Ұлы даланың тәуелсіздік
таңы
Надирбаева Бибігүл
Сеилбекқызы
«Рухани жаңғыру: өскелең
ұрпақтың дара жолы»
Мақсаты: Халқымыз тәуелсіздігін алып,
Қазақстан мемлекет атағын алды. Десек те,тарихтың бетінде
ақтаңдақтың баршылық екенін түсіндіру. Әлемнің дамыған елдерімен
бәсекелесуге қабілетті елге айналғанын баяндау. Қазақ халқының
тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, тәуелсіздігіміздің 27 жылдық
мерейтойы , жетістігі жайлы баяндау.
Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Барысы:
Ұйымдастыру топ студенттерін
ретімен отырғызу
Хор
айтылады
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті
ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі
Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Ұлы даланың тәуелсіздік
таңы» атты әдеби сазды мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тарихи сананы жаңғырту мәселесіне орай Елбасымыз аталмыш мақаласын:
«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі.
Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы
басталады», деп бастап, мұның « жай ғана әдемі афоризм еместігін »
ескертіпті. Бұл – тарихқа деген ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды
білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін
шешуге мүмкіндік туады. Айтылған ойдың астарынан « бұл – тарихи
шындық » деген тұжырым сығалап тұр.
2-жүргізуші:
Ең
бастысы, біз нақты ғылыми
деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен
әрі дұрыс пайымдауымыз тиіс. Желтоқсан көтерілісі сол
кездегі кеңес одағының керегесін шайқалтып, КСРО-дағы ашық
демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың бірі болды.
Белгілі ән-өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді солдырып, нұрды
оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған жоқ, сонымен бірге
және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық
санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Ол еліміздің
тәуелсіздік алуының алғышарттарын дайындауға қызмет
етті.
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Шайқалмасын ешкімнің
шаңырағы,
Бақыт көрсін Отаннын сан
ұланы.
Енді ағайын, көгінде
қалықтасын,
Қазағымның
қастерлі-Әнұраны
ҚР Мемлекттік Гимні
орындалсын (ҚР Әнұаны
орындалады.)
1-жүргізуші:
Қуаныштан желпілдейді
түндігім,
Бар халымның тәуелсіздік тойы
болған күн бүгін.
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін
бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған
кіндігін! Мерекелік құттықтау сөз колледж
директоры Жетербаев Иса Тілеубайұлына
беріледі.
Ән: «Алға Қазақстан» Батырханұлы
Қуандық
1-жүргізуші:
- Шертілген жайлауында жаңа
күйлер,
Сілтеген сөз семсерін Бала
билер.
Қашаннан қазақ жері
қазыналы,
Төсінен түлеп ұшқан
Фарабилер.
2-жүргізуші:
- Жебесі Шыңғыс ханның
паршалаған,
Көмілді құм астында қанша
қалам?!
Алысып арманына жете
алмады,
«Арымнан, - деген ұлдар, - жан
садағам!»
(сахнаға қазақ
халқының хандары,ақын – жазушылары, батырлары, желтоқсан құрбандары
шығады)сахна сыртынан оқылады.
1-жүргізуші:
Сынға түссе де сан
жылдың,
Ерлік жолы ерен мәнді
ұқтым.
Керей мен Жәнібек ең
алғаш,
Негізін салған
хандықтың.
2-жүргізуші:
Жүріп өтсе де сан
жылдың,
Еліміздің өткеніне мән
болды.
Жеті жарғысымен әз
Тәуке,
Еліне әділ хан
болды.
1-жүргізуші:
Қайраткер жан Абылай
хан,
Еліне тыныштық
сыйлаған.
Бір ту астына
қазақтың,
Үш жүзін бірдей
жинаған.
2-жүргізуші:
Қамын ойламай
құлқынның,
Көмейге кенет жыр
тұндың.
Ілияс, Сәкен,
Бейімбет,
Арыстары еді
ұлтымның.
1-жүргізуші:
Не күндер өтті – кетті
ғасырлаған,
Басынан бабам бір сөз
асырмаған.
Ақтабан шұбырынды атанса
да,
Бәйек боп дұшпанына бас
ұрмаған.
2-жүргізуші:
Жыршылар елін
толғаған,
Жар болып бабам
қолдаған.
Қайрат, Ербол,Ләззат,
Сәбира,
Ел намысын
қорғаған.
1 -
оқушы: Ұлт дауысын
ақырғы.
Жас ұрпақтар ту ғып ұстап
ұрандап,
Ән ғып шырқап, зұлымдыққа
атылды.
Желтоқсанның алаңында жекпе -
жек.
Жауыздықпен белдескенде бетпе
- бет.
Бүкіл әлем батыр қазақ ұл -
қызын,
Күрескерлік символы етіп
кеткен ед.
Ұрандаған ұрпақтардың ізгі
үні,
Ойландырды Мәскеудегі
ізгіні.
Он алты ұлт ел боп енді тұра
алмас,
Өздерінде болмайынша
тізгіні.
Қанды бодау беріп жеткен
жеңіске,
Батыр ұрпақ рухы тұр ең
үсте.
Егеменді ел етті де
қазағын.
Өздері елдің жүрегінде -
бейіште.
2-
оқушы: Алып – дүлей күштің зәре
ұсқынын,
Алаулатып жылытты бір қыс
күнін.
Сәбирадай қайран қара
көздерім,
Тастағанын елге ерлік
ұшқынын.
Шағылса да тауға тиіп жас
тауы,
Ерлік еді намысқа шоқ
тастауы.
Күллі әлемді шулатқан сол екі
күн,
Болған екен бостандықтың
бастауы.
Жалған емес, бұл шындық дастан
әнім,
Бодандықтың ол бұзды тас
қамалын.
Қайрат, Ербол, Сәбира,
Ләззаттың,
Қыршынынан кім қиды жас
қанатын?
1-жүргізуші:
«Желтоқсан әні » орындалып
тұрады.
Міне, осы жастарға «ұлтшыл»,
«нашақор» деген жала жабылып, бұл демонстрацияны басуға 70 жуық
солдат апарылды. Қазақ жастарын ұрып- соғып, қорлап, айуандықпен
азаптады. Ату жазасы кесіліп, темір торға тоғытылып, Ләззат 16
жасында, Ербол 18 жасында қыршынынан қиылса, Қайрат 21 жасында
21күн сот алдында нақақтан шырылдап, Семей түрмесінде қаза
болды.
2-жүргізуші:
Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік.
Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер
құрбан болмады?
3-
оқушы: Намыс,
Намыс,
Айналайын, нар
намыс!
Нар намысқа мен айтпаған бар
ма алғыс?!
Алдаспандай намыс жарқыл
қақпаса,
Түсетіні ақиқатты арға
күш.
Ыза – кектің қатар келіп
толғағы,
Жарды ақыры жүректегі
бомбаны.
Алты басты аждаһаға
қаймықпай,
Қарсы
тұрды
Қазақ қазақ
болғалы!
4-
оқушы: Сілелеткен саясаттың
сарсаңы,
Бір ғана сөз біріктірді
баршаны.
Мына жатқан «Менің елім»
дегізіп,
Кең даланы кернеп тұрды Шәмші
әні.
Ән емес – ау, әуелеген
ұрандай,
Кезді аспанды көкте қалқып
қырандай.
Теңіздейін төңкеріліп,
дөңбекшіп,
Ерсіл – қарсыл толқыды жұрт
тұра алмай.
5-
оқушы: Қан тамырдан берген кезде от
қылаң,
Қорыққан жоқ көк темірден,
соққыдан.
Бостандыққа басын тікті
боздақтар,
Қазақ үшін бақытты сәт жоқ
мұнан!
Тынысымыз жақсарды. Бойымыз
тіктелді.
«Елім - айлап» тұрғанда
ұландары,
Қайта оянды халықтың мың
арманы.
Қалды мәңгі қазақтың
жүрегінде,
Жанып кеткен желтоқсан
қырандары.
6 -
оқушы: Ұлттық намыс бастау көзін
ашқан – Біз,
Халқымызбен, салтымызбен асқармыз
Сексен алты Желтоқсанын жаңғыртып,
«Қазақ...» - деген «Азат...» деген Жастармыз.
Еңселенген Ақ Ордамыз, бақ - үйіміз,
Болашақтан бақыт кейпін танимыз.
Алақанын Күнге соза талпынып,
Өсіп келе жатқан бейқам Сәбиміз.
Құзырына қол сұқпаймыз көптің біз,
Тұнжыраған түн емеспіз, тек Күнбіз.
Елдігіміз кең әлемге танылып,
Желбіреген аспан түстес Көк Тумыз.
Талай зұлмат сорды бастан кештік біз,
Момын елміз, момын жерде өстік біз.
Ақ ниетпен келгенге де, кеткенге
Айнымасқа қолын созған Достықпыз.
1-жүргізуші:
Қуаныштан қалай кеуде
кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға
бергесін.
Ақ түйенің қарны бүгін
жарылды,
Ортамызда бишілер би
билесін.
Қазақ биі:
шашу
2-жүргізуші:
Егеменді еліміздің болашағы
жастардың қолында дейтін болсақ, сондай білікті де бәсекеге
қабілетті жастарымыз баршылық. Солардың бірі де бірегейі ІІ курс
№17-04 топ студентіміз Төлеміс Махмудтың желтоқсан оқиғасы жайлы
жасаған бейне көрінісін тамашалауды назарларыңызға
ұсынамыз.
оқытушы:
Ортамыздағы құрметті қонағымыз
Сәндібек ағай Мәңгілік елдің болашағы жастарға айтар мерекелік
тілегіңіз.
Рахмет. Сіздің құрметіңізге
Алмасбекқызы Апызаның орындауында ән шашуымызды қабыл
алыңыз.
1-
жүргізуші: 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан
Егемендігі туралы Декларация қабылданды. 1991 жылы Республика
жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Президент етіп
сайлады. ( слайд
көрсету)
2-жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің
аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Ән: «Жаса Қазақстаным»
Орынбеков Талант
1-жүргізуші: Талай қиындықты
бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы
туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. Бүгін біздің дербес ел
болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін
мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ
туымызды желбіретіп, әлемге әйгілі болуымыздың өзі осы
тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Мәңгілік ел , Рухани
жаңғыру аясында еліміздің елдігі мен бірлігін мәңгіге жеткізетін
болашақ жастарымыз жасампаз, отаншыл, елін – жерін сүйетін,
егемендіктікті берік ұстайтын жеткіншектеріміз деп айта аламыз.
Ендеше ортаға тәуелсіз еліміздің бақытты жандары жастарымыздың жеке
шығармашылығынан тәуелсіз елімізге арналған жүрекжарды өлеңдерімен
студенттерді шақырамыз.
1-жүргізуші: Бейбіт өмір тілеймін мен
халқымызға
Туған тілім шұбарланба
жарқыра
Тарихымызда таланттылар
көбейсін
Бас иемін ата баба
рухына
Депутатова Александра мен Алибаева Бақытгүлдің
орындауында мерекелік әнімізді қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің намысын
қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі,
болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді
сезінеміз.
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Тәуелсіздігіміздің
құрметіне Успанов Бағдаттың орындауында «Сабыр қыл» қабыл
алыңыздар:
1-
жүргізуші:Қазақ елім! Туды жастық
дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,
егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше
сау саламатта болыңыздар!