400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсізбін мен бүгін! 7-класс, қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәуелсізбін мен бүгін!" тақырыбында ашық сабақ материалы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру ұйымының атауы

51 гимназия

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Бөлім:

Ұрпақ тәрбиесі

Педагогтің аты-жөні:

Елубаева Жулдыз Абдировна

Күні:

18.04.2024

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тәуелсізбін мен бүгін!

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.2.4.1 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу;

Сабақтың мақсаты




- шығармадағы үзінділерді өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап, пікір білдіреді;

- шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады;

- оқиға жалғасын шынайы өмірмен байланыстырады және дамытады;


Бағалау критерийі

- шығармада әсер еткен үзінділердің мағынасын ашып, өзіндік көзқарас тұрғысынан пікір білдіреді, талдайды;

- шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады, өлең шығарады;

- оқиға жалғасын шынайы өмірмен байланыстыра отырып, қиялын дамытады;


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар








Сабақтың басы






















































Сабақтың ортасы















































































Сабақтың аяғы


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Оқушыларды 4 топқа бөлу.

1-топ, 2-топ, 3-топ;

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Еркін тыныс» рефлексиялық жаттығуын жасайды.

Еркін отырып, жаңа сабақты бастауға кіріседі.


Өткен тақырыпты қорытындылау, жаңа сабақты анықтау мақсатында umaigra программасында пойызға міну арқылы кедергілерден сұрақтарға дұрыс жауап беріп өтеді. 1 жауапты таңдау мен шындық-жалған сұрақтарына жауап береді.

Өткен білімді еске түсіріп, кедергілерден сүрінбей өткен соң, жаңа сабақтың тақырыбы анықталып, оқу мақсаты түсіндіріледі.

Тақырып: Тәуелсізбін мен бүгін!

1-тапсырма Жұптық жұмыс

Өткеніміз

Жұбымен бірге Темірхан Медетбектің «Тәуелсіздігім» өлеңін «Екі жақты күнделік» әдісіне салып, берілген кестені толтырады. Кестенің бір жағына өлеңнен әсер еткен үзінділерді жазады. Екінші жағына үзінділердің мағынасын ашып, өзіндік көзқарас тұрғысынан пікір білдіреді, талдайды.


«Екі жақты күнделік» әдісі

Өлеңнен бізге әсер еткен үзінділер

Біздің көзқарасамыз, пікіріміз







2-тапсырма жеке жұмыс

Бүгініміз

Оқу мақсатына сәйкес шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады. Таратылған ақ парақты алып, ойша автор образына еніп оқиға желісін өз ойымен дамытады. Қара сөзбен немесе өлең шығарып жалғастыруға болады.



3-тапсырма топтық жұмыс

Болашағымыз

1-топ: Топ болып тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі Қазақстанның даму картасын жасайды. Тәуелсіздік алған жылдан бастап бүгінгі күнімізге дейінгі жетістіктер тізбегін құрастырады. Сурет қиындылары арқылы Қазақстанның физикалық картасының ішіне болған оқиғалар мен елеулі жетістіктердің суреттерін орналастырып шығады.





2
-топ:
Ұялы телефон көмегімен Canva, Pixton программалары арқылы «Болашақ Қазақстан біздің көзімізбен» деген тақырыпта топ болып комикс жасайды. Тәуелсіз Қазақстанды ойша дамытып, комикспен бейнелеу.


3-топ: «Қазақстанды қиын апаттардан қорғаушы жас қаһармандар» тақырыбында топ болып берілген бейнефильмнің үзіндісін дубляждау. Дубляждау барысында жас қаһармандар образына еніп, болашақта Қазақстанды қиын апаттардан шығару жолында күресті дыбыстайды.



Үй тапсырмасы: «Тәуелсіздік-еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында әдеби эссе жазу.

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды жүргізеді. Әр топ өздерінің бүгінгі сабақ туралы қорытындысын, өз ойларын талдайды. Жетістікке жеткен тұсы мен қиналаған сәттерді айтады. Бағалау парақтағы баллды есептеп кері байланыс жасайды.

Ынтымақтасық атмосферасы


Еркін отырып, терең тыныстап жаңа сабақты бастауға кірісу.

Үй тапсырмасын пысықтау. Өткен білімді еске түсіру

Umaigra программасымен

жұмыс. Пойызға мініп кездескен сұрақтарға дұрыс жауап беру. Шындық немесе жалған тапсырмаларын орындау.


1-тапсырма Жеке ж

Т.Медетбектің «Тәуелсіздігім» өлеңін «Екі жақты күнделік» әдісіне салып, кестені жұбымен толтыру.

Бір жағына өлеңнен үзінді жазу, екінші жағына үзіндінің мағынасын ашу, жұптық көзқарас білдіру.

Дескриптор

-жұбымен бірге өлеңнен әсер еткен үзінділерді жазады: 1

-үзіндінің мағынасын ашып, жұптық пікір, көзқарас білдіреді; 1


2-тапсырма Жеке ж.

Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу. Автор орнына оқиға желісін өз ойы, қиялымен шарықтатып өлең шығару немесе қара сөзбен жалғастырып жазу.

Дескриптор:

- шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытады; 2

- өлең шығарады немесе қара сөзбен жалғастырады; 2



3-тапсырма Топтық ж

1-топ: Тәуелсіздіктен кейін жеткен жетістіктерімізді Қазақстанның физикалық картасына орналастыру. Берілген суреттерді жабыстыру арқылы Қазақстанның даму картасын құрастыру.

Дескриптор:

- күні бүгінге дейін жеткен жетістіктерміздің даму картасын құрастырады; 2

- картадағы оқиғаларды ретімен сипаттайды; 2


2-топ: «Болашақ Қазақстан біздің көзімізбен» деген тақырыпта комикс құрастыру

Дескриптор:

- тақырыпқа сәйкес комикс жасайды; 2

- комикс мағынасын ашып, талдайды ; 2


3-топ: «Қазақстанды қиын апаттардан қорғаушы жас қаһармандар» тақырыбында бейнефильмнің үзіндісін дубляждау.

Дескриптор:

- образға еніп, тақырыпты жан-жақты ашады; 2

- тақырыпқа сәйкес бейнефильмнің үзіндісін дубляждайды; 2


Үй тапсырмасын алу

Әдеби эссе жазу


Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы оқушы сабақты қорытындылайды.
















Үй жұмысы мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне байланысты

мадақтау сөздерін айту.

-Бәрекелді!

-Жарайсың!

-Керемет!


















1-тапсырма

Бағалау критерийі:

- шығармада әсер еткен үзінділердің мағынасын ашып, өзіндік көзқарас тұрғысынан пікір білдіреді, талдайды; 2 б.


Өзара бағалау

«Дұрыс па? Бұрыс па?» әдісі


Жұптық бағалау тапсырма орындауына қарай бағалау параққа белгілеп отыру




2-тапсырма

Бағалау критерийі:

шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады, өлең шығарады;

4 балл


Жеке бағалау

Дескрипторға сәйкес өзін-өзі бағалау










3-тапсырма

Бағалау критерийі:

- оқиға жалғасын шынайы өмірмен байланыстыра отырып, қиялын дамытады;



















Топтық бағалау

«Келісемін, келіспеймін» әдісі












Жиналған ұпай бойынша ҚБ шкласын есептеу






Әр топтың көшбасшысы жиналған ұпайларды Google кестеге енгізеді. Жиналған ұпай бойынша және мұғалімнің бағалауымен қорытынды балл шығады.






Umaigra








https://www.umapalata.com/zexpo/game.html?LANG=RU&idGames=106836



















Кесте парағы













Оқулық






















Сурет қиындылары


























https://youtu.be/ibwIErY43VM?si=zbcUhJMnPZJPuZ_z









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.05.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі