Материалдар / Тәуелсіздігі халқымның жарқырап атқан алтын күн.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздігі халқымның жарқырап атқан алтын күн.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты.Бұл материал сынып жетекшілеріне Тәуелсіздікке арналған іс-шаралаға қажет. Мақсаты:Тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін ұғындыра отырып, оқушыларды отансүйгіштікке,елжандылыққа тәрбиелеу.Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру. «Желтоқсан оқиғасының» тарихын, маңызын түсіндіру. Сол көтеріліске қатысқан жастардың ерлігін, жақсы қасиеттерін үлгі тұту. Балалардың ауызекі көркем сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2018
270
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздігі халқымның жарқырап атқан алтын күн.

Мақсаты:Тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін ұғындыра отырып, оқушыларды отансүйгіштікке,елжандылыққа тәрбиелеу.Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру. «Желтоқсан оқиғасының» тарихын, маңызын түсіндіру. Сол көтеріліске қатысқан жастардың ерлігін, жақсы қасиеттерін үлгі тұту.
Балалардың ауызекі көркем сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздігі халқымның жарқырап атқан алтын күн” тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне содан бері 26 жыл!

I - жүргізуші

Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындарды, зорлық - зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі Алматы қаласында болған жастар көтерілісі.Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір аңызбен түсіндіру мүмкін емес. Міне, біз бүгін тәрбие сағатымызды «Желтоқсан оқиғасына» байланысты толғап, тәуелсіздікке өз үлесімізді қоспақпыз.
Сәлеметсіздерме, ұстаздар және оқушылар Біздің сыныбымыздың “Тәуелсіздігі халқымның жарқырап атқан алтын күн” ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын!

ІІ – жүргізуші:

Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

I-жүргізуші

Ендеше тарихқа тоқтала кетейік.

Желтоқсан. Алматы. Алаң

Осы үш ауыз сөзді естігенде жүрегі дір етпейтін қазақ жоқ шығар. Желтоқсан отты оқиға болды. 1986 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихында өзінің жаңғырығымен өшпес із қалдарған Республика Орталық Комитетінің 5-ші пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда республиканы ширек ғасыр басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Г.В. Колбин сайланды. Бұл қазақ халқының ұзақ жылдар бойы жинаған намысын қозғап кетті. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Жастарымыз алаңға “Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған” елміз. Әрбір ұлттың өз көсемі басқарсын, Тәуелсіздік керек, Қазақстан жасай берсін деп ұрандатып алаңғы шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Жан түршігерлік оқиға болды. Қазақ халқының мәңгі есінде қалары сөзсіз. Иә, желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі, сөз жоқ, желкілдеп өсіп, келе жатқан қаншама ағаларымыз бен апаларымыздың тағдырын жас құрақтай жапырып, өктемдік пен үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі.

Ендігі кезегіміз көрініс.

II-жүргізуші

Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын. 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.

Мұз жастанып азаттықтын жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.  Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

 Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,



I-жүргізуші

Күйініштен ауырады жүрегім,

Естігенде желтоқсанның ызғарын.

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

 Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

 Егемендік тиді бүгін еншіме,

Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Тұңғыш Президенттіміз болып Н.Ә. Назарбаев тағайындалды. Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесімен Қ.Р Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз.







II-жүргізуші

Ал енді оқушылардың Тәуелсіздікке арнаған өлең жолдарына кезек берейік.

(Оқушылар тақпақ)

I-жүргізуші

Тәуелсіздік!Қасиетті де,құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып,ой жіберейік.Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр.Ұлы даланың жас перзенті-қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол,тайғақ кешулер жатыр.Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы.



Күй «Той бастар» Тастан Дінмұхамед



II-жүргізуші

-Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы» дегендей,өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатайып келеді.Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы,елтаңбамыз,төл теңгеміз,дініміз,халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар.Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп,мың өліп,мың тірілген,қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты-Тәуелсіздік!

I-жүргізуші

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады) 


II-жүргізуші

Күй « Еркем-ай» Тұрсынбай Дина



Мұғалім сөзі: Тәуелсіздігімізді алғаннан бері міне бүкіл дүниежүзіне танылып, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасында қазіргі жастарымыз шет елдерде білім алып жатыр. 1 желтоқсан Тұңғыш Президентіміз күні тойланып жатыр. 12 сәуір 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шықты. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді- демекші тарихымызды терең біліп ұмытпауымыз керек.





I-жүргізуші

Ән: Көк тудың желбірегені


II-жүргізуші

Сөз кезегін кешіміздің қонағына береміз.



Мұғалім:

Қорытынды: «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!- дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!