×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Ең үздік ашық сабақ байқауы басталды
Алтын күз байқауы басталды
Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Тәуелсіздігім еркіндігім

Автор:Ақанбаев Анарбек Баймурзаевич
Бағыты: Сурет
Бөлімі: Мақала
Сыныбы: 7 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-06-05

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Ооқушыларға Тәуелсіздіәк тураліы білімдерін дамытады


Қаратал ауданы Үштөбе қаласы Бикен Римова орта мектеп-гимназиясы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жазылған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде еркін де дербес елге қажетті ұлттық әрекеттердің бірнеше факторы көрсетілген. Оның ең алғашқысына ұлттық бірігу (интеграция) мен ыдыраудың (дезинтеграция) тетіктері жатқызылса, одан әрі қазақтың ұлттық тұтастануы үшін табан тірейтін негізгі идеялық тұғырлар, мысалы, мемлекеттің дербестігін сақтау және дамыту, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін өркендету және оны нақтылы әрекетпен ұластыру, Қазақстанның аумақтық тұтастығы, т.б. белгіленген. Сонымен қатар саяси идеялардың әрекетсіз, «ауаға ілінгендей» болып қалмауы үшін қазақ ұлты «көш басшыларының» ұлттың жасақталу үрдісіндегі атқарар рөлі мен қызметі, ұлттық рухты қайта түлетіп, дамытуға белсенді қатысуы, т.б.  қарастырылған [1, 20-22].Дегенмен, қазіргі уақытта «Қазақстан-2050» Стратегиясы: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бойынша, Қазақстан өз тұтастығын сақтаған, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмыстанып жатқан, сонымен қатар елдің ішкі саяси тұрақтылығы мен ұлттық бірлігін нығайтуда белсенді әрекеттеніп жатқан елдердің біріне айналған. Белгілі тарихшы, профессор Х. Әбжанов азаттықтың бірнеше кезеңдеріне тоқталады: «Әлемдік және Отандық тәжірибені зерделесек, мәні мен көздеген мақсатына жеткен-жетпегеніне қарай азаттық дәуірдің әлденеше кезеңнен тұрғанын байқаймыз. Бірі – номиналды азаттық, екіншісі – сындарлы азаттық. Үшіншісі – шынайы азаттық. Номиналды азат ел басқа бір немесе бірнеше мемлекеттің ықпалынан шыға алмайтын кіріптар күйде қала береді. Әдетте бұндай елдің экономикасы бөтеннің мүддесіне жұмыс істеп, сыртқа қарыз-берешегі басынан асып жатады. Билеуші елдің тұрақсыздығынан ауық-ауық мемлекеттік төңкеріс болып тұрады. Сындарлы азаттыққа жеткен елге, кешегі бодандық мұрасынан (рухани, тілдік, экономикалық, ментальдық, т.б.) толық қол үзбесе де, өзіндік даму жолын табуға талпыныс, кейбір іргелі салаларда оны таба алу, халқына өршіл рух тән. Шынайы азат ел ішкі-сыртқы саясатын әлемдік өркениет талабына, ұлттық мүддеге сай жүргізетін биіктіктен көрінеді. Біз әзірге дамыған, шынайы азат елдер қатарына қосылмасақ та, озат та өміршең құндылықтарды игеруге бейімделіп, болашақ даму бағытын таңдау негізінде анықталған сындарлы қазақтандық жол басында келеміз. Номиналды азаттықпен қоштасуды бастаған күніміз, шартты түрде айтар болсақ, саяси тұрғыдан – 1991 жылдың 16 желтоқсаны, экономикалқ тұрғыдан – 1993 жылдың 15 қарашасы, стратегиялық тұрғыдан – 1997 жылдың 10 қазаны» [3, 291].         Назым Хикметті:Тұншықтырар бар әлемді түнек пен қапырық», – деп сөйлеткен М. Қозыбаев өз ойын былайша тұжырымдаған еді: «Ұлтқа, Отанға, міне, осылай «жанартаудай атылып» қызмет ету – патриотизм. Тәуелсіздікпен мақтану аз, оны жақтау жеткіліксіз, оны көздің қарашығындай сақтау парыз. Ел мүддесін, халық мүддесін қорғап, оны ақтау қарыз. Жадағай қазақ, жаңа қазақ, қазақ ұлты, Қазақстан халқы бірігіп ол мүддеге негіз, тірек болуымыз керек… Егер демократиялық, құқықтық, зиялы қауым құрғымыз келсе, мемлекет халықтың қалың тобының мүддесіне негізделген әлеуметтік саясат жүргізуі керек. Мемлекет идеологиясы демократияға (қалтасы қалыңдардың диктатурасы емес), құқыққа (біріккен, ұйымдасқан жемқор алаяқтарға қарсы), кең ауқымды әлеуметтік саясатқа бейімделуі абзал. Бізде кейбір сәтте тоталитарлық жүйе тұсындағы идеологияның сарқыншақтары (науқандық, жоғарыдан жоспарлау, табынушылық, жеке адамды орынсыз марапаттау, т.б.) бой көрсетуде. Біздің идеологияның басты, ең соңғы сөзі – тәуелсіздік, оны баянды ету. Мемлекеттегі идея да осы. Сан тарапқа тараған партиялар мен қоғамдардың ұрандары мен бағдарламалары қалаған, ұлт пен ұлыс өкілдерінің кәделеріне жараған негізгі ұлттық мүдде – тәуелсіздік болуын ұмытпағанымыз абзал» [4, 256-260].

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: