Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіздік - аңсаған арман , қол жеткен мұрат ашық тәрбие сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіздік – аңсаған арман,қол жеткен мұрат
І-жүргізуші: Яхия Нұрлыбек
Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріппен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат» атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз
Әнұран орындалады.
ІІ-жүргізуші:Сұлтанбек Жанель
Егемен елдің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі-тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар мереке құтты болсын!
І-жүргізуші: тәуелсіздіктің түп тамыры желтоқсан оқиғасына байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас.1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе біржылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
ІІ-жүргізуші: осыдан 32 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастарымыз қатысты. 1986 жылы алаңға жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
І-жүргізуші:
Желтоқсан айы
естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
ІІ-жүргізуші:
Тарылып жатса даламыз
Қайтіп біз тыныс аламыз?
Қақымыз жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз?
І-жүргізуші:
Шектеліп ана тіліміз
Оқылмай өлең жырымыз,
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?
Ерқанат: Өсер ұлдың қай
сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.
Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы
тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік
мерекесі ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Алтынбек:
Құтты болсын тәуелсіздік
мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін,егеменмін,дербеспін!
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,
Таныды тепе- тең деп тереземді.
Аяжан:
Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолында жанын пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.
Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп,
Еске алайық, есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан жіберіп.
Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.
Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім!
Шапағат:
Жалғыз Отан – адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
Алмат:
Басты алға азат ел – анамыз,
Бастауда Нұрсұлтан данамыз.
Гүлденді кең байтақ даламыз,
Түрленді сәнді сан қаламыз.
Елдікке, бірлікке сенеміз,
Ерлікке, тірлікке кененбіз.
Қажырмен қарыштап келеміз,
Болашақ бағына енеміз.
Басқарған Елбасы ұлы іс –
Басталған жаңаша құрылыс.
Баянды басталды бетбұрыс,
Оңғарған ер көсем құрып іс.
Жаңаша дарыған білімім,
Жараса дамыған ғылымым.
Қазақтың өркенін өсірген
Азат күн – бақытым – ұлы күн!
Назерке:
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың.
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан- ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Н.Бағдәулет:
Қуан бүгін, қуан халқым,
шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.
О.Ибраһим:
Қазақстан! Туды алтын
дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Армандарды жақындатқан тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш.
Хор «Жас ұлан»
І-жүргізуші:
16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күні Асанқызы Ләззат, Сыпатайұлы Ербол, Мұхамеджанқызы Сәбира, Ноғайбайұлы Қайрат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындарымыздың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күні еді.
ІІ-жүргізуші:
Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздары-ай
«Елім-ай» деп егілген
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай
І-жүргізуші:
Тегеурінді соққылары
жарақтан
Ақша қарға судай ақты қайнап қан
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айрыларын Ләззат, Ербол, Сәбирадан,
Қайраттан
Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын орнымыздан тұрып бір сәт үнсіздікпен еске алайық
1 минут үнсіздік
ІІ-жүргізуші:
Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан өмірінде көптеген айтулы өзгерістер болды. Енді сол тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктерге назар аударайық
Дамир:
1991 жылы 16-желтоқсанда
Қазақстан тәуелсіздігі жарияланды.
1991 жылы 29-тамыз. Семей полигоны жабылды
1991жылы 2-қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты
1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы мемлекеттік рәміздер қабылданды
1992 жылы 11-желтоқсанда әнұран қабылданды
1993 жылы 28 – қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы
қабылданды
1993 жылы 15- қарашада ұлттық теңге айналымға
енді
Ж. Нұрасыл
1994 жылы мемлекетіміздің
тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді
1995 жыл Қазақстан конституциясы қабылданды
1996 жылы еліміздің астанасы Ақмолаға көшірілді
1997 жылы 1- шілдеде «тіл туралы» заң қабылданды
1998 жыл Ақмола қаласы Астана болып өзгерді
1999 жыл – ұлттың бірлігі мен сабақтастығы жылы
2000 жыл мәдениетті қолдау жылы
2003-2005 жылдар-ауыл жылдары
2007 жыл - қазақ тілін қолдау жылы
Ән: « Қазақ жастары»
Көрініс
ІІ-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі
Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері «Савицкийдің өліміне
кінәлі» деген айып тағылды. Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат
Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен
көрініс.
Абақты іші. Қайрат өлең жазып отыр.
Қайрат: Бексұлтан
Әкетай-ау пайғамбардай жасың
бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауда барамын,
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды ,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың?
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауда құлыным
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды
Құпия шерттім осы жан сырымды
Қош енді жолықпасам қайран анам
Көзімнен ақ жаулығың жасырынды
Қайран анам күзеткенің түгел ме
Көктерек те жазықсыз екенімді біле ме?
Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде
Саған дағы елің, жұртың күле ме?
Тергеуші : Алтынбек
Иә, Рысқұлбеков, тағы да хат жазып отырсың ба? Сен 18 желтоқсан сағат 10:00- де қайда болдың?
Қайрат: Бексұлтан
- жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Тергеуші : Алтынбек
- жоқ, сен өтірік айтпа! Сен Савицкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оның өліміне кінәлісің. Сен оны өлтірген.
Қайрат: Бексұлтан
- мен ешкімді өлтіргем жоқ.
Тергеуші: Алтынбек
- Савицкийді өлтірдім демей – ақ қой, оқиғаға қатыстым десең болады. Мойында, мойындасаң жазаң жеңіл болады.
Қайрат: Бексұлтан
- жасамаған нәрсені неге мойындаймын, бұл маған жабылып тұрған жала.
Тергеуші: Алтынбек
Жарайды, өзінен көрсін, алып жүріңдер.
І-жүргізуші:
Кінәлі ма, ақын Қайрат, ер
Қайрат
Ауа жетпей атып шыққан алаңға
Қылғындырған қиянатқа көнбеді ол
Тапталғысы келмеді оның табанға.
ІІ-жүргізуші:
Тапталмасын деп қазағымның кек
ары
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға не бары.
Нұршат
Бірнеше жылдан жатырмыз
Ақжазықтың түбінде
Мені өлтірген таксист жігіт
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсең өткен күнді
Еске алғанның несі бар
Желтоқсанда құрбан болған
Ләззат қызды есіңе ал!
Жасөмірдің қыршын гүлін
Қиып түскен қанішер
Сақ болмасақ қазақ қанын
Желтоқсанда тағы ішер
Он алтымда қиылдым мен
Табанында танкінің
Ләззат атты құрбанымын
Қазақ дейтін халқымның.
Ән : «Ия солай» ( Аяжан,Назерке,Нұршат)
Хор: «Елімнің ертеңгі иесі біз»
Би: Туған ел ( Аяжан, Мадина,Назерке,Нұршат)
І-жүргізуші:
Анамыздың тілеуі ақ
Отан бізде біреу-ақ
Барлығы: Ол-біздің Қазақстан!
IІ-жүргізуші:
Алтай, Жайық арасы
Жарты әлемдей даласы
Барлығы: Ол-біздің Қазақстан!
І-жүргізуші:
Кенге толы қойнауы
Төлге толы жайлауы
Барлығы: Ол-біздің Қазақстан!
IІ-жүргізуші:
Жастан сүйіп аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән
Барлығы: Ол-біздің Қазақстан!
І-жүргізуші:
Желтоқсан – ұлт мерейін тасытқан күн
ІІ-жүргізуші:
Желтоқсан – жат пиғылын жасытқан күн
І-жүргізуші:
Желтоқсан – жас жүрекке қайрат беріп
ІІ-жүргізуші:
Желтоқсан – ел болуға асыққан күн
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Мұғалім: «Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл тәуелсіздік бізге қазақтың басы Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те өз Отанымыз Қазақстанды мақтан тұтуымыз керек. Сендердің араларыңнан Абайлар, Мұхтарлар, Қаныштар, талай ғалымдар, министрлер, президенттер шығуы әбден мүмкін. Ол үшін үздіксіз оқу, тынбай еңбектену керек. Қазақ елін әлемге танытуларың керек, сендер қазақ болып туылғандарыңа, бойларыңда қазақтың қаны ағып тұрғанына, қазақ тілінде сөйлейтіндеріңді мақтан тұтуларың керек. Ендеше, балалар, Қазақстанымыздың жарқын болашағы сендердің қолдарыңда
Тәуелсіз 27 жыл туыңды биік
ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз
Қазақстаным!