жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік
Күні: 15.12.2017
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне жеткізгендігімізді,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.Отанды сүюге,құрметтеуге,желтоқсандықтарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер
Барысы:
Бүгінгі біз еліміздің сан мыңжылдар бойы армандаған,сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлердің ерен ісімен,кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күніне арналған тәрбие сағатымызды бастайық.
Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі - 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік,қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын,әрі қаралы,қасіретті күн еді.1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін,солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп,құрбан болған ұл-қыздарымыз жайлы сыр шертпекпіз.Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді
Бізге бұны ешкім аяп бермеді
Тәуелсіздік –Қайрат,Ләззат,Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені
Шала жансар қар астына көмгені,
Тәуелсіздік –ата –баба арманы
Қандай елмін бүгін міне, көр мені
Алаулайды мүмкін емес сөнбегі
Ғасырлар бойы езгіден діңкеленген қазақ халқы Мәскеудің кезекті өктемдігіне наразылық білдіріп,табанға тапталып бара жатқан тілі мен дінінің,ұлттық болмысының жүрек бұлқынысын сездірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 21 жыл толады.Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды.Ербол,Ләззәт,,Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді.Шеруді ұйымдастыруға қатысы бар деген жалған айыппен қазақтың қаншама зиялы азаматтары жазаланды,жұмыстан қуылды. Бірақ,ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.Ал сол қарбалас үстінде қазаболған жасақшы Савицкийдің өлімін елеусіз қалдырмау туралы тапсырма алған тергеушілер жалған фактілер жинап, Жамбыл Тайжұмаевқа және Қайыркелді Күзембаевқа 14-15 жылды,Ертай Көпесбаевқа 4 жылды арқалатып,жас өмірлерін улады.Ал 21 жастағы Қайрат Рысқұлбековты ату жазасына берді. Қайрат Рысқұлбеков Семей түрмесінің 21-ші камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні дүниеден өтті.1992 жылы 21 ақпан қайтадан ақталды.Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпытаев,Ләззәт Асанова,Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді. Ендеше сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікаен еске алайық.
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Атаң заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол алған елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 26 жыл!
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.-деп «Біздің ауыл» әні
хормен!
Қорытынды:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі
тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды осымен
аяқтаймыз!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген