Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Мукими атындағы № 13 ЖОББМ
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: Тәуелсіздік - ерлік, дастан, шежіре

Орындаған: Турдуниязова Н.Д.
Сыныбы: 8 «Г»
Шымкент 2024ж
ҚР Тәуелсіздігінің орай, «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕРЛІК, ДАСТАН, ШЕЖІРЕ»
тақырыбындағы дөңгелек
үстел
Сынып: 8
«А»
Күні:
Сабақ
типі: дөңгелек үстел
Сабақтың түрі:
дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың
тақырыбы: ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕРЛІК,
ДАСТАН, ШЕЖІРЕ.
Сабақтың
мақсаты: Өскелең жас ұрпақты Отанды
сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне
деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін
жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан
оқиғасын негізге ала отырып, Тәуелсіздік басты құндылығымыз
екендігін түсіндіріп, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың
көрнекілігі: ҚР рәміздері, Ата
заң, суреттер, бүктемелер, кітаптар,
қанатты сөздер жазылған плакаттар, үлестірмелі
тапсырмалар.
Сабақтың
жабдығы: интерактивті
тақта.
ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Жоспары:
-
Тәуелсіздік – басты құндылығымыз.
-
1991-2024 жылдар аралығындағы еліміздің жеткен жетістіктері.
-
Тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен тұлғалар.
-
Тәуелсіздік қанша жырласа да таусылмайтын дастан.
-
Тәуелсіздік,туған жер жайлы нақыл және қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Қазақстан көгінде Тәуелсіздіктің туы желбірегеніне, міне 33 жыл толды. Бүл күн дархан халық қазақ еліне ата-бабаларымыздың елім деп еңіреп, ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен кешегі бұрынғы ұлттық намысты қорғап, әділдік үшін алаңға шыққан қандастарымыздың жанымен келген күн. Тәуелсіздік – елімізді тас бұғаудан босатып, төрткүл дүниеге танытты. Тәуелсіздік-Тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
Бүгінгі күні еліміздің тарихындағы екі бірдей елеулі оқиғаны еске аламыз. Біріншісі - еліміздің Тәуелсіздігіне 33 жыл, ал екіншісі сол Тәуелсіздіктің бастауы болған желтоқсан көтерілісіне 38 жыл. Бұл екеуі бір- бірімен біте қайнасып кеткен оқиғалар. Рас Тәуелсіздік. Азаттық. Бостандық. Қазақ баласы үшін осы сөздерден асқан қасиетті сөз болғмақ емес, болмайды да. Халқымыз азаттықты ғасырлар бойы аңсады. Сол ұлы мақсатқа жету үшін күресіп, қан төкті. Кенесары мен Наурызбай, Исатай мен Махамбеттей аталарымыз, Қайрат пен Ләззат сынды аға - апаларымыз азаттық жолында жандарын қиды.
Кең жазиралы, дархан халық қазақ еліне Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың елім деп еңіреп, ғасырлар бойы аңсаған асыл арманымен, кешегі 38 жыл бұрынғы ұлттық намысты қорғап, әділдік үшін алаңға шыққан қандастарымыздың жанымен келген.
1-оқушы: Құтты болсын Тәуелсіздік
мейрамы!
Баршамызға бейбіт өмір
сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық
арман болып,
Қол жеткізген шындық
жырын жырлады, - дей келе,
Жүргізуші:Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігінің мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «ТӘУЕЛСІЗДІК
– ЕРЛІК, ДАСТАН, ШЕЖІРЕ» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қош
келіпсіздер!
16-желтоқсан күні 1991 жылы
Тәуелсіздік туралы Заң қабылданған күннен бастап бұл күн тарихта
елеулі оқиғалардың бірі болып саналады. Осы күннен бастап жас
егеменді елдің тарихы басталды. Қазақстан Республика болып
жарияланып, жаңа тарих беттерін ашты.
Тамырын тереңге жайған
тарихымызға көз жіберер болсақ, сананы талай ой тұңғиығына батырып,
көкейге талай сұрақтың келетіні рас. 16 желтоқсан ата-бабамыздың
арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген
Тәуелсіздік күні.
Бейнематериалдан үзінді
көріп ой бөлісу
Бейнетаспаға назар аударамыз.
Жүргізуші: 1.Тәуелсіздік – басты
құндылығымыз. Кең жазиралы, дархан
халық қазақ еліне Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың елім деп еңіреп,
ғасырлар бойы аңсаған асыл арманымен, кешегі 38 жыл бұрынғы ұлттық
намысты қорғап, әділдік үшін алаңға шыққан қандастарымыздың жанымен
келген.
Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттілік, оның тамыры –
жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық.Тәуелсіздік – бұл бүгінгі
өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз
-
Сонымен, тәуелсіз ел - өз
нышандары, жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел
басқарушысы бар еркін ел. 
2. 1991-2024 жылдар
аралығындағы тәуелсіз еліміздің
жетістіктері
«Сұрақ-жауап»
1
–окушы:1991 жылы 29 тамызда Семей
ядролық сынақ алаңы жабылды.
1991ж. 2 қазанда бүкіл қазақ елін әлемге танытқан қазақ азаматы
тұңғыш ғарышқа ұшты. Ол –Тоқтар Әубәкіров
еді.
2 –
окушы:
1991ж. 1
желтоқсанда -Тұңғыш президентіміз
сайланды. Бұл күні елімізде тұңғыш президенттік күн деп аталады
.
1991 ж 16 желтоқсан Қ.Р. Тәуелсіздік күні болып белгіленді.
3 – окушы: 1992ж. 2 наурызда Қазақстан дүние жүзілік елдердің тәуелсіздігін қорғайтын БҰҰ-ға мүше болып кірді
1992ж. 4 маусымда Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды.
Күннің бейнесі бейнеленген көгілдір жалауымыз, Елі мен жерін қорғауға бірлік пен бейбітке шақырған әнұранымыз қабылданды. Аттың жалынымен көмкерілген, ортасында шаңырағымыз бейнеленген елтаңбамыз қабылданды .Осының бәрі сан ғасыр бойы тәуелсіздік аңсаған ата- бабаларымыздың ақ ниеті арқасы!
4 – окушы: 1993ж.15 қарашада Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді.
1994ж.19 маусымда Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойылды.
1995ж. 30 тамызда Қазақ халқын
бүкіл әлемге танытатын Жаңа Конституциясы
қабылданды.
5–
окушы:1997 жылдың соңында
Қазақстанның өсіп-өркендеуі , қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы
мақсатында ел ағасы Назарбаев «Қазақстан -2030» бағдарламасын
жасап, бүкіл халыққа жолдап, осыны орындауды аманат
етті.
«Қазақстан -2030» бағдарламасы 2012 жылы толық жүзеге асқанын елбасының өзі қорытындылады .
6– окушы:1832 жылы Ақмола округтік приказы болып ашылды .Кеңес үкіметі жылдарында 1954-55 жылдары тың игеруге байланысты бұл қаланың атауы өзгере бастады .1961 жылы Ақмола қаласына Целиноград деген атау берілді.1997 жылы- Ақмола- Астана деп өзгертілді.
7– окушы: 2007ж. «Қазақ тілін қолдау » жылы болды. 2009ж. «Ана мен бала жылы».
2010ж. 12 желтоқсан Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті.
8– окушы: 2012ж.Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті. 2012 ж.Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды.
9– окушы: 2014 ж.қаңтарда «Қазақстан – 2050» Мәңгілік ел бағдарламасы қабылданды. 2016 ж. Қазақстан спортшылары әлемдік олимпиада ойында үлкенжетістіктерге жетті.
2017ж -
2018ж-
2019ж-
2020ж-
2021ж-
2024ж-
Қазақстаным!
Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,
Бойына жиған имани тазалық нәрін.
Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,
Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,
Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –
Қазақстаным!
Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,
Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.
Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,
Қариялардың ұрлаған даналық шамын,
Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –
Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!
Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,
Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.
Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...
Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,
Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –
Қазақстаным!,- міне, осындай патриоттық өлең жолдарымен отырысымызды одан әрі жалғастырамыз.
Егемендік
Мұз
жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
Жүргізуші: 3.Тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен тұлғалар.
Ерлік —бірнеше мағыналы сөз:
Адамбойындағы батылдықты батырлықты, ұстамдылықты, табандылықты, қайсарлықты, өжеттікті білдіретін ұғым. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де тайынбай, рухын жоғары ұстайды. Басына түскен ауыртпалықты мойымай көтеріп, мұны негізгі борышым деп есептейді. Ерлік, көбінесе, қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның азаматтық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ерлік қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінеді. Сол тәуелсіздік жолында ерлік жасаған қайсар батырларымызды айтып өтейік
Көрініс: «Қайраттың соңғы сөзі». 4 сурет
Жүргізуші:Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.
1-оқушы: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас
сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс
студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан
қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86»
операциясының құрбаны болды.
2-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс
тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың
ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың
ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен
тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар
едің-ау.
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды.
Ләззат Асанова
жайында
Ләззат Асанова 1970 жылы 27-шілдеде Талдықорған (қазіргі Алматы)
облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық (қазіргі Айдарлы) ауылында дүниеге
келді. Жастайынан зерек болған Ләззат мектепті үздік бітіріп,
Алматыға оқуға келген. 1985 жылы Алматыда П.Чайковский атындағы
музыкалық училищеге оқуға түскен қазақтың қайсар қызы 1986 жылғы
Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болды. “Мінезі тік екен,
бөлмесіндегі қыздармен қақтығысып қалып, жатақхананың бесінші
қабатынан құлап өлді” дегенге Ләззаттың анасы Алтынай Асанова әлі
күнге дейін сенбейді. Анасының айтуынша, сол кездегі 16 жасар
(екінші курс) қызының өлімі — әлі күнге дейін
жұмбақ.
3-оқушы: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова
бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн
қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер
айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай
алмай, Өскемен педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира
Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап
өлді.
Сәбира Мұхамеджанова
жайында
Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы, 1970 жылғы қаңтардың 1-і Шығыс
Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге
келген. 1977 жылы «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебінің 1-сыныбына
оқуға қабылданған. 1984 жылдары осы мектепті «өте жақсы» деген
бағамен үздік бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға
түседі... Барлық жоғары және орта оқу орындарының студенттері
желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында Ленин атындағы орталық
алаңға жиналып, өздерінің бейбіт мақсаттағы тілек мүдделерін
жеткізбек болған. Айыпты деп танылған он беске тарта студент
қамауға алынды. Тергеудің соңы
«ұлтшылдардың басын
қосып, советтік қоғамға қарсы
шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады. Әрине,
небәрі он алты жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, ол өз
ұлтына жасалған қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның
26-ы күні Өскемен қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп,
өзін-өзі мерт етті.
4-оқушы: Қайрат Рысқұлбековтың
ерлігі туралы.
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы наурыздың 13-де Жамбыл облысының
Мойынқұм ауданында дүниеге келді.Қазақта елін-жерін, халқын жан
жүрегімен сүйген, ұлтының азаттығы мен теңдігі жолында шыбын жанын
құрбан еткен атпал азаматтар аз емес. Сондай азаматтардың бірі -
ұлтының басына сын сағат туғанда жас болса да бас бола
білген, әділетсіздікке қасқая қарсы
тұрып, азаматтық мінез танытқан «Халық қаһарманы» - Қайрат
Рысқұлбеков.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
1986-жылдың желтоқсан
құрбандарына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске
алайық.
Жүргізуші: -Енді ойымызды өрбіте отырайық. Сұрақтар:
1.Қазақ жастарын алаңға қандай күш айдап барды деп ойлайсыздар?
/Тарихшылар дәйегі бойынша -1986-жылғы 16-желтоқсанда өткенКОКП ОК нұсқауымен өткен Қазақстан КПОК пленум барысында Қазақстанды 40-жылдай басқарған Д.А.Қонаевтың орнына Колбиннің тағайындалуы жайлы мәселе қаралды. Пленум небәрі 18 минут жүріп, осы пленумда Д.Қонаев өзінің демалысқа кететіндігі жайлы хабардар болады./
2.1986-жылдың 17-18-желтоқсанында Брежнев алаңында не болды? /Саясаткерлер дәйегі- 1986-жылдың 17-18-желтоқсанындағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруі қанды оқиғаға айналды. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық су атқылаумен тоқталмай, адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған/.
3.Оларды біреу ұйымдастырды ма, әлде өз еріктерімен алаңға барды ма?
4.Қазақ жастары сол күндері қандай қиянат, қиындықтар көрді?/Дәрігерлер дәйегі- 17-18-желтоқсанда Алматыда дәрігерлік көмекке жалпы-286 адам, 213-ер, 73-әйел, 281-қазақ, 2-орыс, 1-шешен, 1-түрікмен, 1-армян, 86-жұмысшы, 79-студент, 21-қызметкер, 15-оқушы, 82-анықталмағандар болса; -Емханаға жатқызғандар: 83-адам, 73-ер, 11-әйел, 82-қазақ, 1-башқұрт. 22-жоғарғы оқу орнының студенттері, 12-техникум студенттері, 2-оқушы, 13-қызметкер, 70-жұмысшы, 1-қолхозшы, 1-жұмыссыз.
-Жарақат түрлері көбіне: миы шайқалған, қолдары немесе бармақтары сынған, бас сүйегі зақымданған, ішінен жарақаттанған, қатты ұрылған, қабығалары сынған, бел омыртқасына зақым келген, бүкіл денесі жарақаттанған, жағы сынған, бет-ауызы жарақаттанған, сынған, бет-ауызы жарақаттанған, терілері сыпырылған жарақат түрлерімен көмекке келгендігі анықталды. Бұл мағлұматтар сол кездегі денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы- М.Алиевтің 1986-жылғы 24-желтоқсанда берілген, есебінде көрсетілген фактілер.
5. Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды?/
Куәгерлер дәйегі-
Жалпы шеруде 8500-адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол/.
Жүргізуші: 1991-жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Халқымыз ғасырлар бойғы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізген тұста Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ жерінде өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлысты татулық пен бірлік идеясында ұстауда. Ол өзінің «Қазақстанның болашағы- қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде «Көпұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол- қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету» деп жазды. Мұның мәніне үңілсек, қоғамдағы әрбір азамат өз мемлекетіне, жеріне жауапкершілік сезіммен қарау керектігін көрсеткендей.
Жүргізуші:- Енді басты бақытымыз Тәуелсіздік шежіресіне ой жүгіртейік. /Оқушылар кезекпен шежіреге тоқталу/.
Жүргізуші: Кезекті қазақтың кешесі мен бүгініне берейік.
Диалог « Кеше мен Бүгін».
Кеше
«-Уа, кімсің?
-Қазақпын.
-Қанша елсің?
-10 миллион. Аз-ақ тым.
-Ым, Ым. Қайдан келесің?
-Мәскеуден келемін. Съезге барып, делегат болдым, айтқанын істеймін деп қойдым.
-Өнімің қайда?
-Ресейге бергем.
-Өзің ше?
-Артылғанын алғам, «КСРО» деп бәрін ортаға салғам .
Бүгін:
-Уа, кімсің?
-Қазақ деген елмін, байтақпын, кеңмін.
-Қанша елсің?
-Ұзын саны-19 миллион. Ұлан-байтақ жерденмін, бұл күнге мың өліп, мың тіріліп келгенмін.
-Өнімің қайда?
-Өзімде. Қызығын көріп жүрмін, қалғанын шетелге долларға сатып жүрмін.
-Қандай елсің?
-Егеменді, бәрін де жеңгем енді.
-Тілің қандай?
-Қазақ тілі. Бесікте жатқанымда-ақ, берген білім.
-Жарайсың! Іргелі елден қалып қоймай, жан-жағыңа қарарсың».
Сонымен, тәуелсіздіктің таңы
атты. Бұл біз тәуелсізел деп Отанының иелі болуын, ана тіліміздің
киелі болуын, ата тарихымыздың жүйелі болуын
айтамыз.
4. Тәуелсіздік қанша жырласа да таусылмайтын
дастан.

Жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бұл күнге бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып, бірлігіміздің арқасында жеттік. Жеріміздің кеңдігіне қызыққан дұшпан аз болмады. Амалсыз Ресейдің қарамағына кірдік. Ресей империясының орнын басқан Кеңес одағы кезінде тарих дөңгелегі өз жүрісінен жаңылып, дағдарысқа түсті. Төл тарихымыздың есімдерін атауға қаймықты. Халқымыздың қанына біткен төзімділігінен, жастар мойымай, өзге ұлттардың өкілдерімен достығын, татулығын ту етіп, сағын сындырмай аман өтті. 1986 жылғы жастар көтерілісі дүниені дүр сілкіндірді. Алматы қаласында болған бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасы қызыл империя жүрегіне мірдің оғындай қадалды. Империяның билеп төстеуінің әбден шегіне жеткендігі аз ұлттардың мұрат-мүддесімен санаспауында болды.
Ширек ғасыр басқарған Д.А.Қонаевтың орнына бұрын Қазақстанды көріп білмеген Колбиннің сайлануы халық ызасын тудырды. Кеңес үкіметі өмір сүрген 70 жылда Қазақстанда басқарған 21 басшының 18-і жоғарыдан, яғни Мәскеуден жіберілген басқа ұлттардың өкілдері басшы болды. Пленум шешіміне қарсы шығып ұлт намысын ту етіп көтерген, қазақтың өрімдей қыздары мен ұлдарының наразылығын «бұзақылық», «нашақорлық пен маскүнемдік» деп әдейі бұрмалап түсіндірді.
Бұл жылдар бойы қалғып жатқан ұлттық намысты оятты.Қазақстан жастарының Кеңес Одағының үстемдігіне қарсы бас көтеруі «Жалаң қолмен от ұстағанмен бірдей» еді. Олар бұның қаншалықты қауіпті, қатерлі екендігін білді.Міне, Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ.
-
Оқушы; 1991жылы ақ түйенің қарны жарылып, қазақ халқы Тәуелсіздікке қол жеткізді. Бабалар арманы, балалар үміті үзілген жоқ. Бірлігі, берекесі мол ел болуды армандаған кешегі Ахмет, Мағжан, Шәкәрім, Міржақып, Сәкен, Ілияс, Бейімбеттер арманы орындалды.
Бұл – 1986жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқан өрімдей жас қыздар мен жігіттердің жеңісі. Бұл жиырмасыншы ғасырдың соңғы жылында саяси аренада белсенділік танытқан ірі тұлғалардың жеңісі. Тәуелсіз ел болу дегеніміз – кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт - дәстүріңді, әдет - ғұрпыңды айқындап көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігінді сезіну және ана - тіліңде емін - еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік – мағынасы зор, тамыры терең ұғым.
Өткеніне табан тіреп, ертеңіне қарай еркін адымдаған ел озатынына тарих куә. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, Отанға адал қызмет ету әрбір жас ұланының қасиетті парызы, міндеті.
Жүргізуші: 5.Тәуелсіздік, туған жер жайлы нақыл және қанатты сөздер.
Тәуелсіздік – қазағымның сан ғасырлық арманы! Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеттік
Бүгінгі өткізіліп отырған осы іс-шара соның айғағы.
-
оқушы : Мәңгі жаса, Тәуелсіз Қазақстан!
Білімді ұрпақ-тәуелсіз ел тірегі
Еңсесі биік, ынтымағы жарасқан еліміздің мерейі үстем бола берсін!
Тәуелсіздік тұғырлы, Қазақстан ғұмырлы болғай!
-
оқушы :Тәуелсіздік- ең алдымен халқымыздың ғасырлар бойғы бостандықты аңсаған рухының жеңісі.
-
оқушы:Тәуелсіздік-Тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
-
оқушы:Тәуелсіздік- теңдік, бостандық, еркіндік, бұл ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандаған арманы, мақсаты, ұраны.
-
оқушы:Тәуелсіздік- мың өліп, мың тірілген, сан ғасыр бойы армандаған қазақ халқының асыл арманы..
-
оқушы:Тәуелсіздік қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі..
-
оқушы:Тәуелсіздік тәуекел еткеннің ғана тағдырына бұйыратын бақыт!
-
оқушы:Егемендік алу - оңай емес, ол еңсесін тіктеген ел болу тіпті қиын.
Біздің басты байлығымыз - ел бірлігі екенін еш уақытта ұмытпауымыз керек.!
Ал, енді біз мерекеге орай
бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.
Ол үшін мына туды бір-бірімізге
беріп, ізгі тілектерімізді
білдірейік.
ҚР Тәуелсіздігінің орай,
«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕРЛІК, ДАСТАН,
ШЕЖІРЕ» тақырыбындағы дөңгелек
үстел өз мәресіне жетті.
Елінде бақыт тұнған Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың
еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп
тілейік
1.Келесі кезекте
оқытушыларға ----------------------------
сөз кезегі беріледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік - ерлік, дастан, шежіре

шағым қалдыра аласыз