Тақырып бойынша 30 материал табылды

Тәуелсіздік - жарқын болашақтың кепілі.

Материал туралы қысқаша түсінік
1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясына қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, оқуға деген құштарлығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу, білімдерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітапхана сағаттың тақырыбы: Тәуелсіздік - жарқын болашақтың кепілі.

Кітапхана сағаттың мақсаты:1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясына қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, оқуға деген құштарлығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу, білімдерін кеңейту.

Қолданылған әдістер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:слайд, плакаттар, суреттер, желтоқсанға шыққан жастардың суреттері,шарлар.

Кітапханашы:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 - ның желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік – жарқын болашақтың кепілі» атты 4 «а» сыныбымен өткізілетін кітапхана сағатын ашық деп жариялаймыз.

Оқушылардың өлеңі.

Кітапханашы: 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Отан үшін қыршыннан қиылған боздақтарымызды 1 минут еске алуларыңызды сұраймын.

Хор.

Кітапханашы: Өмір өзен толқындары бізді әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар. Ол – дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі Қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. Аға – апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәттерімізді көре алмауы.

Мақал-мәтелдер жарысы:

Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені мақал-мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап үйренесіндер. Осыған орай біз оқушылармен шағын мақал-мәтел жарысын ұйымдастырайық. 

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Отанды сүю — от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық.

Ел іші — алтын бесік.

Ырыс алды – ынтымақ
Бірлік болмай –
тірлік болмас.

Кітапханашы: Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 27 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 27 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Олармен аралас – құралас болуға сол арқылы сол елдің мәдениетін, әдебиетін толығырақ айтқанда, рухани дүниесін өне бойына сіңіруге, жақсы жақтарын қабылдауға жан – жақты мүмкіндік туды.  

Оқушылардың өлеңі.

Кітапханашы: «Біз Қазақстандықтармыз» деп кеуде кере шаттануға да бүгінгі уақыт үрдісі бізге мүмкіндік туғызып отыр. Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата – баба қанды жорығының, дабылды – дуылды күресінің заңды жалғасы. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді. Тереңнен ойлап, тебірене толғасақ халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас бостандығы үшін күрес еді. Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Екі ғасыр бойы езіп келген империяның қуатты құрсауын бұзып, отарлаушылардың тас шеңгел құлдығынан құтылуды көксеген жастардың көз жасы, қаны бекерге төгілмепті. 

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда. Осыған орай кітапханамызда «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»-атты кітап көрмесі, «25-ән, 25-кітап» жобасы, «Мен білетін» постер-жобасы, «Оқы және өзгеге ұсын!» буккроссинг жобасы және « Желтоқсан құрбандарын еске алу» мен «Тәуелсіздік күні» атты кітап көрмелері ұйымдастырылуда. Осы көрмелерімізді назарға ала отырып біз «Cұрақ-жауап» ойынын ойнайық.

Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

1.ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар, шаңырақ, жұлдызша)

2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

3.«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

4.Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

5.Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

6.ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

7.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

8.Конституция күні? – (30 тамыз)

9.Қазақтың қандай ақын-жазушыларын білесіңдер?

10.Қандай қазақша кітаптарды оқыдыңдар?

11.Өздерің білетін әндерді атаңдар?

12. 1986жылғы көтерілісте құрбан болған кімдер?

13.Олардың жастары қаншада еді?

14.Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл?

Бүгінгі сағатымыз кітапханада өтуіне байланысты біз оқушыларға кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру мақсатында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг жобасын ұйымдастырдық. Жобаның негізгі мақсаты ол- үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», «өзара кітап алмасу». «Буккросинг» қазақшаға аударғанда «кiтап сыйлау» немесе «кiтаптың айналыста жүруi» деген мағынаны бiлдiредi.  Бұл идеяны алғаш рет АҚШ-та интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынған. Ал, Қазақстанда «Буккроссинг» акциясы 2005 жылдан бастау алыпты… Осыған орай оқушылар мен мұғалімдерді өздері оқып бітірген кітаптарын кітапханаға сыйлауға немесе бір-бірлеріңізбен кітап алмасуға шақырамыз.

Кітапханашы: Бүгінгі өткізілген кітапхана сағатымызды қорытындылай келе айтарымыз, он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Алматы облысының тарихи тұлғалары Асанқызы Ләззат пен Сыпытайұлы Ерболдың және де Мұқанбетжанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Желтоқсан оқиғасы
- бұл ерліктің тарихы,
- республикадағы халқымыздың рухани жеңісі,
- демократияға жол ашу,
- тәуелсіздіктің алғашқы беті.
Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заңы қабылданды. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы 17, 18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан кейін еліміздің басшысы 17 – желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні деп жариялады.
Осымен 4 «а» сынып оқушыларымен өткізілген кітапхана сағаты аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен – көп рахмет.
Қош сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2020
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11