400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздігім - таусылмас жыр дастаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ақындардың шабытын шыңдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздігім –таусылмас жыр дастаным» атты жас ақындар мүшәйрасы

Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әдеби - көркем, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру, сөйлеу мәнерін, сөз шеберліктерін, ой ұшқырлығын, мәнерлеп оқуын дамыту.

а) Атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген құштарлығын арттырып, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

ә) Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума - талант, табиғи дарындарын анықтау.

б) Алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйретіп, еліне, ұлтына, тіліне құрмет көрсетуге, өнерге баулу.

Көрнекіліктер: қанатты сөздер, музыка, шарлар. 
Барысы: 

Армысыздар құрметті жыр сүйер қауым, қадірменді ұстаздар мен оқушылар!    Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16 желтоқсан -тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді.Тәуелсіздік. Қандай қасиетті, ұғым. Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктеп, тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әлі де берері тіпті мол.

Мектебімізде Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Тәуелсіздігім –таусылмас жыр дастаным» атты жас ақындар мүшәйрасын ашық деп жариялауға рұхсат етіңіздер! 

Ендеше ортаға:

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу – маржан шашатын.

Көрерменді таңдантып,

Жырдан күмбез жасайтын –жас қаламгер ақындарымызды ортаға шақырайық.

Қарсы алыңыздар!

Ортаға 8-11- сынып арсындағы жас ақындары шақырылады.

Бүгінгі  біздің жыр – сайысымыз 2 кезеңнен тұрады.

І – кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» (өзін - өзі таныстыру)

ІІ- кезең. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (өлеңдерін оқу)

Қасиетті өлең – жырды ардақтап, оны өмірлік серігіне айналдырған ақындар аз емес. Сол сияқты біздің жас қаламгер ақындарымыздың ізденіс арналары жарқын, көз қарастары айқын, көркемдік келісімі нұрлы боларына сенеміз.

Мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы жырмен қуантыңдар енді елді.

Енді жас ақындарымыздың жырларын әділ бағалауға әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің ұстаздары:

Сонымен 1-ші кезеңімізді бастауға, сөз кезегін жас ақындарға берейік.

1-кезең өтеді.

Әділқазылар ақындардың өнерін бағалағанша, келесі әсем әнге берейік.

Ән: «Жаса Қазақстан! »

Орындайтын: 9-сынып оқушысы 

Жас ақындар жырлаңдар, аяңбандар,

Тәуелсіз елімізге жыр арнаңдар

Ақын болсаң ел ертеңін ойлайтұғын,

Мұқағали, Фаризада не арман бар?

Сондықтан да, шабыттанып, тек жырлаңдар.

2-кезеңіміз «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталады. Жан бұлқыныстарынан пайда болған жырларын арнаған ақындарымызды тыңдайық.

2-кезең өтеді.

Әділқазылар ақындарымыздың 2-ші кезеңін бағалағанша, әсем ән тыңдайық.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: «Туған жер»

Орындайтындар: 8«А» сыныбының қыздары

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Мазмұнына өрнегі жарасқан Қазақстанның қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін деп жырлайтын жас ақындарымыздың өнерін бағалап, марапаттауға сөз кезегін әділқазыларға берейік. Сөйлеу мәнерін, сөз шеберліктерін, ой ұшқырлығын салыстыра отырып бағалауға сөз кезегін әділқазылар алады.

Биіктерден көрініңдер ақындар,

Халқыңа тек жырмен шашу шашыңдар.

Өлең жолын тастамаңдар ешқашан

Ақындықтың асуынан асыңдар-

дей отырып бүгінгі жыр мүшәйрасына қатысқан барлық жас ақындарға үлкен алғысымызды айтып, әрқашанда сәттілік тілейміз. Бүгінгі кешімізді мына бір ұлағатты сөзбен аяқтағым келеді: «Ел мен үшін не істей алады» емес, «мен ел үшін не істей аламын?» деген қанатты сөз қазақстандық әрбір азаматтың жүргегінде ұялап, әрқашанда көкірегінде жүрсе, қандай жақсы болар еді.Тәуелсіз Қазақастан елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер әлемді таңқалдырар, жақсы жаңалық ашар білімді жастар керектігін Президент Н.Ә. Назарбаев күн тәртібінен түсірмей, айтудан жалыққан емес.Осыны түсіне біліп,Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді естен шығармайық. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, тіліміздің мерейі үстем болсын!

Атыңнан айналайын Егеменді ел, Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерекең құтты болсын, Тәуелсіздік, Ғасырдың тойы болшы келе берер - деп кешімізді аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі