегі қатты болғанын ұмытпауымыз керек .Алла таяудағы жүз жылдық , әрідегі мыңжылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін,елдігі мен еңбегін баянды еткей!

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі : Шилимбетова М.Н.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.05.2024
390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі