400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсізбін

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы өлең
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Қожабақы ауылы

№ 25 орта мектептің

10- сынып оқушысы

Мінәж Дильназ



Тәуелсізбін

Туған тілден бастаймын сөздің басын,

Қуанып жатқан шығар жерде тасың.

Жоғалтпады еліміз, қазақ тілін,

Шүкір Аллам, қазағым жасымасын.



Сонау арғы дәуірден бастау алған,

Ауызша әдебиетін таспалаған.

Өлшенбейтін, өшпейтін ешқашанда,

Кірпіші, әсте қисық қаланбаған.



Тілден өткен қылыш жоқ,- дейді халқым,

Кесіп кетсе қанайтын шығар бәлкім?!

Азаттықты алып берген алашымның,

Қадірлеп өт, қастерле ата-салтын.



Жас ұрпақ боп тілімді мен жырлайын!

Құлақ түріп,өткенімді тыңдайын,

Дана болған абыз кеуде қарттарың.

Асыл тілін, жас ұрпаққа сыйлайын.



Ризамын мен, батыр туған, қазаққа,

Дәл осындай, ел тарихта жасаппа?!

Шежіреде Абылай мен Тәукенің,

Асыл тілмен рух берген жасаққа.



Баба жүгін жеңілдеттік бүгінде,

Көк байрағым желбіреп тұр көгімде.

Тәуелсізбіз, егеменбіз, асқақпыз!

Биік шыңға өрле мәңгі сүрінбе.



Алға қазақ биіктерден көрінгің,

Су бетінде көрдім елдің мөлдірін.

Қазақ деген ел өшпейтін ғаламнан,

Сізге берген уәдем болсын, шын сөзім.



Барымды салам биіктеуге қазағым,

Жырлаймын мәңгі, тәуелсіздікті жазамын.

Жастар болып қолға аламыз әр істі,

Ұрандатып, әркез Алаш жасасын!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі