Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - елімнің еркіндігі!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік - елімнің еркіндігі! атты балабақшаға арналған сценарии
Материалдың қысқаша нұсқасы

1Жүргізуші: Қайырлы күн, туған Елім! Атамекен, Туған Жерім!

Ұлт намысын қолынан бермеген Елім!

Әлемге танылып, қыранша қанатын сермеген Елім!

Армысыздар, құрметті балалар, қонақтар, ата-аналар, әріптестер! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «_» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! 

2Ведущая: Добрый день дорогие коллеги, дети и наши гости! Мы приветствуем Вас на торжественном мероприятии, посвященном Дню Независимости Республики Казахстан!

1Жүргізуші:Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Фанфары

1Жүргізуші:Таңғажайып атыңа дәл табылды.

Табылды да талай жұртқа таңылды.

Туған елім көкке жетті көк туың

Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

2Ведущая: Дорогие ребята, уважаемые гости! Мы собрались в этом зале, чтобы отметить День независимости Республики Казахстан. У каждого человека есть свой День рождения. День рождения есть и у нашей Родины. Наше уважение к государству складывается из соблюдения его законов. Запомните этот день — 16 декабря — как день рождения свободы Казахстана.

1Жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.

Гимн

1Жүргізуші: Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

Тақпақтар

1Жүргізуші: Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,
Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.

Ән «Он алтыншы желтоқсан»

Орындайтын «Ақбота» тобы

2Ведущая:За Родину, добро и справедливость

Звучит наш клич на всю страну сейчас.

Мы будущая смена Казахстана

И многое зависит лишь от нас.

Стихи

2Ведущая: Мы пронесём в нашем сердце сквозь года

Верность любимой Отчизне навсегда.

Станет сильнее, чем прежде, наша родная страна!

И величавая песня будет повсюду слышна!

Песня «Мой Казахстан»

Исполняет группа «Пчелки»

1Жүргізуші: Тәуелсіздік - ту көтерген жеңісің,

Өмір бойы өзің жейтін жемісің.

Ата - бабаң тірлігінде аңсаған,

Құт береке, бейбіт өмір келісім.

Сол бір кездегі тәуелсіз ел болып қуанып жатқан қуанышты сәттерге де кезек берейік. Олай болса, «Тәуелсіздік жарығы» атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар.

«Тәуелсіздік жарығы» көрінісі

(Әжесі жүн тутіп отырады, Немересі далада ойнап жүреді)

Әжесі: (Анда-санда өзімең-өзі күңкілдеп қояды)Е-е-е-е... — тәуба! Бергеніне шүкір...

Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға салют атып, адамдар қуанып жатыр, ол ненің мерекесі? Жүрiңіз, көрейік!

Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!

Немересі: Әжетай, Тәуелсіздік деген не?

Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мундай еркіндік болған жоқ. Міне содан бері талай заман өтті. Байдың отымен кіріп, күлімен шықтық қой. Ендігі заман сендердікі. Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады (қисайып жатады). Құдайға шүкір, тәуелсіздікке де қол жетті. Оған да тәуба. Сендер нағыз бақытты ұрпақсыңдар. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен үйқыға кетеді).

Немересі: (көзін ұқалап тұрады) — Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім. Көп түс көрдім.

Әжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздіктің мәңгі жарық күні (бауырына басып, мандайыннан сүйеді.)

Немересі: Ендеше мен достарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші, сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып келді!(жүгіріп кетеді)


1Жүргізуші: Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

«Тұлпарым» биі

Орындайтын «Құлпынай» тобының ұлдары.

1Жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Сонымен бірге біздің МКҚК №8 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасының мақсаты - балалардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Ән «Туған ел»

Орындайтын «Ақбота» тобының ұлдары

2Ведущая: Мой Казахстан, живи и процветай.

Ты - колыбель великого народа,

Всю красоту и мудрость передай,

И сохрани для будущего рода.

(В центр выходит воспитатель с шаныраком):

2Ведущая: Посмотрите, что это? Дети: Знаем, Шанырак.

Правильно. В каждом государстве, в каждом доме есть свой шанырак.

А, наш шанырак где? Дети: В Казахстане!

Ну, а праздник не проходит без игры, давайте дети и мы поиграем.

Националъная игра «Шанырак».

Разбитъ детей на группы по пятъ детей. Каждая группа под музыку должна построитъ над головами шанырак из разноцветных платков (красный, зелёный, жёлтый, голубой, белый).

2Ведущая: О Казахстан, любимый сердцу край,

Здесь не один поэт свой след оставил.

Сияние гор твоих воспел Абай,

Простор степей Джамбул прославил.

Как хороша страна родная,

Другой такой мы не найдем.

И мы споем об отчем крае,

О нашей Родине споем.

Песня «Казахстан»

Исполняет группа «Пчелки»

1Жүргізуші: Жарайсыңдар, ертеде елді билер, хандар, сұлтандар басқарды. Ал, қазір кім басқарады? Балалар: Елбасы, Президент.

1Жүргізуші:Балалар, сендер қандай Республикада тұрасыңдар? Балалар: Қазақстан Республикасында тұрамыз.

1Жүргізуші:Қазақстан қандай Республика?

1Жүргізуші: Егеменді, Тәуелсіз Республика.

1Жүргізуші: Дұрыс балалар, сендер біледі екенсіңдер, ал Қазақстан Республикасын кім басқарады? Балалар: Елбасы Н. Ә. Назарбаев.

1Жүргізуші: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,

Серпіп тастап мұнда жүрген түңдігін.

Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық

Тәуелсіздік күнін бүгін бірге тойлайық!

«Домбыра» биі

Орындайтын «Құлпынай» тобы

1Жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық – нұрлы достық, күн достық

Достық деген қасиетті ұранға

Кең даламның жүрегінде

Биімен де үн қостық.

2Ведущая: Хоть говорим на разных мы наречьях,
Но позови и прозвучит ответ
.
Ведь мы родные, мы дружны навеки
,
И ничего дороже дружбы нет!
Мы народы, где равен любой
,
А все вместе — единое братство
.
И быть может друг другу любовь
-
Есть бесценное наше богатство.

«Достық» биі

Орындайтын «Ақбота» тобы мен «Пчелки» тобы

Ән «Атамекен»

Балалар шығып кетеді.

1Жүргізуші: «Нұр Отан» - халықтық партия. Бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Партиямыз өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Партиямыздың негізін қалаушы, яки Елбасының сарабдал саясатының арқасында мемлекетіміз орнықты даму үстінде. «Нұр Отан» Елбасының саяси ұланы ретінде, биліктегі партия ретінде бүкіл жауапкершілік салмағын сезіне отырып, ұлттық патриоттық жұмылуға шақырады.

«Жас Отан – жастарға!» жобасы «Мықты ұлт дегеніміз – мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға дайын тұратын жауапты азаматтар. Жастарды отаншылдықтың арқауына айналатын осынау құндылықтарды қастерлейтіндей етіп тәрбиелеу әрқашанда Қазақстанның табысқа жетуі мен өркендеуінің кепілі болмақ» деп атап көрсетілген Нұр Отан» партиясының Доктринасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының XV съезінде партия басты патриоттық күш және Стратегия-2050-де, сондай-ақ «Нұрлы Жол – Путь в Будущее» Жолдауында жарияланған жаңа қазақстандық патриотизмнің жалпыұлттық орталығы болуы тиіс деп атап өткен болатын. Бұл қағида «Жастар - Отанға!» жобасының негізіне айналды. «Жас Отан – жастарға» жобасы аясында жастар мен кездесулер ұйымдастырылды.

Елбасымыздың жас­тарды үнемі қолдап, олардың сапалы білім алуына және бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына барлық жағ­дайды жасап келе жатқанына назар аударды.

«Нұр Отан» партиясы қатарына қабылдау рәсімі өткізілу.

1Жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!


2Ведущая: Ты цвети Казахстан — расцветай
Наш любимый и солнечный край.
В этот день поздравляем тебя,
Будь отрадна, родная земля.

Ән «Қазақстан бақытты»

Орындайтын «Ақбота» тобы

1Жүргізуші: Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Шықты тарап ой-данадан,

Бері қарап жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті

Оянады көңілден қайдағы арман,

Бақыт желі ескендей жайлап алған.

Президентім бар менің елі түгел,

Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

Би композициясы «Тәуелсіздік - елімнің еркіндігі»

Орындайтын «Ақтиін» тобы мен «Пчелки» тобы






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
294
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12